Қай ертегі кейіпкерлері екенін айту

Сайыстың мақсаты

Оқушыларды ертегілердің негізгі идеясын өз бетімен түсінуге баулу.

Болжау әдісі арқылы ертегіні көз алдына елестетуге, талдауға және салыстыруға үйретіп, қиялын, ой-өрісін дамыту.

Жаман әдеттерден аулақ болып, ақылды әрі тапқыр болуға тәрбиелеу, сондай-ақ әсемдікті бағалауға баулу.

Көрнекіліктер

  • АКТ (ақпараттық-коммуникациялық технологиялар)
  • Парақшалар
  • Ертегі кітаптары мен материалдары

Сайыстың барысы

I. Ұйымдастыру

Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгін 1-сынып оқушылары арасында ұйымдастырылатын «Менің ертегі әлемім» атты сайысқа қош келдіңіздер.

Сайысқа 1 «А» және 1 «Ә» сыныптарынан төрт оқушыдан, барлығы сегіз оқушы қатысады.

Төменде сайыс бөлімдерімен таныса аласыздар.

Әділқазылар алқасы

  • Қапезова Гүлбану — бастауыш сынып мұғалімі
  • Қабдырахманова Ш. — бастауыш сынып мұғалімі

Сайыс бөлімдері

I бөлім

Бұл қай ертегі?

Ертегі кейіпкерлеріне қарап, қай ертегі екенін анықтау.

II бөлім

Кім көп біледі?

Жұмбақтарды шешіп, олардың қай ертегінің кейіпкері екенін табу.

III бөлім

Адасқан әріптер

Әріптерден сөз құрастырып, шыққан есімнің қай ертегіден екенін айту.

IV бөлім

Мен білетін ертегі

Әр топтан бір оқушы өзі білетін ертегінің мазмұнын баяндап береді.

II бөлім: Жұмбақтар

Оқушылар жұмбақтың жауабын тауып, оның қандай ертегі кейіпкері екенін айтады.

Жол үстінде қу қазық,
Мергеншіге жол азық.
Жауабы: қоян
Екі басы жұдырықтай,
Ортасы қылдырықтай.
Жауабы: құмырсқа
Белестен шыққан бесті ат,
Бүкір келген желісті ат.
Бейғам елді іздейді,
Малдан күдер үзбейді.
Жауабы: қасқыр
Өзі жап-жас, мұрты бар,
Ет пен сүтке ұмтылар.
Тастамайды жылы үйде,
Түкті тоны шұп-шұбар.
Жауабы: мысық
Күндіз тіпті ұшпайды,
Түнде тышқан ұстайды.
Көзі шамға ұқсайды.
Жауабы: жапалақ
Қайталап атымды,
Көктемде ән саламын.
Кез келген ұяға
Жұмыртқа саламын.
Жауабы: көкек

III бөлім: Адасқан әріптер

Оқушыларға әріптері араласқан сөздер беріледі.

Міндеті — әріптерден ертегі кейіпкерлерінің атын құрастырып, олардың қай ертегіден екенін айту.

IV бөлім: «Мен білетін ертегі»

Әр топтан бір оқушы таңдалып, өзі білетін ертегінің мазмұнын ретімен, түсінікті етіп баяндап береді.

Бағалау кезінде сөйлеу мәдениеті, мазмұндаудың жүйелілігі және негізгі ойды жеткізуі ескеріледі.

Қорытынды

Сайыс соңында жеңімпаз топ анықталып, қатысушылар мадақталады.