Кіріктірілген сабақ. Сабақтың тақырыбы

Сабақтың тақырыбы

Металдар мен электролит ерітінділеріндегі электр тогы

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Металдар мен электролиттердегі электр тогының физикалық табиғатын түсіндіру.
  • Электр тогын өткізудегі заряд тасушылар туралы білімді жүйелеу.
  • Электролиттік диссоциация теориясы аясында түзілетін тұздар мен қышқылдар тақырыбы бойынша алған білімді қайталау және қорытындылау.

Дамытушылық

  • Оқушыларды өз бетімен ізденуге ынталандыру.
  • Білімін шығармашылық тұрғыдан дамытуға бағыттау.
  • Ой-өрісін кеңейту және өз бетімен қорытынды жасауға үйрету.

Тәрбиелік

  • Оқушының ғылымға қызығушылығын арттыру.
  • Ұжымшылдыққа, жауапкершілікке және ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың ұйымдастырылуы

Сабақтың түрі

Кіріктірілген сабақ.

Сабақтың әдісі

Аралас әдіс.