АҚШ - тың туристік объектілері

Атырау облысы • Құрманғазы ауданы

Б. Бегалиев атындағы жалпы орта мектеп

География пәні мұғалімі: Исмагулова Айгүл Рахметқалиқызы11-сынып

Сабақтың тақырыбы

АҚШ-тың туристік объектілері

Сабақтың форматы

Сабақтың типі
Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың түрі
Аралас сабақ

Білімділік

Оқушыларға АҚШ-тың туристік объектілері мен сыртқы экономикалық байланыстары туралы түсіндіру.

Дамытушылық

Өз бетінше ізденуге, шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру; ойды еркін, сауатты әрі нақты жеткізу қабілетін дамыту.

Тәрбиелік

Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу; тыңдай және сөйлей білу мәдениетін қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже

АҚШ-тың негізгі туристік объектілері мен сыртқы экономикалық байланыстары туралы түсінігі қалыптасқан оқушы.

Әдістер

  • 1 Сұрақ-жауап
  • 2 Әңгіме-дәріс
  • 3 Топтастыру
  • 4 Тірек-сызбамен жұмыс
  • 5 Кестемен жұмыс

Көрнекіліктер

Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта және т.б.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды түгендеу.
  • Оқу құралдарын дайындау.
  • Зейінді сабаққа шоғырландыру.
  • Психологиялық дайындық: «Күннің нұрлы шуағы».

II. Үй тапсырмасын тексеру

1) Сұрақ-жауап (ой қозғау)

  1. АҚШ аумағында неше экономикалық аудан қалыптасқан?
  2. «Ұлт шеберханасы» деп аталатын экономикалық аудан қайсы?
  3. Өнеркәсіпті экономикалық ауданға сипаттама беріңдер.
  4. ҒТР және ауыл шаруашылығы басым экономикалық аудан қайсы?
  5. Елдегі ең жас әрі жедел дамып келе жатқан экономикалық аудан қайсы?

2) Тірек-сызбамен жұмыс

Тірек-сызба арқылы АҚШ экономикалық аудандарының таралу аймақтарын көрсету.

Солтүстік-Шығыс

АҚШ-тың қалыптасуына негіз болған 13 штаттың солтүстікте орналасқан 9 штатын қамтиды.

Орта Батыс

Ұлы көлдер маңы мен Ұлы жазықтың негізгі бөлігіндегі штаттарды қамтиды.

Оңтүстік

Атлант мұхиты мен Мексика шығанағы жағалауынан бастап Кордильера тауларына дейін созылады.

Батыс

АҚШ аумағының шамамен жартысын алып жатыр.

Қорытындылау

Өткен тақырып бойынша негізгі ұғымдар жинақталады.

III. Жаңа сабақ

1) Әңгіме-дәріс

Жаңа тақырып әңгіме-дәріс форматында түсіндіріледі. АҚШ-қа жыл сайын шамамен 60 млн турист келеді. Ел аумағында 58 ұлттық саябақ бар. Слайд арқылы негізгі туристік нысандар таныстырылады.

Нысан

Ақ үй

Нысан

Тау шаңғысы курорттары

Нысан

Колорадо каньоны (≈1800 м)

Ұлттық парк

Йеллоустон

Курорт

Кёр-д’Ален

Ұлттық парк

Сотуф

Табиғи нысан

Өлім аңғары

Сарқырама

Ниагара

Курорт

Гавай аралдары

Курорт

Майами

Көпір

Джордж Вашингтон көпірі

2) Топтастыру

Топтастыру әдісі арқылы негізгі туристік объектілер жүйеленеді.

Туристік объектілер

  • Йеллоустон паркі
  • Колорадо каньоны
  • Ниагара сарқырамасы
  • Гавай аралдары
  • Сеңгір таулар
  • Диснейленд
  • Майами
  • «Тас джунглилер» (ірі мегаполистер)

Қорытындылау

Туристік нысандардың түрлері мен ерекшеліктері жинақталады.

3) Кестемен жұмыс: АҚШ-тың сыртқы экономикалық байланыстары

Кесте арқылы АҚШ-тың халықаралық экономикалық ықпалдастығы мен әріптестік бағыттары түсіндіріледі.

Біртұтас шаруашылық кешені

ХХ ғасырдың 40–80 жылдары АҚШ пен Канаданы байланыстыратын өндірістік-аграрлық кешен қалыптасты. Солтүстік Американың өндірісінде ауыл шаруашылығы техникасы, автомобиль жасау, әскери техника салалары дамыды (мысалы: АҚШ — трактор, Канада — комбайн өндіру).

НАФТА

1994 жылдың 1 қаңтарынан бастап АҚШ, Канада және Мексика арасында еркін сауда аймағы ретінде құрылды.

2005 жыл

Батыс жарты шарда еркін сауда аймағын құру бастамалары күшейді.

Ақпараттық байланыстар және ғылым-білім

АҚШ ақпараттық технологиялар, ғылым және білім салаларында әлем елдерімен байланыс орнатады (мысалы: BBC, CNN сияқты ірі медиа және ақпараттық кеңістіктегі ықпал).

Ғарыш зерттеулері: Ресей, Қазақстан және АҚШ арасындағы ынтымақтастық; инвестициялар мен бірлескен жобалар бойынша деректер талданады.

IV. Жаңа сабақты бекіту

1) Сұрақ-жауап

  1. АҚШ-тың туристік объектілері қандай?
  2. АҚШ-тың сыртқы экономикалық байланыстарының негізгі бағыттары қандай?
  3. НАФТА дегеніміз не?
  4. АҚШ-тың басты сауда әріптестері кімдер?
  5. АҚШ пен Қазақстан арасындағы байланыстардың мысалдарын келтіріңдер.

2) Ой толғаныс

  1. ҚР Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстан әлемнің озық мемлекеттерінің жетістіктерін іске асыруы керек» деген ойына сүйене отырып, АҚШ-тың жоғары дамыған елдер қатарында болуы неліктен деп ойлайсыңдар?
  2. «АҚШ сыртқа шығаратын ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы құны және жан басына шаққандағы мөлшері жөнінен алда» деген пікірдің себебі неде?

3) «Сыртқы экономикалық байланыстар»: экспорт динамикасы

  • Соңғы 25 жыл ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің үлесі 34%-тен 13%-ке дейін төмендеді.
  • Пайдалы қазбалар, отын және металдар үлесі 10%-тен 35%-ке дейін өсті.

Тапсырма: осы деректер негізінде экспорт үлесінің графигін сызыңдар.

4) «Кім тапқыр?»

Сәйкестендіріп жауап беріңдер:

  1. АҚШ-тың «Алтын» штаты —
  2. АҚШ-тың «Қарағай» штаты —
  3. АҚШ-тың «Күнбағыс» штаты —
  4. АҚШ-тың «Күн сәулесі» штаты —
  1. АҚШ-тың теңіздік шекарасы үш мұхит арқылы өтеді, ал құрлықтағы шекарасы екі мемлекетпен шектеседі. Бұл мемлекеттер —
  2. АҚШ теміржолдары, негізінен, ендік бағытта орналасқан. Бұның себебі неде?
  3. АҚШ-та меридиан бағытында орналасқан теміржолдардың қызметі қандай бағытқа көбірек бағытталған?

5) «Кім жылдам?»

Тізімдегі қала атауларын пайдаланып, сөйлемдерді толықтырыңдар:

  1. АҚШ-тың автомобиль жасау өнеркәсібінің астанасы —
  2. АҚШ-тың мұнай-химия өнеркәсібінің астанасы —
  3. АҚШ-тың тоқыма өнеркәсібінің астанасы —
  4. АҚШ-тың экономикалық астанасы —
  5. АҚШ-тың саяси астанасы —
  6. АҚШ-тың авиағарыштық астанасы —

6) Картамен жұмыс

Картаны пайдаланып, АҚШ-тың сыртқы экономикалық байланыс жасайтын елдерін анықтаңдар.

V. Қорытындылау, бағалау

  • Сабақ мазмұны бойынша негізгі ұғымдар қорытындыланады.
  • Оқушылардың белсенділігі мен жауаптарының сапасына қарай бағалау жүргізіледі.

VI. Үй тапсырмасы

Тақырып

«АҚШ-тың туристік объектілері» тақырыбын оқып, қысқаша конспект жасаңыз.

Ескерту

Қажет болса, материалдың толық нұсқасын жүктеп алыңыз.