Қазақ тарихының негізін салушы екеніне көздерін жеткізу

ОҚО, Мақтарал ауданы • «Т. Әубәкіров атындағы жалпы орта мектебі»

Тарих пәні мұғалімі: Алибекова Тәрбие Қантұрғанқызы

Танымдық сағат «Тарихтағы қаһарман тұлға» Ермұхан Бекмахановтың 100 жылдығына арналған

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Сталинизмнің құрбаны болған, кеңестік кезеңдегі тұңғыш әрі бірегей тарихшылардың бірі, тарих ғылымынан алғаш доктор атағын алған профессор, Қазақстан Ғылым академиясының корреспондент мүшесі Ермұхан Бекмахановтың өмірі мен қызметі туралы рухани-танымдық білім беру. Оқушылардың оның қазақ тарихының негізін қалаушылардың бірі екеніне көз жеткізу.

Дамытушылық

Қазақ халқының дарынды тұлғасын тарих ғылымының негізін қалаушы ретінде насихаттау арқылы оқушылардың шығармашылық дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік

Е. Бекмахановтың өнегелі өмірін үлгі ете отырып, өткен тарихқа зер салатын өскелең ұрпақты ерлікке, елдікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі

  • Слайдтар көрсету
  • Суреттер

Әдіс-тәсілдері

  • СТО стратегиялары
  • Зерттеушілік әңгіме

Сабақ барысы

I. Қызығушылықты ояту

«Болжау» стратегиясы және «Өрмекші торы» ойыны арқылы оқушылардың Е. Бекмахановтың өмір жолы туралы бастапқы білім деңгейі анықталды. Оқушылар бір-біріне ғалымның отбасы, балалық шағы, еңбектері туралы сұрақтар қойып, тренинг барысында көңіл-күйлері көтеріліп, тақырыпқа қызығушылықтары артты.

Дәйексөз

«Жақсының ескерткіші — жақсылығы», — деп ақын айтқандай, еліне еңбегі сіңген Ермұхан Бекмаханов менің ғана есімде емес, бүкіл халық жадында, әлеумет жүрегінде.
Сәлкен Суханбердин

II. Мұғалімнің кіріспе сөзі

Қазақ халқының дарынды тұлғасы, тарих ғылымының докторы, ұлағатты ұстаз Ермұхан Бекмаханов 2015 жылдың 15 ақпанында 100 жасқа толар еді. Жарық жұлдыздай ағып өткен қысқа ғұмырында ол өзін халқының адал перзенті ретінде таныта білді. Бүгін біз тарихи тұлғаның өмірі мен қызметі, ғылыми-зерттеу еңбектері және зиялы қауым өкілдерінің ой-пікірлері туралы пікір алмасып, ой бөлісеміз.

Оқушы үні: Хамза Абдуллин (08.05.1966) — «Ермұхан Бекмахановқа»

Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға! Бұл суық хабар сыймайды сайыз санама. Ересен ойлы еркесі едің еліңнің, Ұқсайтын ерек үздік бір туған данаға. Саған да төнді ажал ашқан аранын, Қазағың — халқың деуші еді сені: Қарағым! Түн келіп құшып, жүрегім ісіп, ауыр ой — Пәршалап жыртып, ұлғайтты аузын жараның. Шоқаным едің дәуіріме сәнді түр берген, Көркі едің күлген елімнің мынау гүлденген. Теңіздей тасып, қияға асып, тік басып, Надандық бұлтын серпе бір қуып, нұрға енген. Қанышым менің, Мұхтарым едің самғаған, Елінің ескен даңқына даңқын жалғаған. Өріне өрлеп өркенді мынау өмірдің, Ойпанда өткен бұтаға көзін салмаған. Арманда кеттің, зарлауда өтті, асыл ең, Бәстескен елдің бәрінен де өзің басым ең, Аспанда көлбеп, асқарға өрлеп, білімнің Көз жетпес заңғар шыңына шырқап асып ең. Мәңгіге қош бол, еңірейін енді, бауырым, Азалы халқың шегуде бастан ауыр күн. Шерменен жүріп шежіресін шерттің еліңнің, Шежіреде сол бір мәңгі айқын енді қалуың!

Өмірбаяндық деректеме

Ермұхан Бекмаханов 1915 жылдың 15 ақпанында Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, №10 ауылдағы Жасыбай өңірінде дүниеге келді. Баянауылдағы 7 жылдық мектепті тәмамдаған соң, 1932 жылы Семей қаласында жоғары оқу орнына даярлайтын бір жылдық курсты оқып бітірді.

1933 жылы Қазақ Оқу-ағарту халық комиссариатының жолдамасымен Воронеж қаласындағы мемлекеттік педагогикалық институтқа қабылданып, 1937 жылы тарих факультетін аяқтады.