Педагог Бақытты бала деп жазылған бойтұмарды қасындағы баланың мойнына тағып

«Мамандықтың бәрі жақсы»

Бұл оқу іс-әрекеті балаларды әртүрлі мамандықтармен таныстыруға, ойлау мен сөйлеу қабілеттерін дамытуға, еңбек адамдарын құрметтеуге тәрбиелеуге бағытталған.

Мақсаты

  • Әртүрлі мамандықтармен таныстыру
  • Ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту
  • Мамандық иелерін құрметтеуге тәрбиелеу

Көрнекі құралдар

  • Жұмыс дәптері
  • Демонстрациялық құралдар

Тілдік компонент

Билингвальды сөздер

аспаз
повар
дәмді
вкусный

Сөздік жұмыс

  • қынап
  • жарықты жағатын бала

Сабақ барысы

Мотивациялық-қозғаушылық кезең

Балалар бір-бірінің қолынан ұстап тұрады. Педагог «Бақытты бала» деп жазылған бойтұмарды қасындағы баланың мойнына тағып:

«Сен бақытты баласың, өйткені сенің достарың көп», — дейді.

Ұйымдастырушылық-ізденістік кезең

Осы кезде есік қағылып, топқа аспаз апай кіреді.

Диалог

Аспаз: «Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендердің денсаулықтарың жақсы болсын деп дәрумендер әкелдім».

Аспаз дәрумендерді балаларға таратады.

Педагог балаларға аспаз апайдан тағамды дәмдеу үшін қандай көкөністер қосатынын сұрауды ұсынады. Аспаз тағамға сәбіз, картоп, пияз, асқабақ қосатынын айтады.

Талқылау сұрақтары

  • Балалар, сендер тағы қандай мамандықтарды білесіңдер?
  • Бұл мамандықтардың бәрі адамға не үшін қажет?
  • Сендердің ата-аналарың қандай жұмыс істейді? Қандай мамандық иесі?

Көркем сөз

Педагог балаларға М. Хакімжанованың «Кім немен ойнайды?» өлеңін мәнерлеп оқып береді.

Сергіту сәті

Менің мамам — дәрігер.

Тіс ауырса, іш ауырса,

Мамам дәрі береді.

Барлық ана, барлық бала

Оны жақсы көреді.

Дидактикалық ойын: «Кімге не керек?»

Ойын шарты: әртүрлі мамандық иелеріне қажетті құралдарды анықтап, жапсырмаларды өз орнына тауып жапсырады.

Дәптермен жұмыс

Дәптердегі №16 тапсырма орындалады. Педагог қажет болған жағдайда жеке жұмыс жүргізеді.

Автор туралы

Өңірі: Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы

Қала/ауыл: Форт-Шевченко қаласы, Баутин ауылы

Мекеме: «Ақбота» балабақшасы

Тәрбиеші: Жангожина Айман Туралиевна