Желтоқсан оқиғасына қатысқандардың саны
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларға 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының туындау себептерін түсіндіру және тәуелсіздіктің қадір-қасиетін ұғындыру.
Тәрбиелік
Отан-Ананы құрметтеуге, тәуелсіздікті бағалай білуге, ұлтжанды әрі елжанды болуға тәрбиелеу; ел тәуелсіздігі жолында күрескен ерлердің қаһармандығы мен күрескерлік ерліктерін әрдайым есте сақтап, үлгі етуге үйрету.
Дамытушылық
Оқушының ойын жүйелі жеткізу дағдысын жетілдіру және тіл байлығын дамыту.
Сабақтың түрі мен әдісі
- Түрі
- Баяндама
- Әдісі
- Сұрақ-жауап, әңгімелесу
Көрнекілігі және пәнаралық байланыс
- Желтоқсан қаһармандарының суреттері: Қайрат, Лаззат, Сәбира, Ербол.
- Тақырып желісі бойынша слайдтар.
- Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы.
Жоспар
- I. Ұйымдастыру. Кіріспе сөз.
-
II. Негізгі бөлім.
- А) Желтоқсан көтерілісінің себебі.
- Б) Желтоқсан оқиғасына қатысқандардың саны.
- В) Желтоқсанның ашылмаған шындығы.
- Г) Желтоқсан оқиғасына қатысқандарға қандай үкім шығарылды?
- Д) Желтоқсан көтерілісіне қатысқан жерлестеріміз (қысқаша өмірбаяндары).
- Е) Тәуелсіздік шежіресі.
- III. Қорытынды. «Желтоқсан желі» (ызғарлы ән) бейнеклипі.
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Көк туым көтерілді, бағым жанып,
Елтаңбам күллі әлемге танылды анық.
Шырқадым әнұранды бар дауыспен,
Арманым — Ата заңым қабылданып.
Тәуелсіздік туын көтеріп, қазақтың көк байрағын биіктетіп, ел екенімізді дәлелдеп, дүние жүзіне танылуымызға себеп болған және әлемді дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасына биыл 26 жыл толып отыр.
II. Негізгі бөлім
Желтоқсан көтерілісінің себебі
Желтоқсан көтерілісі ұлттық рухтың қуатын, елдік пен ерліктің мұратын танытқан тарихи оқиға болды.
1986 жылғы 16 желтоқсанда небәрі 18 минутқа созылған Қазақстан Орталық Комитетінің V пленумында Д. Қонаев қызметінен босатылып, Қазақстан КП Орталық Комитетінің бірінші хатшылығына республика халқына мүлде таныс емес, қазақ халқының жағдайынан хабарсыз В. Колбин сайланды.
Жастардың талабы
- Ұлт саясатын әділ жүргізу.
- Ұлттық тіл мен мәдениеттің дамуына қамқорлық жасау.
- Ұлттық кадрлардың басшылық қызметтерде лайықты орын алуына назар аудару.
17 желтоқсан: бейбіт шеру және ұрандар
17 желтоқсан күні жастар орталық алаңға бейбіт шерумен шығып, Орталықтың кадр саясатына наразылық білдірді. Олар «Қазақстанға қазақ басшы!», «Әр халыққа — өз көсемі!», «Ешбір халыққа артықшылық берілмесін!» деген ұрандар көтеріп, «Менің Қазақстаным» әнін орындады.
Негізгі ой
Жастар өздерін толғандырған мәселелерді ашық айтуға және ел болашағына жауапкершілікпен қарауға ұмтылды.
Желтоқсан оқиғасына қатысқандардың саны және таралу аймағы
Желтоқсан оқиғасы Алматыдағы Брежнев (қазіргі Республика) алаңында басталып, кейін Тараз, Қызылорда, Шымкент, Талдықорған, Қарағанды, Өскемен, Жезқазған, Көкшетау, Семей, Павлодар, Арқалық қалаларында, сондай-ақ Шамалған мен Сарыөзек елді мекендерінде толқуларға ұласты.
Қатысушылар
2,5 мың+
адам қатысқаны айтылады
Ұсталғандар
281
адам ұсталған
Комиссия дерегі
8500
қозғалысқа қатысқаны үшін ұсталғандар
Жарақат алғандар
1720
адам жарақат алған
Уақытша қамау
2401 адам уақытша қамау орындарына жіберілген, орын жетпегендері қала сыртына шығарылған.
Медициналық көмек
Медициналық көмек алғандар — 1383 адам; ауруханаға түскендер — 369 адам.
Сотталғандар
20-дан астам адам әртүрлі мерзімге сотталғаны көрсетіледі.