Қосымша мүмкіндіктерін пайдаланып жасау
6-сынып
Сабақтың тақырыбы
Microsoft Word мәтіндік бағдарламасын қорытындылау
Сабақтың мақсаты
- Білімділік: мәтіндік процессор туралы алған білімдерін жүйелеу, жинақтау, толықтыру және бағалау.
- Дамытушылық: компьютерлік сауаттылықты арттыру, теориялық білімді практикада қолдану, пәнге қызығушылықты күшейту, шығармашылық қабілетті дамыту.
- Тәрбиелік: эстетикалық талғамды қалыптастыру, өз жұмысына сын көзбен қарау, нәтижеге бағытталу, уақытты үнемдеу, ойды жүйелеп еркін жеткізуге тәрбиелеу.
Ұйымдастыру параметрлері
- Сабақтың типі:
- жарыс
- Әдісі:
- сөздік, практикалық
- Түрі:
- білімді жүйелеу, қорытындылау, бағалау
- Пәнаралық байланыс:
- бейнелеу өнері, орыс тілі, қазақ тілі
Көрнекілігі
- компьютер
- слайдтар
- электрондық оқулық
- интерактивті тақта
- Active Slide
- Merits бағдарламасы
Сабақтың жоспары
- 1 Ұйымдастыру
- 2 Үй тапсырмасын тексеру
- 3 Деңгейлік тапсырмалар беру
- 4 Қорытынды жасау
- 5 Бағалау
- 6 Үйге тапсырма беру
Өзіңді-өзің бағалау
Сабақ барысында тапсырмаларды орындаған сайын ұпай жинап отырамыз. Соңында жалпы ұпай саны бойынша баға қойылады.
| Ұпай аралығы | Баға | Ескерту |
|---|---|---|
| 1–3 балл | 2 | Тапсырмалар толық орындалмаған |
| 4–11 балл | 3 | Негізгі талаптар орындалған |
| 12–17 балл | 4 | Жақсы деңгей |
| 18–25 балл | 5 | Өте жақсы, жоғары нәтиже |
Ескерту: әр тапсырма 1–5 балл аралығында бағаланады.
Үй тапсырмасын тексеру: «Кім білімді?»
Мақсат — өткен материалды еске түсіру және негізгі ұғымдарды нақтылау.
Сұрақтар
- 1 Мәтін және мәтіндік редактор дегеніміз не?
- 2 Мәтіндік редактор терезесіндегі саймандар тақтасы неше бөлікке бөлінеді және олар қалай аталады?
- 3 Кесте қандай элементтерден тұрады?
- 4 Word бағдарламасының қандай қосымша мүмкіндіктерін білесің?
- 5 Word бағдарламасына сурет кірістіру үшін қандай командалар орындалады?
Тапсырмалар құрылымы
-
I деңгей — «Ой қозғау»
Жылдам сұрақтар мен қысқа әрекеттер арқылы білімді белсендіру.
-
II деңгей — «Өзіңді тексер»
Практикалық дағдыны тексеретін құрылымдалған тапсырмалар.
-
III деңгей — «Ойтолғау»
Түсіндіріп жазу, сипаттау және қорытынды жасау.
-
Шығармашылық — «Ойшылдар»
Еркін форматта идеяны визуал және мәтін арқылы көрсету.
-
Қорытынды
Жинаған ұпайды есептеп, нәтижені шығару.
Деңгейлік тапсырмалар
Әр деңгейде Word құралдарын қолдану арқылы нақты нәтиже көрсету талап етіледі.
I деңгей тапсырмасы
Ой қозғау- Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті кім?
-
Әнұранның авторларын жаз.
Терім және форматтау талаптары
- Мәтін қызыл түспен терілсін.
- Қаріп өлшемі: 17 кегль.
- Туралау: жолдың сол жақ шетінен бастап.
- Уақыт: 3–5 минут ішінде үлгерген бөлігін теру.
- Жоларалық интервал: 1.
- Бет жиектері: үсті 20 мм, асты 20 мм, сол жағы 20 мм, оң жағы 15 мм.
II деңгей тапсырмасы
Өзіңді тексер4×5 өлшемді кесте құрыңыз және төмендегі әрекеттерді орындаңыз:
- 1-жолдағы 1–2-баған ұяшықтарын біріктіріңіз.
- 3-бағандағы 3–4-жол ұяшықтарын біріктіріп, алынған ұяшықты қызыл түспен бояңыз.
- 2-бағандағы 5-жол ұяшығын 3 бағанға бөліңіз.
- 1-жолдағы 1-баған ұяшығына сурет қойыңыз (компьютер немесе өз қалауыңыз бойынша).
III деңгей тапсырмасы
ОйтолғауФигуралық мәтін (WordArt) және фигураларды пайдаланып, Word бағдарламасына қысқаша сипаттама беріңіз.
Нәтиже
Жұмысыңызда негізгі ұғымдар көрнекі түрде көрсетілсін: мәтін өңдеу, пішімдеу, кесте, сурет, басып шығару.
Шығармашылық бөлім
Тапсырма 1
Өткен жыл несімен есіңізде қалды? Оны кескін арқылы көрсетіңіз.
Тапсырма 2
Мәтіндік редактор туралы слайд дайындап, қорытынды жасаңыз.
Үйге тапсырма
7-тарауды қайталау. «Не істедім? Не үйрендім? Не үйренгім келеді?» кестесін толтырып келу. Қосымша мүмкіндіктерді қолданып орындаңыз.