Айран қосылған пирогАйран - 250 мл

Айран қосылған пирог

Бұл пирог айранның арқасында жұмсақ әрі үлпілдек болып піседі. Үстіне тосап жағып, күлше үгінділерін сеуіп берсеңіз, дәмі одан сайын ашылады.

Қажетті өнімдер

  • Айран: 250 мл

  • Қант: 150 г

  • Ұн: қою қамыр болғанша (біртіндеп қосыңыз)

  • Жұмыртқа: 2 дана

  • Көпсіткіш (разрыхлитель): 10 г

  • Грек жаңғағы: 100 г

  • Тұз: бір шымшым

  • Май: табаны майлау үшін

  • Тосап (варенье) және күлше үгінділері: қалауыңызша (дайын пирогтың сыртына жағу/себу үшін)

Ескерту: Жаңғақ қоспауға да болады. Оның орнына мейіз, кепкен өрік, құрма, немесе басқа дәндер қосуға болады.

Дайындау жолы

  1. 1

    Үлкендеу ыдысқа 2 жұмыртқаны жарып салыңыз. Үстіне қантты қосып, миксермен қоюланғанша араластырыңыз.

  2. 2

    Қоспаға айранды құйып, қайта араластырыңыз.

  3. 3

    Ұнды електен өткізіп біртіндеп қосыңыз. Көпсіткіш пен бір шымшым тұз салыңыз да, миксермен біркелкі болғанша жақсылап араластырыңыз.

  4. 4

    Қамырға грек жаңғағын қосып, қалауыңызша араластырыңыз.

  5. 5

    Табаны жақсылап майлап алып, қамырды құйыңыз.

  6. 6

    Алдын ала қыздырылған пеште 180–200°C температурада 30–35 минут пісіріңіз.

  7. 7

    Пирог дайын болған соң, үстін қалаған тосаппен жұқалап жағып, күлше үгінділерін сеуіп қойсаңыз өте әдемі әрі дәмді болады.

Пирог дайын. Шайыңыз тәтті болсын!

Дайындаған: Жадыра

Үй жағдайында оңай дайындалатын тәтті