Түйнек бактериялары

16 - вариант
БИОЛОГИЯ
1. Гүлден дамиды:
A) Тұқым пен тостағанша жапырақша
B) Күлте жапырақша мен гүлсағақ
C) Жеміс пен тұқым
D) Аталық пен күлте жапырақша
E) Аналық пен тостаған жапырақша
2. Жас өркен өсіп шығатын бүршік:
A) Гүлшанақ.
B) Төбе бүршігі.
C) Гүл бүршігі.
D) Жапырақты бүршік.
E) Жанама бүршік.
3. Тұқымның құрамына кiретiн заттар –
A) Минералды тұздар, май, су.
B) Су, минералды заттар, ақуыз, крахмал, май.
C) Органикалық заттар.
D) Су, ақуыз, крахмал.
E) Су, минералды тұздар.
4. Бөлмеде өсетін лалагүл тұқымдас өсімдік:
A) Пияз.
B) Аспарагус.
C) Сарымсақ.
D) Шырыш.
E) Қызғалдақ.
5. Тісті үнемі таза ұстау мына аурудың алдын алу:
A) Кариес.
B) Іш сүзегі.
C) Дизентерия (қантышқақ).
D) Гастрит.
E) Тырысқақ.
6. Қарағай қылқанының тіршілік ұзақтығы -
A) 4 - 5 жыл.
B) 1 жыл.
C) Мәңгі.
D) 3 - 4 жыл.
E) 2 - 3 жыл.
7. Тек қана тірі ағзалардың денесіндегі органикалық заттармен қоректенетін бактериялар -
A) Топырақ бактериялары.
B) Паразиттер.
C) Сүтқышқылы бактериялар.
D) Сапрофиттер.
E) Түйнек бактериялары.
8. Ұша алмайтын құс:
A) Өзен шағаласы.
B) Сұр қарлығаш.
C) Жапалақ.
D) Түйеқұс.
E) Құзғын.
9. Адамның кеуде қуысында орналасатын мүше
A) Қарын
B) Ішектер
C) Бүйрек
D) Өкпе
E) Бауыр
10. Жүректің бұлшықетті қабаты:
A) Құлақша.
B) Эпикард.
C) Эндокард.
D) Қарынша.
E) Миокард.
11. Тыныс алатын ауаны жылытып, залалсыздандыратын мүше:
A) мұрын қуысы
B) кеңірдек
C) аңқа
D) ауыз
E) көмей
12. Қысы - жазы адамның дене температурасы:
A) 35º
B) 36, 6º
C) 38º
D) 38, 5º
E) 39º
13. Автотрофты қоректенетін ағзалар:
A) Жануарлар.
B) Вирустар.
C) Саңырауқұлақтар.
D) Өсімдіктер.
E) Адам.
14. Адамдағы қалдық (рудиментті) белгілер -
A) Түктің болуы.
B) Құйрықтың болуы.
C) Соқыр ішек өскіні.
D) Сойдақ тісінің дамуы.
E) Көп емшектілік.
15. Ең жарық сүйгіш өсімдік:
A) түймедақ
B) плаун
C) інжугүл
D) қырықбуын
E) саумалдық
16. Бауыраяқты былқылдақденелі жәндік:
A) Үлкен тоспа ұлу.
B) Айқұлақ.
C) Каракатица.
D) Сүлік.
E) Шұбалшаң.
17. Тарақанның ауызы бейімделген:
A) үгуге
B) сүзуге
C) соруға
D) шаншып соруға
E) кеміруге
18. Ми мен жұлыннан құралатын жүйке жүйесінің бөлімі:
A) Симпатикалық.
B) Орталық.
C) Өсімді(вегетативтік).
D) Парасимпатикалық.
E) Шеткі.
19. Көкірек қуысы көлемінің ұлғаюы:
A) жалпақ арқа бұлшық етінің жиырылуынан
B) алыстан көргіш ет жиырылуынан
C) қабырға аралық бұлшық ет жиырылуынан
D) екі басты бұлшық ет жиырылуынан
E) төрт басты бұлшық ет жиырылуынан
20. Энергия көзінің түзілуі:
A) Тек органикалық заттардың ыдырауынан.
B) Қоректік заттардан.
C) Тек органикалық заттардың тотығуынан.
D) Минералдық заттардың жинақталуынан.
E) Органикалық заттардың ыдырауы мен тотығуынан.
21. “Трансляция” ақуыздар синтезіндегі мағынасы:
A) Жасалу.
B) Ыдырау.
C) Тасымалдау.
D) Синтездеу.
E) Көшіріп аудару.
22. Тірі табиғаттағы ғылыми эволюциялық теорияны жасаған:
A) Т. Шванн.
B) К. Линней.
C) Ч. Дарвин.
D) Н. И. Вавилов.
E) Ж. Б. Ламарк.
23. Қоректік тізбектің бірінші буындағылары:
A) Өсімдіктер.
B) Жыртқыштар.
C) Шөп қоректі жануарлар.
D) Саңырауқұлақтар.
E) Шіріту бактериялары.
24. Биосфераны өзгертетін қуатты фактор -
A) Табиғат.
B) Өсімдіктер.
C) Жануарлар.
D) Адам.
E) Микроорганизмдер.
25. Гидраның денесіне инемен әсер еткенде, тітіркенуге жауап беретін жасушалар -
A) Атпа.
B) Тері - бұлшықет.
C) Асқорыту.
D) Аралық.
E) Жүйке.
26. Шұбалшаң зәрінің сыртқа шығарылуы:
A) Екі - екіден орналасқан имек түтікшелерден.
B) Бір - бірден орналасқан имек түтікшелерден.
C) Сақина тәрізді түтікшелерден.
D) Екі сақина тәрізді түтікшелерден.
E) Аналь тесігінен.
27. Көз алмасының қасаң қабықшасы
A) зақымданудан қорғайды.
B) қанмен қамтамасыз етеді.
C) көз ішіне сәуленің түсуін реттейді.
D) жарық сәулесін еркін өткізеді.
E) бояғыш заттың (пигмент) мөлшері мен таралуын анықтайды.
28. Екінші спермия ұрықтану нәтижесінде зиготадағы өзгерістер:
A) гаплоидты жиынтығы бар хромосоманың қалыптасуы.
B) хромосома саны өзгермейтіндігі
C) тетраплоидты жиынтығы бар хромосоманың дамуы
D) триплоидты жиынтығы бар жасуша қалыптасуы
E) диплоидты жиынтығы бар хромосоманың қалыптасуы
29. Анд (Оңтүстік Америка) орталығы … отаны.
A) майлы тағамның
B) күріштің
C) картоптың
D) жүзімнің
E) орамжапырақтың (қырыққабат)
30. Эволюцияның эмбриологиялық дәлелдемелеріне жататындар:
A) Қазбалы өтпелі формалар.
B) Филогенетикалық қатарлар.
C) Биогенетикалық заң.
D) Түрлердің географиялық таралу заңдылықтары.
E) Әр түрлі ағзалардың химиялық құрылымы және клеткааралық сұйықтықтардың ұқсас болуы.



20-40 дейін вариант қарау



Ұқсас жұмыстар

Табиғатта микроағзалардың әсері туралы
Табиғатта микроағзалардың әсері жайлы
Табиғатта микроағзалардың әсері жайлы ақпарат
Түйнек бактериялары препараттарын жасау технологиясы
Ноқат өзара тозаңданатын өсімдік
Өсімдіктің биологиялық ерекшеліктері
Микроб ферменттері, классификациясы
Өсімдікте макроэлементтердің физиологиялық рөлі
Азотты заттардың микроорганизмдердің әсерінен өзгеріске ұшырау салдары
Экологиялық факторлардың түйнекті бактериялар Rhizobium Meliloti өнімділігіне әсері
Лептоспира бактериялары
Сүт қышқыл бактерияларынан ашытқы дайындағанда қауіп төндіретін заттар