Сабаққа оқушылардың дайындығын тексеру
Сабақтың тақырыбы: 2-ге көбейту
Білімділік
Оқушылардың алған білімдерін пысықтау және тереңдету.
Дамытушылық
Логикалық ойлауын және жылдам есептеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік
Ұйымшылдыққа, достыққа, шапшаң есептеуге және озық болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
- Күз мезгілінің суреті
- Аңдардың суреттері
- Үлестірмелер, ойындар, тест тапсырмалары
Әдістер
- Сұрақ-жауап
- Ойын элементтері
- Ой қозғау
- Топпен жұмыс
1) Ұйымдастыру кезеңі
Сабақтың басында оқушылардың дайындығы тексеріледі: құрал-жабдықтар, көңіл күй, тәртіп және жұмысқа әзірлік.
2) Психологиялық дайындық
Қане, біздер ойлайық,
Ойымызды жинайық.
Қандай есеп болса да,
Шешпей оны қоймайық.
3) Мақсатты түсіндіру
Бүгінгі сабағымыз ерекше: біз сабақ барысында саяхатқа шығамыз.
Осыған дейін алған білімдерімізді ортаға салып, 2-ге көбейту кестесін бекітеміз.
4) Үй тапсырмасын тексеру: «Жапырақ жинау» ойыны
Оқушылар күзгі құбылыстарды атап, әр «жапыраққа» сәйкес 2-ге көбейту кестесінен мысал айтады.
1-жапырақ
Құстар жылы жаққа кетеді.
2 × 1 = 2
2-жапырақ
Күн суытады.
2 × 2 = 4
3-жапырақ
Жануарлар ұйқыға кетеді.
2 × 3 = 6
4-жапырақ
Жапырақтар сарғаяды.
2 × 4 = 8
5-жапырақ
Үйлерін ақтап, сырлайды.
2 × 5 = 10
6-жапырақ
Жеміс-жидек жинайды.
2 × 6 = 12
7-жапырақ
Егін жинайды.
2 × 7 = 14
8-жапырақ
Жаңбыр жауады.
2 × 8 = 16
Бұл құбылыстардың барлығы қай кезде болады? Күз мезгілінде.
2 × 9 = 18
Жаңа сабақ: «Күзгі орманға саяхат»
Күзгі орманға саяхат жасап, ормандағы аңдардың қысқа дайындығын бақылаймыз. Саяхатқа шықпас бұрын 2-ге көбейту кестесін толықтырамыз.
2-ге көбейту кестесін толықтыру
Осылайша 2-ні көбейту және 2-ге көбейту кестесін қайталап, орманға да жеттік.
Аю: «Құлпынай теру» тапсырмасы
Орманда аюдың құлпынайы көп екен. Аю тәттіні көп жеп семіреді де, апанына жапырақ төсеп, қысқы ұйқыға дайындалады. Ендеше, құлпынайдағы есептерді шығарып көмектесейік.
№3 есеп
«Бос торкөзге тұруға тиісті санды ата» тапсырмасы арқылы 2-ге көбейту амалын бекіту.
Назарда ұстау
- Жылдам есептеу
- Дәлдік
- Топпен бірлесу
Қоян: «Сәбіз жинау» тапсырмасы
Жұмбақ: «Өзінше ноян, қорқақ. Бұл не?» — Қоян.
Қоян: «Сәбіз жегім келіп тұр», — дейді. Ендеше, сәбіз жинап берейік.
Өрнектерді шығару
Осы өрнектерді пайдаланып, тура теңдіктер құрып, нәтижелерін дәлелдейміз.
Тиін: «Саңырауқұлақтағы теңдеулер» тапсырмасы
Жұмбақ: «Туғаннан жаңғақ жеп жетілген, бұтақтан-бұтаққа секірген. Бұл не?» — Тиін. Тиін қысқа саңырауқұлақты кептіріп, жинап жүр. Саңырауқұлақтарда теңдеулер берілген.
Теңдеу 1
2x = 16
Шешімі: x = 16 ÷ 2 = 8
Тексеру: 2 × 8 = 16
Теңдеу 2
x ÷ 3 = 2
Шешімі: x = 2 × 3 = 6
Тексеру: 6 ÷ 3 = 2
Осылайша тиінге көмектесіп, саңырауқұлақтарын жинап бердік.
Түлкі: «Балық аулау» ойыны
Жұмбақ: «Өзі қу, жүрген жері ду. Бұл не?» — Түлкі. Түлкі қақпанға түсіп қалыпты. Оны босату үшін «Балық аулау» ойынын ойнаймыз.
Есеп 1
Шарты: 1–9 пияз. Екі бума бірдей алынды.
9 + 9 = 18
Жауабы: 18 пияз.
Есеп 2
Шарты: Пияз — 40. Сарымсақ пияздан 20-ға кем.
40 − 20 = 20
Жауабы: 20 сарымсақ.
Түлкі сендерге алғыс айтады. Енді орнымыздан тұрып, саяхатымыздан қайтайық.
5 болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз.
Өнер-білім көп оқып,
Өсе берсін санамыз.
Ой қозғау
Бүгін біз 2-ге көбейтуге байланысты есептер шығардық. Енді 10 × 2 неше болады? 20.
20 саны нені білдіреді? Тәуелсіздігімізге 20 жыл толады.
Жарайсыңдар, балалар! Бәріңе «5» деген баға лайық.
Енді күнделікке бағалар қойылады, ал белсенді оқушыларға «Тәуелсіздік» белгісі тапсырылады.
Қорытынды және бағалау
- 2-ге көбейту кестесі қайталанды және бекітілді.
- Теңдеулер мен өрнектер арқылы логикалық ойлау дамытылды.
- Топтық жұмыс және ойын арқылы белсенділік артты.