Венн диаграммасы арқылы сабақты бекіту
Сабақтың мақсаты
- Етістіктің сөйлемдегі қызметі бойынша білім қалыптастыру.
- Оқушының өз ойын тиянақты, жүйелі жеткізуіне жағдай жасау; шығармашылыққа баулу; логикалық ойлауын дамыту.
- Жаттығулар арқылы ізеттілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Түрі
Қайталау сабағы
Әдісі
Сұрақ-жауап, түсіндіру, қызығушылықты арттыру
Көрнекілігі
Венн диаграммасы, сызбалар, слайд
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Сыныпты сабаққа бағыттауОқушылардың назарын сабаққа аудару, жұмыс ырғағын қалыптастыру.
2) Үй жұмысын тексеру
Өткенді еске түсіруЖаттығу жұмысын тексеру арқылы өткен тақырыпты қайталау.
Жұмбақ (сөзді тап)
Тастан тасқа секіріп,
Жем тереді... (кекілік)
Айбат шегер алыстан,
Аң патшасы... (арыстан)
3) Жаңа сабақ
Тақырыпты ашуОқушылар етістік туралы жалпы білімдерін көрсетті. Бүгінгі сабақ етістікпен тікелей байланысты жаңа мазмұнды ашады.
Сабақ тақырыбы
Етістіктің сөйлемдегі қызметі
Дәптерге бүгінгі күн мен сабақтың тақырыбын жазу.
Сұрақ (мақсат қою):
Осы сабаққа қандай мақсат қоясыздар?
Күтілетін жауап: өз ойымызды жүйелі жеткізу арқылы таным көкжиегімізді кеңейту.
Экранмен жұмыс: сөзжұмбақ
Экрандағы сөзжұмбаққа назар аударып, шешуін табу.
«Ойлан, тап» тапсырмасы
Дара етістіктерді күрделі етістіктерге айналдырып жазып, сөйлем құрастыру.
Үлгі
Жазып жатыр. Айнаш әжесі туралы шығарма жазып жатыр.
Оқулықпен жұмыс: 12-жаттығу
Көп нүктенің орнына тиісті етістіктерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу.
- Жыршы жыр...
- Ақын өлең...
- Дәрігер ауруларды...
- Мұғалім балаларды...
- Сауыншы сиыр...
Тақтамен жұмыс: деңгейлік тапсырма
Сәйкестігін тап.
Шарт
- Оқысаң...
- Аяғың ауырса...
- Көп ұйықтасаң...
- Шөлдесең...
- Көзің ауырса...
- Жаз шықса...
Нәтиже
- түсінесің
- көп жүрме
- басың ауырады
- сусын ішесің
- қолыңмен сүртпе
- күн жылынады
Сергіту сәті
Қысқа сергіту жаттығуларын орындау.
Бекіту: Венн диаграммасы
Венн диаграммасы арқылы зат есім мен етістікті салыстырып, айырмашылығы мен ұқсастығын анықтау.
Зат есім
Кім? Не? сұрақтарына жауап береді; заттың, құбылыстың атауын білдіреді.
Етістік
Не істеді? Не қылды? Қайтті? сұрақтарына жауап береді; қимыл-әрекетті білдіреді.
Бағалау
Оқушылардың тапсырмаларды орындауына, белсенділігіне қарай бағалау.
Үй тапсырмасы
15, 16-жаттығу. Тапсырмаларды орындап келу.