Елтаңба тобы
Сабақтың тақырыбы
Тәуелсіздік — ел бақыты
Сабақтың мақсаты
Оқушылардың бойында еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімді қалыптастыру.
Міндеттері
- Топтық жұмыстарға белсене қатысу.
- Тапсырмаларды мұқият және толық орындау.
- Бір-бірімен пікір алмасып, ортақ қорытынды шығару.
Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта
- Цитата жазылған плакаттар
- Шарлар
- Гүлдер
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу.
- Оқушыларды түгендеу.
- Сынып тазалығын тексеру.
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Топтарға бөлу
1-топ Елтаңба
2-топ Ата Заң
3-топ Ту
Формат
Тәрбие сағаты жарыс түрінде өтеді. Жеңімпаздарды анықтау үшін әділқазы құрамы бекітіледі.
Құттықтау сөзі
Құрметті ұстаздар, қымбатты оқушылар! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Тәуелсіздік — ел бақыты» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
Атыңнан айналайын, егеменді ел,
Тәуелсіз күнің туды, кенеле бер.
Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік,
Ғасырдың туы болшы, келе берер!
Баршаңызды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтай отырып, ашық аспан, жүздеріңізге күлкі, құшақтарыңызға зор қуаныш, еңбектеріңізге мол табыс тілейміз.
Музыкалық бөлім
Хор: Әнұран
Бақыт, тірлік — күн талабы,
Тоқтамайды шаттық әні.
Мәңгі бақи шырқалады,
Республикам — Әнұраным.
Ән: «Туған жер»
Орындайтындар: Қожелі Қ., Батырбаев Қ., Тарған Д., Имашева А., Амангелдиева Е., Оспанов А.
Хор: «Қазақстан»
Қорытынды бөлімде орындалады.
Әділқазылар алқасы
1
Смағұлова Рая апай
2
Омарова Жібек апай
3
Құрманова Гүлмира апай
Жарыс кезеңдері
I кезең
Таныстыру
Әр топ өз эмблемасын таныстырады.
II кезең
Сұрақ-жауап
Әр топқа 5 сұрақтан қойылады.
III кезең
Өз өнерін көрсету
Би, ән және шығармашылық нөмірлер.
IV кезең
«Жалғасын тап...» ойыны
Ой ұшқырлығын, білімді бекітуге арналған кезең.
Сайысқа жігер берер сөз
Көк байрақ иілмесін, жығылмасын,
Көзге жас, кеудеге өксік тығылмасын.
Тұрғанда көкшіл туың көкті тіреп,
Қазағым, сен қашан да тұғырдасың.
Топ жетекшілері және таныстыру
Елтаңба тобы
Топ басшысы: Амангелдиева Еркежан
Эмблеманы таныстыру.
Ата Заң тобы
Топ басшысы: Ғабдолла Әсем
Эмблеманы таныстыру.
Ту тобы
Топ басшысы: Әбдірахманова Бейбінұр
Эмблеманы таныстыру.
II кезең: Сұрақ-жауап
Әр топқа 5 сұрақтан қойылады. Төменде сұрақтар мен дұрыс жауаптар берілген.
Елтаңба тобы
- Отаның қалай аталады? (Қазақстан)
- Ата заңың бар ма? Ол қашан қабылданды? (1995 жылы 30 тамызда)
- Мемлекетіңнің астанасы қалай аталады? (Астана)
- Тудың авторы кім? (Ш. Ниязбеков)
- Ұлттық валютамыз қалай аталады? (Теңге)
Ата Заң тобы
- ҚР тұңғыш ғарышкері кім? (Т. Әубәкіров)
- Ол қай жылы ғарышқа ұшты? (1991 жылы 2 қазанда)
- ҚР мемлекеттік рәміздерін ата. (Ту, Елтаңба, Әнұран)
- Мемлекетіңнің президенті кім? (Н. Назарбаев)
- Отан қорғаушылар күні қай күн? (7 мамыр)
Ту тобы
- Бәйтерек монументі қай қалада орналасқан? (Астана)
- Әнұранның музыкасы мен сөзін жазғандар кімдер? (Ш. Қалдаяқов, Ж. Нәжімеденов, Н. Назарбаев)
- Қазақстандағы ең үлкен мұз айдыны қалай аталады? (Медеу мұз айдыны)
- Сен тұратын облыс қалай аталады? (Ақтөбе)
- ҚР мемлекеттік рәміздер күні қашан? (4 маусым)
Шығармашылық бөлім
Оқушылардың тақпақтары
- 1-оқушы Әлім Абатай
- 2-оқушы Арман Ақсамал
III кезең: Өз өнерін көрсету
Елтаңба тобы: би
Ата Заң тобы: би
Ту тобы: ән
Топырағыммен тамырласып кіндігім,
Қуаныштан жүрек толқып тұр бүгін.
Нығайтамын елдігімнің тұғырын,
Берік ұстап Тәуелсіздік тізгінін.
IV кезең және қорытынды
«Жалғасын тап...» ойыны
Бұл кезеңде оқушылар берілген ойды жалғастырып, білімін және тапқырлығын көрсетеді.
Келесі сөз әділқазыларға беріледі
Әділқазылар қорытынды жасап, жеңімпаз топты анықтайды.
Тәрбиелік түйін
Төле би өз сөзінде: «Сөз қадірін білесің» деген.
«Жаңбыр жаумаса — жер жетім, басшысы болмаса — ел жетім».
Көсіле шабар жерің бар. Ту көтерген елің бар. Қол бастайтын ерің бар. Атадан қалған сара жолың бар.
Біз — Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңімізге жалғайтын, қазақ елінің ертеңі мен болашағы үшін жауап беретін ұрпақпыз.
Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!