Жазғы демалыс туралы әңгіме ету

Сабақ туралы жалпы ақпарат

Сабақтың тақырыбы

Жазғы демалыс

Оқу нәтижелері

Сабақ соңында оқушылар жазда қалай демалғаны туралы қысқаша әңгіме құра алады.

Жалпы мақсаты

  • Жаңа сөздерді меңгерту және олармен сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастыруға үйрету.
  • Өзара бағалау арқылы тақырыпқа қызығушылықты арттыру.
  • Оқушыларды коммуникативтік қарым-қатынасқа жетелеу және байланыстыра сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
  • Жеке, жұппен және топпен жұмыс істеу мәдениетін дамыту.
  • Жазғы демалыс туралы әңгімелеуге баулу.

Көрнекіліктер

  • Оқулық
  • Интербелсенді тақта
  • Кеспеқағаздар
  • Маркер және т.б.

Сілтемелер

  • Оқулық
  • Интернет желісі
  • YouTube сайты

Бағалау

Оқушылар бағалау парағымен танысады. Қалыптастырушы бағалау сабақ бойы «көбелек» белгілері арқылы жүргізіледі.

Ескерту: бағалау тәсілі оқушылардың белсенділігі мен өзара қолдауын күшейтуге бағытталған.

Сабақтың құрылымы

Кіріспе

  1. Ұйымдастыру кезеңі

    Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, кезекшімен қысқаша сұхбат.

  2. Психологиялық ахуал қалыптастыру

    «Шаттық шеңбері»: тілек айту тренингі.

  3. Топқа бөлу

    Көбелек суреттері арқылы оқушыларды 3 топқа бөлу.

Тұсаукесер

Қызығушылықты ояту

Сын тұрғысынан ойлау тәсілдері арқылы жұмыс: тақтада ай аттары көрсетіледі.

Сабақтың тақырыбын ашу

  • Жаз айларында не болады?
  • Біз жазда не істейміз?

Осы сұрақтарға сүйене отырып, сабақтың тақырыбы жазғы демалыс екені анықталады.

Негізгі бөлім

1) Сөздікпен жұмыс

қайық
лодка
серуендеу
гулять
орман
лес
аулау
ловить
шомылу
купаться

2) «Сәйкесін тап» тапсырмасы

Қима қағаздар таратылады. Топ ішінде оқушылар сөздердің аудармасын тиісті суреттермен сәйкестендіріп, бейнелейді.

Бағалау: қалыптастырушы бағалау «көбелек» белгілері арқылы.

3) Топтық жұмыс (диалог)

Қима қағаздарда берілген диалогтар таратылады. Оқушылар топта оқып, рөлге бөліп сөйлеп, мазмұнын талқылайды.

Бағалау: қалыптастырушы бағалау жүргізіледі.

Әзірлеген

Қосыбаева Меруерт Жұматайқызы

Материал: «Жазғы демалыс»