Санды көбейтіндіге бөлу жолдарын үйрету
Ашық сабақ: «Санды көбейтіндіге бөлу»
Мақсаты
- Санды көбейтіндіге бөлу арқылы амалдардың өзара байланысын түсіндіру.
- Санды көбейтіндіге бөлу тәсілдерін меңгерту және есеп шығаруда қолдану.
Қолданылатын тәсілдер
- Топқа бөлу: «Адасқан сандар».
- Блум таксономиясы бойынша жұмыс.
- Кубизм әдісімен сұрақ-жауап.
- Эстафеталық ойын, өзіндік және топтық жұмыс.
Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу және психологиялық ахуал
Шаттық шеңбері арқылы бір-біріне тілек айтып, жағымды атмосфера қалыптастырылады.
Шырылдады қоңырау — Біз сабақты бастаймыз. Партамызға отырып, Өзара көз тастаймыз. Табыс тілеп көзбенен, Жаңа білім алуға Алға қадам аттаймыз.
Топқа бөлу
«Адасқан сандар» әдісі бойынша оқушылар топтарға бөлінеді.
Өткенді еске түсіру
Алдыңғы сабақтағы білімді еске түсіру үшін мысал талданады:
Мысал
5 × (3 × 4) = ?
Талқылау
Көбейту амалындағы жақшаның мағынасы және көбейткіштердің байланысы.
Көпір
Осыдан «санды көбейтіндіге бөлу» тақырыбына өтеміз.
Жаңа тақырып: санды көбейтіндіге бөлу
1) Білу: ой қозғау
a : (b × c) түріндегі бөлуді орындаудың бірнеше тәсілі бар. Мысал: 18 : (2 × 3).
1-тәсіл
Алдымен көбейтіндіні табамыз:
18 : (2 × 3) = 18 : 6 = 3
2-тәсіл
Біріншіден бір көбейткішке, кейін екіншісіне бөлеміз:
(18 : 2) : 3 = 3
Жалпылау: a : (b × c) = (a : b) : c
3-тәсіл
Көбейткіштердің орнын ауыстырып бөлуге болады:
(18 : 3) : 2 = 3
Жалпылау: a : (b × c) = (a : c) : b
2) Түсіну: эстафеталық ойын
Оқушылар тапсырманы кезекпен жалғастырып орындайды (№1(ә), екінші баған).
3) Қолдану: өзіндік жұмыс
№2, №3(а) есептері орындалады.
Үлгі
250 : (5 × 10) = 5
Жауабы: 5 күнге.
«Кім жылдам?»
-
I
(5 × 8) × 12 =
-
II
5 × (8 × 12) =
-
III
(12 × 5) × 8 =
Сергіту сәті
Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы оқушылар сергіп алады.
Топтық жұмыс
1-топ тапсырмалары
x × 10 = 7890 − 890
10000 : x = 500 × 2
2-топ тапсырмалары
x : 10 = 18035 + 1965
100 × x = 98000 : 10
Логикалық есеп (2-топқа)
1-есеп
Мотоцикл жүргізушісі ауылға келе жатқанда жолдан өзіне қарсы үш жеңіл машина және бір КамАЗ кездестірді. Ауылға неше машина бара жатыр?
Жауабы: 1 (мотоцикл).
2-есеп
Қараңғы бөлмеде майшам және керосин шамы бар. Ең алдымен нені жағасың?
Жауабы: шырпы.
Тапқырлық тапсырмасы
Бір таяқшаны (шиді) жылжытып, теңдікті дұрыс ет:
78 − 3 = 3
Өзара тексеру
Топтар бір-бірінің жұмыстарын тексеріп, қателерін анықтайды және түзетеді.
1-топ
- 59 × (2 × 5)
- 560 : (10 × 8)
- 420 : (2 × 3)
2-топ
- 160 : (4 × 10)
- 360 : (3 × 2)
- 54 × (5 × 2)
Бағалау
- Өзін-өзі бағалау: смайликтер арқылы.
- Топтық жиынтық бағалау.
Үй тапсырмасы
№6 есеп, 108-бет.
Кері байланыс: «Кеме» әдісі
Оқушылар сабақтан алған әсерін желкеннің түсі арқылы білдіреді:
Жасыл желкен
Сәтті өттіСабақ ұнады және барлық тапсырма сәтті орындалды.
Сары желкен
Қиындық болдыСабақ барысында белгілі бір қиындық кездесті.
Қызыл желкен
Көмек қажетТапсырмаларды орындау қиын болды, мұғалімнің көмегі қажет болды.
Оқушылар стикерлерге өз жұмысына қатысты пікірлері мен ұсыныстарын жазып, сәйкес бөлімнің тұсына жапсырады.