Республика күні қай күн
Сыныбы: 9–11
Тақырыбы: «Елімнің еркіндігі — Тәуелсіздік»
Мақсаты
Оқушылардың білімін тереңдету, логикалық ойлау мен тапқырлықты дамыту; қабілетті және дарынды балаларды қолдау; ұйымшылдыққа, жеңімпаздық рухқа және озық болуға тәрбиелеу.
Ұйымдастыру
- Сайыстың мақсатын жариялау
- Шарттарын түсіндіру
- Қатысушылармен таныстыру
- Сарапшылармен таныстыру
- Жеңімпазды анықтау тәртібін хабарлау
Сайыс кезеңдері
- Бәйге (сұрақ-жауап)
- Ғажайып ұяшықтар
- Тіл-өнер (мақал-мәтел)
- Көкпар (3 бағыттағы сұрақтар)
- Жорға
- Ділмар
Кіріспе сөз
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін 9–11 сыныптар арасында өтетін «Елімнің еркіндігі — Тәуелсіздік» атты зияткерлік сайысқа қош келдіңіздер.
Бірнеше ғасыр бойы әлем картасында Қазақстан мемлекеті дербес ел ретінде танылмады. Себебі халқымыз әуелі Ресей империясының, кейін Кеңес Одағының құрамында болды. Ал 1991 жылғы 16 желтоқсанда тәуелсіздігімізді алып, егемен ел атандық.
Тәуелсіздік туралы шумақ
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің.
Бүгінгі әлемге даңқың жетті,
Тәуелсіз Қазақстан — елім менің!
Тәуелсіздік туын биікке көтеріп, дербес мемлекет болып, әлемге танылғанымызға 20 жыл толған мерейлі кезеңде әр мерекеміз құтты болсын!
Сайыс шарты
Сайыс 6 кезеңнен тұрады. Әр 2 кезең аяқталғаннан кейін ұпайы ең аз 2 оқушы ойыннан шығады. Әр сыныптан 1 оқушыдан қатысады, барлығы — 6 оқушы.
Сайыскерлерге сәттілік тілейміз!
Елбасы сөзі
«Біз бүгінгі бейбіт тірлігіміз үшін Қазақстан деп аталатын республиканың жер бетінде бар болуы үшін тарихтың әр тұсында осы елді, осы жерді қорғаған қайсар жандардың аруағының алдында қашанда қарыздармыз».
Кезеңдер мазмұны
I. Бәйге (сұрақ-жауап)
12 сұрақ. Әр дұрыс жауапқа — 10 ұпай.
- «Қазақ хрестоматиясын» кім жазды? (Ы. Алтынсарин)
- «Менің атым Қожа» хикаясының авторы кім? (Бердібек Соқпақбаев)
- Орыс тілінде неше септік бар? (6)
- Молекула дегеніміз не? (Заттың қасиеттерін сипаттайтын ең кіші бөлшек)
- Дүниежүзіндегі ең үлкен арал? (Гренландия)
- Қиылыспайтын екі түзу қалай аталады? (Параллель)
- Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті кім? (Н. Назарбаев)
- Жердің су қабығы қалай аталады? (Гидросфера)
- Республика күні қай күн? (25 қазан)
- Болжалды, ауыспалы, мақсатты — қай шақтың түрлері? (Келер шақ)
- Микроскопты ойлап тапқан кім? (Роберт Гук)
- Мәтіндік ақпаратты енгізу құрылғысы? (Пернетақта)
II. «Ғажайып ұяшықтар»
Бұл кезеңде тарих, математика, тіл және география пәндерінен сұрақтар қойылады.
Қазақстан тарихы
- Мезолит дәуірі б.з.б. қай жылдарды қамтиды? (12–5 мыңжылдықтар)
- Көне түрік жазуы қанша әріптен тұрады? (35)
- Қожа Ахмет Ясауидің еңбегі қалай аталады? («Даналық кітабы»)
- Ақ Орданың астанасы қай қала? (Сығанақ)
Тіл білімі
- Тұрлаусыз мүшелерді атаңыз. (Анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш)
- «Синтаксис» сөзі грек тілінде нені білдіреді? (Құрау, біріктіру)
- Что такое антонимы? (Антонимы — это слова с противоположными значениями)
- Ағылшын тіліндегі «буын» түрлері саны? (4)
Математика
- Алымы бөлімінен үлкен бөлшек қалай аталады? (Бұрыс бөлшек)
- Жүзден бір бөлік қалай аталады? (Пайыз)
- Кез келген санның бірінші дәрежесі нешеге тең? (Өзіне тең)
- Ағаш үстінде 30 торғай отыр еді. Аңшы 2-еуін атып түсірді. Торғайлардың қаншасы қалды? (2-еуі ғана, қалғаны ұшып кетті)
География
- Атмосфераның жер бетіне ең жақын қабаты қалай аталады? (Тропосфера)
- Барометр дегеніміз не? (Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал)
- Қазақстандағы ең биік нүкте және оның биіктігі? (Хантәңірі, 6995 м)
- Дүниежүзінде неше материк, неше мұхит бар? (6 материк, 4 мұхит)
Әр халықтың тарихта қалуы — ана тіліне байланысты. Егемен Қазақстанда ана тілімізге мемлекеттік мәртебе беріліп, тіл туралы заң қабылданды.
Бұл кезеңнен кейін ұпайы аз 2 оқушы ойыннан шығады.
III. Тіл-өнер (мақал-мәтел)
Мақалдың бір сөзі түсіп қалады. Сол сөзді тауып, 3 тілде айту қажет. Әр дұрыс жауапқа — 10 ұпай.
- … қылыштан өткір. (Тіл — язык — language)
- … алды — қызыл тіл. (Өнер — искусство — art)
- … — өмір шырағы. (Білім — знание — knowledge)
- Ердің сыншысы — …. (Ел — народ — people)
- Досы көпті … алмайды. (Жау — враг — enemy)
- Талдың көркі — …. (Жапырақ — лист — leaves)
- … — зор байлық. (Денсаулық — здоровье — health)
- … — бала қорғаны. (Әке — отец — father)
Қазақстан Конституциясының 44-бабының 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының Президенті елдегі жағдай және ішкі-сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы Қазақстан халқына жыл сайын Жолдау арнайды.
IV. Көкпар (3 бағыт)
Бұл кезеңде сұрақтар 3 бағыт бойынша қойылады.
Ұлы тұлғалар
- «Бай баласы мен жарлы баласы» шығармасының авторы кім? (Ы. Алтынсарин)
- «Москва үшін шайқас» романының авторы кім? (Б. Момышұлы)
- Ұлы ақын-жыршы, Алматы облысында туған, «Шығыстың Гомері» атанған тұлға? (Жамбыл)
- «Бес арыс» кімдер? (Шәкәрім, Ахмет, Мағжан, Міржақып, Жүсіпбек)
Жылдар шежіресі
- Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Конституциясы қашан қабылданды? (1995 жыл)
- Қай жылдар «Ауыл жылы» болып жарияланды? (2002–2005)
- Қазақстан Республикасы ОБСЕ-ге қай жылы төрағалық етті? (2010)
- Тоқтар Әубәкіров ғарышқа қашан самғады? (1991 жыл, қазан)
Рәміздер
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының авторы кім? (Ш. Ниязбеков)
- ҚР СТ 989-2008 стандарты бойынша Елтаңбаның түрлі түсті орындалуында неше түс бар? (2)
- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Әнұранының әні кімдікі? (Ш. Қалдаяқов)
- ҚР-ның мемлекеттік рәміздері туралы норма Конституцияның қай бабында? (9-бап)
16 желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңды қабылдады.
Бұл кезеңнен кейін ұпайы аз 2 оқушы ойыннан шығады.
V. Жорға (жылдам сұрақтар)
Әр оқушыға 16 сұрақ қойылады. 1 минут ішінде жауап беру керек.
1-оқушыға
- Құрамында әрпі бар есеп қалай аталады? (Теңдеу)
- Сұйықтықтың өлшем бірлігі? (л)
- Езілген құрттың майда түйіршігі қалай аталады? (Малта)
- «Басы тасқа тиді» тіркесінің мағынасы? (Өкінді)
- 1 мен 27 сандарының арасында неше жұп сан бар? (13)
- «Қарлығаш әулие» атанған би? (Төле би)
- 2008 жылы Бейжің олимпиадасында Қазақстан қанша жүлде алды? (13)
- Ең қысқа ай? (Ақпан)
- Елорда — Астананың туған күні? (1998 ж., 10 маусым)
- Судың жер бетіне шыққан түрі? (Бұлақ)
- 3 түйеқұс келе жатты. Аңшы біреуін атты. Қаншасы қалды? (Түйеқұс ұшпайды)
- Дүниедегі бірінші байлық? (Денсаулық)
- Рамазан айындағы қасиетті түн? (Қадір түні)
- Ауаның салмағын өлшейтін аспап? (Барометр)
- Тұрлаулы мүшелер? (Бастауыш, баяндауыш)
- Мақалды жалғастыр: «Ұстаздан — … озар». (Шәкірт)
2-оқушыға
- Ұзындық өлшем бірлігі? (м)
- «Үріп аузына салғандай» тіркесінің мағынасы? (Әдемі)
- Әкемнің 7 ұлы бар, әр ұлдың бір қарындасы бар. Әкемнің неше баласы бар? (8)
- Дүниедегі ең үлкен көл? (Байкал)
- Үрмелі аспап? (Сыбызғы)
- Мақалды жалғастыр: «Көп қорқытады — …». (Терең батырады)
- Мұсылмандардың діни мейрамы қалай аталады? (Айт)
- Қазақстанның төл теңгесі шыққан күн? (1993 ж., 15 қараша)
- Ноталардың ішінде 5-ші орналасқаны? (Соль)
- Ы. Алтынсарин тұңғыш қазақ мектебін қай жылы ашты? (1864 ж.)
- Жігіттің үш жұрты? (Өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты)
- Желтоқсан оқиғасы болған жыл? (1986)
- Әлемдегі ең танымал спорт түрі? (Футбол)
- «Көксерек» шығармасының авторы? (М. Әуезов)
- Қазақстан әлемде қай кен өндіруден 3-орын алады? (Мыс)
- Әйнек неден жасалады? (Құм)
1991 жылғы 1 желтоқсанда республикада бүкілхалықтық Президент сайлауы өтті. Қазақ КСР-нің Президенті болып Н. Назарбаев сайланды.
VI. Ділмар
Бұл кезеңде 2 оқушыға тақырып беріледі. Әр қатысушыға 2 минут дайындалуға уақыт беріліп, өз ойын жүйелі түрде жеткізеді.
Тақырып 1
«Егер мен Президент болсам…»
Тақырып 2
«Тәуелсіздік — ел дамуының өзегі»
Еркіндік пен азаттыққа қол жеткізген Тәуелсіз елдің үлкен жетістіктерінің бірі — Еуразия жүрегінде Елордамыздың бой көтеруі, Астананың өркендеуі және Ақорданың салынуы. Атырау мен Алтай арасын мекендеген қазақ елінің жүрегі болған бұл қала — тәуелсіздіктің айқын символы.
Тәуелсіздік мерекесінің 20 жылдығы қарсаңында Астанада заманауи сәулет нысандарының бірі — «Изумруд кварталы» іспетті кешендер бой көтеріп, елдің даму бағытын айқындай түсті. Орталық Азия өңірінде теңдесі аз биік ғимараттардан тұратын мұндай кешендер — халықаралық деңгейдегі сәулетшілер еңбегінің нәтижесі.
Қорытынды
Барлық кезең аяқталған соң ұпайлар есептеліп, жеңімпаз анықталады.