Балалардың көңіл күйлерін көтере отырып, қимылдарды музыканың ерекшеліктерімен үйлестіру дағдыларын дамыту
Мақсаты
Балалардың көңіл күйін көтере отырып, қимылдарды музыканың ерекшеліктерімен үйлестіру дағдыларын дамыту.
Шуақты көңіл күй сыйлау, жазғы табиғаттың ерекшеліктерін би өнерімен байланыстыру.
Би билеу техникасының негіздеріне үйрету: топпен және жеке орындау. Ересектің көмегімен және өздігінен би билеу дағдыларын қалыптастыру.
Өзара татулыққа, достыққа тәрбиелеу.
Керекті құралдар
- Музыкалық орталық
- Аудиожазба
- Биге арналған әуендер
Өткізу барысы
Кіріспе
Балалар марш әуенімен залға кіріп, жүру және жүгіру қимылдарын орындай отырып ортаға тұрады.
Педагог сөзі
«Балалар, алдымен амандасып алайық!»
Амандасу жаттығуы.
Педагог сөзі
«Бүгінгі іс-әрекетімізді тыныштық сәтімен бастайық.»
Тыныштық сәті.
Әуенмен жаттығу (жылыту)
Аяқты алшақ қоямыз, қол белде. Педагогпен бірге қайталаймыз.
-
Бас қимылы
Оңға–солға (8 рет), алға–артқа (4 рет).
-
Иық жаттығулары
Қолды түсіреміз. Екі иықты бірге көтеру (8 рет), иықты кезекпен көтеру (4 рет).
-
Бүйірге иілу
Қол белде, аяқ алшақ. Екі жаққа жеңіл иілеміз (8 рет).
-
Секіру
Аяқ бірге — секіреміз (8 рет).
-
Қол қимылы
Аяқ алшақ. Қолды жоғары көтеріп, жан-жаққа қозғалтамыз (8 рет).
-
Басты иыққа тигізу
Басты жайлап иыққа тигіземіз (4 рет).
-
«Моторчиктер»
Жұдырықпен қолды оңға–солға айналдыру (2 рет), жоғары–төмен (2 рет).
-
«Буратино» қимылы
Аяқпен және денемен оңға бұрылу (8 рет). Сол жаққа қайталау.
-
Координациялық секіру
Аяқ алшақ, қол екі жаққа созулы → аяқ қосу, қолды жоғары көтеріп шапалақтау.
4 рет баяу темпте, 8 рет жылдам темпте.
Әңгімелесу
Педагог сұрағы
«Балалар, көктем мезгілі санаулы күндерден кейін аяқталып, көңілді жаз мезгілі келеді. Жаз мезгілі сендерге ұнай ма?»
Қимыл-қозғалыс ертегісі
Педагог ертегі айтады, ал балалар әр бөлігін қимылмен бейнелейді. Мұқият тыңдап, педагогке қарап орындайды.
-
1) Бақтағы гүл
Балалар тізерлеп отырып, алақандарын біріктіріп гүл бейнесін жасайды.
-
2) Таң атып, табиғат оянады
Жаймен тұрып, қолды жоғары көтеріп, екі жаққа ашады.
-
3) Самал жел
Қолды жан-жаққа тербетеді.
-
4) Жел күшейді
Қатты шайқалып, еңкейіп, қолды жерге тигізеді.
-
5) Гүл ұшып кетті
Бір орында айналады: алдымен оң жаққа, кейін сол жаққа.
-
6) Құстар ұшып келеді
Аяқтың ұшына тұрып, қолды жоғары–төмен қозғалтады.
-
7) Аралар келді
Залда жүгіріп, ара қимылын салады.
Аралар гүлге қонып, бал жинайды: балалар тізерлеп отырып, бал жинау қимылын көрсетеді.
Сұрақ-жауап
Педагог: «Аралар бізге не сыйлайды?»
Балалар: «Бал»
Педагог: «Балды қандай жануар жақсы көреді?»
Балалар: «Аю»
-
8) Аю келді
Балалар аюдың жүрісін салып қозғалады.
-
9) Бақалар
Балалар бақа қимылын жасап секіреді.
Сұрақ-жауап
Педагог: «Бақалар қалай сөйлейді?»
Балалар: «Квак-квак»
Педагог: «Арамызда ең үлкен бақа бар ма?»
Балалар жоғары секіріп, алақандарын бастан асырып соғады.
-
10) Мысықтар келді
Балалар төрттағандап тұрып, мысық қимылын салып жүреді.
Мысық алдымен бір артқы аяғын, кейін екіншісін көтереді. Содан соң қолымен құлағын қасиды: әуелі бір қолмен, кейін екінші қолмен.
Енді отырып, аяқты ұстап, құлаққа жеткізіп көреміз.
Кері байланыс
«Жарайсыңдар, балалар!»
Спорт биі
Педагог балаларға спорт биін үйренуді ұсынады.
Алдымен аяқ пен қол позицияларын еске түсіріп, бірге орындайды. Содан кейін педагогке қарап, би қимылдарын қайталайды.
Би атауы
«Көңілді доптар»
Қорытынды
Сабақ соңында балалардың белсенділігі мадақталып, көңілді жаз тақырыбы бекітіледі.
Орны
Атырау қаласы, КМҚК №25 «Еркемай» балабақшасы
Авторы
Умирзахова Эльмира Сиратовна, саз маманы