Өлеңнің мазмұнын ашу
Сабақтың тақырыбы
Шәкәрім Құдайбердіұлы — «Еріншек» (Ана тілі, 4-сынып)
Сабақтың мақсаттары
- Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі туралы қысқаша мәлімет бере отырып, «Еріншек» өлеңінің мазмұнымен таныстыру; өлеңді түсіндіру, өмірмен байланыстыра отырып тақырыптың мәнін ашу, оқушы ойын жүйелеу.
- Өлеңдегі негізгі ойды, мақсаты мен мазмұнын жан-жақты талдату; ойды тиянақтап, қорытынды жасату.
- Оқушыларды жағымды және жағымсыз қасиеттерді ажырата білуге, жақсы әдет қалыптастыруға тәрбиелеу.
Сабақтың өтілу барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Ана тілің — арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
Осы өлең жолдарымен ана тілі сабағымызды бастайық.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Оқушылардан Сәбит Мұқановтың «Жылқы» әңгімесінің мазмұнын сұрау.
III. Білімдерін тексеру және тиянақтау
- Әңгімеде жылқының аналық мейірімі туралы не айтылған?
- Жылқының адамға қандай пайдасы бар деп ойлайсың?
Тірек сызба арқылы «жылқы туралы не білдік?» деген сұраққа жауаптарды жинақтап жазу.
IV. Жаңа білімдерді қалыптастыру
а) Кіріспе
Жаңа сабақты бастамас бұрын ребусты шешейік: ерін суреті + шелек суреті.
Қандай сөз шықты? Еріншек.
Бүгін біз Шәкәрім Құдайбердіұлының «Еріншек» өлеңімен танысамыз.
Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы қысқаша мәлімет
- 1858 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келген.
- Әкесі — Құдайберді. Ол Құнанбайдың үлкен бәйбішесі Күнкеден туған.
- Абаймен әкесі бір, шешесі бөлек; Шәкәрім Абайға немере іні болып келеді.
- Қазақтың көрнекті ақындарының бірі: ағартушы, қоғам ойшылы, аудармашы, тарихшы, философ.
- 5 жасынан ауыл молдасынан оқиды. 7 жасында әкеден жетім қалып, Абай тәрбиесінде болады.
- Өз бетімен білім алып, араб, парсы, түрік, орыс тілдерін жетік меңгерген.
ә) Оқулықпен жұмыс
Оқу әрекеті
- Мұғалім өлеңді мәнерлеп оқиды.
- Оқушылар өлеңді кезекпен оқиды.
- Өлеңнің мазмұны талданады.
Талқылау сұрақтары
- Өлеңде адам бойындағы қандай жағымсыз қылықтар сыналады?
- Автордың қорытынды ойы қандай?
- Бұл ой өлеңнің қай шумақтарында берілген?
б) Сөздік жұмысы
- Ғибадат
- құлшылық
- Харекет
- әрекет
в) Дәптермен жұмыс
Өлеңге және кестеге сүйене отырып, еріншек адамның бойындағы жағымсыз қылықтарды дәптерге толтырып жазыңдар:
Еріншек адам қандай болады?
- ...
- ...
- ...
г) Сергіту сәті
Роза Рымбаеваның орындауындағы «Жалқаубек» әнін қимыл-қозғалыспен көрсету.
V. Бекіту кезеңі
«Жалғасын тап» ойыны: мақал-мәтелдерді жалғастырып, мағынасын ашу.
- ........ ісі — екі
- Еңбекқор ұйқыдан ширап тұрады, ...........................................................
- Еңбек етпесең елге өкпелеме, ..................................................
- Еріншек түске дейін ұйықтайды, ........................................................
- Аз жұмысты қиынсынсаң, ..............................................
VI. Қорытынды
Салыстыру тапсырмасы
Абай өлеңіндегі «бес дұшпан» мен Шәкәрімнің «Еріншек» өлеңіндегі жағымсыз қылықтарды Венн диаграммасына түсіру.
Абай
...
Шәкәрім
...
Сіз жалқау емессіз бе?
Шай ішетін үстел жиналмаған, киімдер әр жерде, теледидардан бастап сүйікті кітапқа дейін шаң басқан... Бұл — иесіз қалған үй ме? Жоқ, бұл үйге жалқаулық қоныстанған.
Жалқаулық — адам бойындағы жағымсыз қасиет. Одан қалай арылуға, оны қалай жеңуге болады деген сұрақтар туындайды. Жалқаулықтан арылу үшін адам күнделікті өмірде өзіне мақсат-міндет қойып, оны әрекет арқылы жүзеге асыруға дағдылануы қажет.
Жалқаулықтан арылудың тәсілдері
- Өзіңізді аямаңыз: аяушылық жалқаулықты күшейтеді.
- Атқаратын жұмыстардың тізімін жазыңыз. Жалқаулық күшейсе, тізімдегі бірінші жұмыстан бастаңыз.
- «Ертең» дегенді ұмытыңыз. Бүгін бітетін істі ертеңге қалдырмаңыз: еріншектің ертеңі бітпейді.
- Көңілді сергітіңіз: таза ауада жүріңіз, үйдің ауасын желдетіңіз.
- Ашық-жарқын жүріңіз: дұрыс тамақтанып, уақытында демалыңыз.
- Әр күніңізді жоспарлаңыз. Сабаққа күн сайын дайындалып келіңіз, бос уақытыңызды пайдалы іске бағыттаңыз, үйірмелерге қатысыңыз.
- Ата-анаңызға үй шаруасына көмектесіңіз.
- Әдеби кітаптарды, ертегілерді, жұмбақтарды, мақал-мәтелдерді көп оқыңыз — бұл біліміңізді молайтады.
- Өмірді сүйіңіз: әр сағатты, әр минутты, әр секундты бағалаңыз.
- Нәтижеден рақаттаныңыз: нәтижелі еңбек бар жерде жалқаулыққа орын жоқ.
- Сылтауды қойыңыз — бәрі өз қолыңызда.
VII. Үйге тапсырма
- «Еріншек» өлеңін мәнерлеп оқу, мазмұнын айту.
- «Еңбек етсең ерінбей» тақырыбына шығарма жазу.
VIII. Бағалау
Оқушылардың өлеңді мәнерлеп оқуы, талқылауға қатысуы, тапсырмаларды орындауы және қорытынды ой айтуы бойынша бағалау.