Ондағы балалар
Мақсаты
Өскелең ұрпақтың тұлғалық дамуын қолдау, жеке дербестігін айқындау, шығармашылық және танымдық белсенділігін арттыру; балалар мен жастардың ізгілік сезімдер жүйесін және адамгершілік мінез-құлықтарын қалыптастыру.
Міндеті
«Салауаттану» және «Өзін-өзі тану» пәндері аясында мұғалімнің негізгі міндеті — оқушының жан дүниесіне үңіліп, оны тазалыққа, ізгі қасиеттерге баули білу.
Шұғылалы әлемге кіріспе
Қош келдіңіздер
Сәлеметсіздер ме! Бүгін аудан көлемінде өткізілетін тәрбие сағатына қош келдіңіздер.
Шуақты ой
Осындай әлем бар — қызықты, шуақты. Әлемде әр ел бар — бақытты, қуатты. Ондағы балалар — жайдары, көңілді.
«Шұғылалы әлем» — адамның жаны, жүрегі, сезімі. Адам нұрланып, айналасына мейірім мен жақсылықтың шуағын шашқанда ғана бұл әлем жарқырай түседі. Сондықтан осы сағатты жылы тілек пен жақсы сөзден бастайық, шаттық шеңберіне тұрайық.
Саяхат аялдамалары
Қиял-ғажайып, қызықты әрі жұмбақты әлемге бірге аттанайық. Бүгін біз төрт аялдамаға тоқтаймыз:
-
I
Жылылық — жанұядан басталады
Сүйіспеншілік, құрмет, еңбек, тәрбие негізі.
-
II
Менің рухани дүнием
Әділдік, мейірім, қанағат және өзін тану.
-
III
Денсаулық — зор байлық
Таза ауа, су, қимыл және еңбек арқылы нығаю.
-
IV
Туған жер — алтын бесік
Халық, тіл, мәдениет, дәстүр — ең қымбат қазына.
I. Жылылық — жанұядан басталады
Жанұя — сүйіспеншілікті сезінуге үйрететін, жақсы іске жетелейтін, еңбекке баулитын, білім алуға ынталандыратын, үлкенді құрметтеуге тәрбиелейтін ең алғашқы орта. Жанұя дегеніміз — бір үйде бір-біріне туыс әрі жақын адамдардың бірге өмір сүруі.
Жанұя туралы жолдар
Ата — асқар тау.
Ана — бауырындағы бұлақ.
Бала — жағасындағы құрақ.
Жеті ата ұғымы
Отбасыға ата-әже, әке-шеше, аға-әпке, қарындас-іні жатады. Дәстүрлі түсінікте жеті ата: ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене.
Ақ тілек, ақыл өсиет
Ата болып, ақыл айтып көріңдер.
Әже болып, ертегі айтып беріңдер.
Әке болып, еркелетіп көріңдер.
Ана болып, мейірімділік төгіңдер.
Аға болып, үлгі көрсетіп кішіге.
Іні болып, көмектес сен ісіне.
Әпке болып, мейіріңмен аяла.
Қарындас болып, бауырыңа саяла.
Өлең жолдары
Өзің мені өсірген, айналайын ақ әжем,
Тентек болсам кешірген — балдан тәтті әжем.
Туыстықтың тірегі
Аға деген, іні деген — барлығы бір туысқан.
Анаң — күнің, әкең — өмір тірегің.
Әжең — асыл ардағың, атаң — дана қорғаның.
II. Менің рухани дүнием
Рухани бай адам ең алдымен әділ, мейірімді және қанағатшыл болады. Әр адамның жанында әлі ашылмаған сыр, айтылмаған ой, сақталған құпия бар. Сол себепті өзіңізге мына сұрақтарды қойып көріңіз: «Мен кіммін? Қандаймын? Жан дүниемнің жұмбағы неде?»
Өзіңді сипаттау
«Мен жауапты, сүйкімді, сенімді, ақылды, мейірімді, жанашыр, адал, тыңғылықтымын».
«Сегіз қырлы, бір сырлы» нені білдіреді?
«Сегіз қырлы» — адамның өнерге, білімге, ғылымға талпынуы, түрлі қырынан дамуы. «Бір сырлы» — мақсаттан таймай, жалықпай ізденіп, еңбек етуі.
Қабілет пен өнерді қолдау
Арамызда өнерге жақын оқушылар да бар: біреулер би билейді, біреулер ән айтады. Өнер — рухани дүниені байытатын күш.
- Өнер: Би
- Өнер: Ән («Әкеме»)
III. Денсаулық — зор байлық
Денсаулық — адамның дене күйінің жағымды болуы, ағзаның дұрыс әрі бірқалыпты қызмет етуі. Денсаулықты сақтау — күнделікті таңдаудан басталатын өмір салты.
Ойлануға тапсырма
- «Денсаулық — зор байлық» сөзін қалай түсінесің?
- Күннің «сәуле шуақтарына» денсаулықтың құндылығы туралы ойыңды жаз.
- Бір шумақ өлең құрастыр.
«Емдік сусын» идеясы
Ертеде адамдар тәнді тазартып, жанды сергітетін емдік сусын ойлап тапқан деседі. Сен де өз «емдік сусыныңды» құрастырып көр: денсаулықтың құпияларын бөлек-бөлек «құрам» ретінде жазып, бір жүйеге келтір.
Мысал құрамдар
Қорытынды ой
Тазалықтан, салқын судан қорқады екен жалқаулық; шымыр болып шыныққанда сақталады екен денсаулық. «Жаны саудың — дені сау». Денсаулықтың басты кепілі — таза ауа, салқын су және еңбек.
IV. Туған жер — алтын бесік
Кең екенін ғаламның аңғардың ба зер салып?
Туған жер — алтын бесіктің түрі де өзге соншалық.
Туған жердің ең қымбат қазынасы — халық. Халық — белгілі бір мемлекетті мекендейтін жергілікті жұрт, ел тұрғындары. Ал халық қазынасы — оның тілі, мәдениеті, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, ауыз әдебиеті.
Сұрақ: Бақыт дегеніміз не?
Бақытты әр адам әрқалай түсінеді. Осы сұраққа өз анықтамаңды беріп көр: «Мен үшін бақыт — ...».
Тапсырма
Халқымыздың рухани қазынасы мен материалдық байлығын анықтап, екі жүйеге бөліп көрсетіңіздер.
- Рухани: тіл, дәстүр, мәдениет, әдебиет
- Материалдық: табиғи байлық, еңбек өнімдері, инфрақұрылым
Жүректен — жүрекке
Қонақтарға жүрекшеге жазылған жақсы тілектерді таратып, бір-бірімізге ізгі сөз айтайық. Жақсы тілек — көңілдің шуағы, адамды жақсылыққа жетелейтін күш.
Қорытынды
Қандай ата-ана болсақ та, әр баламыздың қабілетті, тапқыр, талапты болып өскенін қалаймыз. «Адам» деген биік атты өмір бойы сын-сынақтан сүрінбей, абыроймен алып өту — әрқайсымыздың арманымыз.
С. А. Назарбаева айтқандай, болашақ Қазақстанның жастары салауатты да тәрбиелі, өзін-өзі таныған, экологиялық сауатты, ауасы таза, көкжиегі кең елде өмір сүруі керек.
Ұстаным
Салауатты өмір салтын бала кезден бастайық. Салауатты өмір салтын халық болып қолдайық!
Өзін-өзі тану қағидасы
Сабақты оқып, тәртіпті болу; білім жинап, дүниені тану; өзін-өзі тану — өз бойыңдағы кемшілікті көріп, оны түзетуге ұмтылу.