Сайыс сабақ. Сабақтың тақырыбы
Сабақтың тақырыбы
«Сақталу заңдары» тарауын қайталау.
Сабақтың мақсаты
- Оқушылардың дене импульсі, импульстің сақталу заңы, реактивтік қозғалыс, энергия, энергияның сақталу заңы, сондай-ақ энергияның бір түрден екінші түрге айналуы бойынша білімдерін толықтыру және бекіту.
- Оқушының «нені білді, нені есте сақтады» деген тұрғыдағы білімін ойын элементтері арқылы дамытып, пәнге қызығушылығын арттыру.
- Топта жұмыс жасау арқылы ұйымшылдыққа, бәсекелестік жағдайында жұмыс істеуге және жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақ туралы мәлімет
- Сабақтың типі
- Қайталау
- Сабақтың әдісі
- Сайыс-сабақ
- Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта, кинопроектор, слайдтар
Сабақ құрылымы
- I. Ұйымдастыру
- II. Үй тапсырмасы бойынша сайыс
- III. Бекіту тапсырмалары (формула, сұрақ, сәйкестік, сөйлем құрастыру, есептер)
- IV. Бағалау және үй тапсырмасы
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
- Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
- Сабаққа дайындығын қадағалау.
- Назарын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасы бойынша сайыс
Сынып 2 топқа бөлінеді. Әр топтан топ жетекшісі сайланады. Топ жетекшісі топ мүшелерінің жинаған ұпайын бағалау парағына белгілеп отырады, сабақ соңында қорытынды баға шығарылады.
Сайыс жоспары
- I. Қас-қағым сәт
- II. Ұшқыр ойдан — ұтымды жауап
- III. Сәйкестігін тап
- IV. Ой — сөйлем
- V. Тапқыр болсаң — тауып көр
I. «Қас-қағым сәт»
Топ жетекшілері тақтаға шығып, 1 минут ішінде «Сақталу заңдары» тарауына қатысты мүмкіндігінше көп формула жазады. Бір-бірінің жазғанына қарауға болмайды. Көп формула жазған топ ұпай жинайды.
Бағалау критерийі: формулалардың саны және дұрыстығы.
II. «Ұшқыр ойдан — ұтымды жауап»
Интерактивті тақтада әр топқа 10 сұрақ беріледі. Жауап беру уақыты — 2 минут.
I топ сұрақтары
- «Импульс» сөзі қай елдің сөзі?
- Дене импульсі дегеніміз не?
- Энергияның сақталу заңын тұжырымда.
- Реактивтік қозғалыс дегеніміз не?
- Кинетикалық энергияның формуласы.
- Потенциалдық энергия неге тәуелді?
- Дене импульсінің өлшем бірлігі.
- Ғарышқа ең алғаш қадам басқан кім?
- Энергия өзгерісі неге тең?
- Тұйық жүйе деп қандай жүйені айтады?
II топ сұрақтары
- «Импульс» сөзі нені білдіреді?
- Күш импульсі дегеніміз не?
- Дене импульсінің өзгерісі неге тең?
- Импульстің сақталу заңын тұжырымда.
- Потенциалдық энергияның формуласы.
- Күш импульсінің өлшем бірлігі.
- Импульс қандай әріппен белгіленеді?
- Екінші ғарыштық жылдамдық неге тең?
- Серпімсіз соққы дегеніміз не?
- Кинетикалық энергия неге тәуелді?
III. «Сәйкестігін тап»
Тақтада берілген ұғымдар мен жауаптарды сызықпен дұрыс сәйкестендіру қажет.
Ереже: әр дұрыс сәйкестік ұпай әкеледі, қате сызық ұпайды азайтады (мұғалім белгілейді).
IV. «Ой — сөйлем»
Топ мүшелері кезекпен жауап береді. Егер қатысушы жауап бере алмаса, сол топтан кез келген оқушы жауап бере алады, бірақ ұпайы төмендетіледі.
Дұрыс жауап пен шарттың қиылысқан бөлігінде жинақталған әріптерден сөйлем құрастыру қажет.
V. «Тапқыр болсаң — тауып көр» (есептер)
Әр топқа 3 есептен беріледі (барлығы 6 есеп). Оқушылар есептерді уақытпен шығарады.
1-топқа арналған есептер
- №1. Массасы 50 000 кг ғарыш кемесінің двигателі тарту күшін 105 Н береді. Двигатель 6 с жұмыс істегендегі ғарыш кемесі жылдамдығының өзгерісін тап.
- №2. Қатаңдығы 1000 Н/м сығылған серіппе өзіне бекітілген денеге 400 Н күшпен әсер етеді. Серіппенің потенциалдық энергиясы неге тең?
- №3. Массасы 10 т бірінші вагон 2 м/с жылдамдықпен қозғалады. Оны 3 м/с жылдамдықпен келе жатқан массасы 10 т екінші вагон қуып жетеді. Егер соқтығысу серпімсіз болса, соқтығысқаннан кейін вагондардың ортақ жылдамдығын тап.
2-топқа арналған есептер
- №1. Массасы 3 т жер серігі 8 м/с жылдамдықпен қозғалады. Оның импульсі неге тең?
- №2. Массасы 2 кг дене 3 м/с жылдамдықпен қозғалады. Оның кинетикалық энергиясы неге тең?
- №3. Адамы бар арба 2 м/с жылдамдықпен қозғалып келеді. Егер адам қозғалысқа қарсы горизонталь бағытта 2 м/с жылдамдықпен секіріп түссе, арба қандай жылдамдықпен қозғалады? Арбаның массасы 120 кг, адамның массасы 80 кг.
VI. Оқушыларды бағалау
Әр бөлім бойынша жиналған ұпайлар қорытындыланып, бағалау парағы негізінде баға қойылады.
VII. Үй тапсырмасы
Берілген сөзжұмбақты шешу және құрастыру.