Сөз табы нешеу

Сабақтың тақырыбы

«ХХI ғасыр көшбасшысы»

Сабақтың түрі

Интеллектуалды ойын

Сабақтың әдісі

Сайыс сабағы ( «ХХI ғасыр көшбасшысы» бағдарламасы негізінде )

Көрнекілігі

Интерактивті тақта

Сабақтың мақсаты

Білімділік мақсаты

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша білім деңгейін сараптау, тіл мәдениетінің дәрежесін көрсету.

Дамытушылық мақсаты

Мектеп бағдарламасы көлемінде алған білімдерін толықтыру, тиянақтау және дамыту.

Тәрбиелік мақсаты

Пән бойынша алған білімнің өмірдегі маңызын ұғындыра отырып, ой қорыта білуге және оны жүйелі жеткізе білуге тәрбиелеу.

Негізгі ой

  • Мәдениет — өзіңнен басталады.
  • Тіл — қару.
  • «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады».

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен сәлемдесу.
  • Оқушыларды түгелдеу.
  • Сынып тазалығына көңіл бөлу.

«Көкпар»

Тест сұрақтары / Бәйге
  • Омоним мен көп мағыналы сөздердің айырмашылығы қандай?
  • Пунктуацияны тіл білімінің қай саласы зерттейді?
  • Лексика нені қарастырады?
  • Фонетика нені қарастырады?
  • Қазақ тілінде неше стиль бар?
  • Мақал мен мәтелдің айырмашылығы қандай?
  • Пунктуация дегеніміз не?
  • Морфология нені қарастырады?
  • Тыныс белгілерін қоюдың қандай принциптері бар?
  • Тіл білімі неше саладан тұрады?
  • Тіл мәдениеті дегеніміз не?

«Дода»

Тақырыптық кезең

Бөлімдер

  • Халық ауыз әдебиеті
  • XV–XVIII ғасырдағы қазақ әдебиеті
  • Аралас сұрақтар

Ұяшық сұрақтары: Халық ауыз әдебиеті

  • Халық ауыз әдебиетінің түрлерін ата.
  • Аңыз дегеніміз не?
  • Айтыскер ақынға тән қасиеттерді ата.

Ұяшық сұрақтары: XV–XVIII ғасырдағы қазақ әдебиеті

  • Доспамбет жырау қай ғасырда, қай қалада дүниеге келген?
  • Жыраулар толғауларында көтерген негізгі тақырыптар қандай?
  • Бұқар жырау қай жерде туып, қай жерде дүние салған? Өлеңдерін ата.

Аралас сұрақ

«Көз» сөзінің тура мағынасы, ауыспалы мағынасы, мақал-мәтелдегі қолданысы, тұрақты тіркестегі үлгісі және омонимін анықта.

Көрермен сұрағы

Белгілі бір ақынның немесе жыраудың өлеңін жатқа айтып бер.

«Жорға»

Жедел жауап
Бірде дауысты, бірде дауыссыз дыбыс қайсы?
Дауысты дыбыс нешеу?
Сөз мағыналарын зерттейтін ғылым қалай аталады?
Жазамыз және көреміз: бұл қай сөз?
Қазақ тілінде неше жалғау бар?
Зат есімнің сұрақтарын ата.
«Ұзын» сөзінің антонимі қандай?
«Батыр» сөзінің синонимін ата.
Сөздердің дұрыс жазылуын қарастыратын ереже қалай аталады?
«Қой аузынан шөп алмас» — мағынасы қандай?
«Бәдірен екті» тіркесіндегі негізгі сөз қайсы?
«Ба-ла» — қандай буынды сөз?
«Ш» дыбысы қандай дыбыс?
«Қосаяқ» — сөзжасамның қай түрі арқылы жасалған?
Екпін көбінесе қай буынға түседі?
«Кереует», «жәшік» сөздері қай тілден енген?
Септік жалғауы нешеу?
«Нарық», «несие» — қандай сөздер?
Дауыссыз дыбыстар нешеу?
Жұрнақтың неше түрі бар?
Үндестік заңы нешеге бөлінеді?
Буынның неше түрі бар?
«Бақ-бақ» — қандай буынға бөлінеді?
Сын есімнің неше шырайы бар?
«Қып-қызыл» — қай шырайда тұр?
Сөз табы нешеу?
Сөз құрамы неден тұрады?
«Ханзада», «сауыт» — қандай сөздер?
«Синус», «теңеу» — қандай сөздер?
Қазақ тілінде неше стиль бар?
«Көзбе-көз» — қандай қос сөз?

Қорытынды

Сабақ соңында нәтижелер қорытындыланып, жеңімпазды әділқазылар алқасы анықтайды.