Мағынасын ашу

Тақырып: Жұрнақ пен жалғау (350–354-жаттығулар)

Мақсаты

Жұрнақ пен жалғау туралы білімді қалыптастыру, оларды бір-бірінен ажырата білуге дағдыландыру; оқушылардың ой-өрісі мен қиялын дамыту; сөйлеу мәдениетін жетілдіру және адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі

  • Кесте
  • Венн диаграммасы

Әдіс-тәсілдері

  • Түсіндіру
  • Сұрақ-жауап
  • Әңгімелеу
Сабақтың түрі: бекіту сабағы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық тренинг

Туған тілім — бабам тілі — өз тілім.

Туған тілім — анам тілі — өз тілім.

Туған тілім — далам тілі — өз тілім.

Туған тілім — адам тілі — өз тілім.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Сұрақ-жауап арқылы қайталау

Үйге берілген жаттығулар бойынша сөздердің құрамын талдаймыз. Мысалы: қойшы сөзінде -шы жұрнағы жалғанып, «қой бағатын адам» мағынасын білдіреді.

Талқылауға арналған жетекші сұрақтар

  • -шы жұрнағы жалғанғаннан кейін сөз не өзгертті?
  • Сөздің мағынасы өзгерді ме?
  • Демек, жұрнақ қандай қызмет атқарады?
  • Жұрнақ дегеніміз не? Жалғау дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.

Ереже (бекіту)

Жұрнақ сөздің мағынасын өзгертіп, жаңа сөз жасайды. Жалғау сөздерді байланыстырады және грамматикалық мағына үстейді.

Жұрнақ әрқашан жалғаудан бұрын жалғанады; жұрнақ ешқашан жалғаудан кейін жалғанбайды.

Мысал арқылы талдау

Сөз құрамы

жылқы + -шы + -лар
  • Түбір: жылқы
  • Жұрнақ: -шы (кәсіп иесін білдіреді)
  • Жалғау: -лар (көптік мағына береді)

Қорытынды мағына

Жылқышылар — жылқы бағатын адамдардың көп екенін білдіреді.

Негізгі қағида: алдымен жұрнақ жалғанып жаңа сөз жасалады, содан кейін жалғау жалғанып грамматикалық мағына үстейді.

350-жаттығу: ауызша жұмыс

Қарамен берілген сөздер

шекарашы

сақшысы

Талқылау сұрақтары

  • Шекарашы деп кімді айтамыз?
  • Қазақстан қай елдермен көрші? (Қытай, Ресей және т.б.)
  • «Шекара» ұғымы тек мемлекеттер арасында ғана ма? (облыс, ауыл, мектеп аумағы т.б.)
  • «Шекарашы» сөзінің түбірін тауып, -шы жұрнағының мағына тудыру қызметін түсіндір.
  • «Сақшысы» сөзін қалай түсінеміз? (күзетте тұратын адам)

Қосымша тапсырма

Ребус шешу: «Әдептілік».

351-жаттығу

Жұмыс кезеңдері

  1. 1 Оқушы мәтінді оқиды.
  2. 2 Мағынасын ашып талдайды.
  3. 3 Жатқа жазады.
  4. 4 Сөз құрамына талдау жасайды (тақтада орындау).

Дәптермен жұмыс

Дұрыс жазылған-жазылмағанын тексеріп, қателерді түзетеміз.

Тәрбиелік мәні бар мақал-мәтелдер

Әдепсіз бала — ауыздықсыз атпен тең.

Ақылды қария — жазып қойған хатпен тең.

«Кім жылдам?» ойыны

Сұрақ

Бүгін ауа райы қандай?

Бақылау

Мектепке келе жатқанда нені байқадыңдар?

Тақырыппен байланыстыру

Қыс туралы күнделікті өмірден мысал келтіріп, сөздермен сөйлем құраңдар.

«Қыс» тақырыбы бойынша тірек сөздер

аяз қар мұз боран

Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құраңдар. Қосымшасы бар сөздерді тауып, олардың жұрнақ па, әлде жалғау ма екенін ажыратыңдар.

Жұрнақ пен жалғау — екеуі де қосымша.

Қорытынды

Қосымшалардың түрлерін салыстырып, олардың айырмашылығы мен ортақ белгілерін анықтаймыз. Бұл жұмысты Венн диаграммасы арқылы қорытындылаймыз: жұрнақ жаңа сөз тудырады, ал жалғау сөздерді байланыстырып, грамматикалық мағына қосады.

Жұрнақ

  • Сөз мағынасын өзгертеді
  • Жаңа сөз жасайды

Ортақ белгісі

  • Екеуі де қосымша
  • Түбірге жалғанады

Жалғау

  • Сөздерді байланыстырады
  • Грамматикалық мағына үстейді

Үй тапсырмасы

350–354-жаттығулар бойынша сөз құрамына талдау жасап келу. Жұрнақ пен жалғауды ажыратып, ережені мысалмен дәлелдеу.

Автор туралы

Шатенова Сафура Ералықызы

Жезқазған қаласы, №1 орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі