Тышқан ақпаратты сақтауға арналған құрылғы
Сыныптар
8 «А», 8 «Б»
Сайыс тақырыбы
«Информатика патшалығында»
Сайыс мақсаты
Білімділік
Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау, бақылау және бағалау; өз бетімен білім деңгейін көтеруге жағдай жасау.
Дамытушылық
Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін және логикалық ойлауын дамыту; пәнге қызығушылығы мен белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік
Шапшаңдыққа, өз ойын анық жеткізе білуге, жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, нәтижеге жетуге, ұйымшылдыққа және ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі
- Интерактивті тақта
- Компьютер
- Презентация
- Плакат
- Маркер
Сайыс кезеңдері
-
1-кезең
Дешифратор
-
2-кезең
«Егер мен болсам...»
-
3-кезең
«Компьютер — 2030»
-
4-кезең
Көкпар (пікірталас)
-
5-кезең
Логикалық сұрақтар
-
6-кезең
Шығармашылық тапсырма
Сайыстың барысы
I тур — «Дешифратор»
Ойын шарты
Әр командаға 15 сұрақ қойылады. Жауап тек «иә» немесе «жоқ» түрінде беріледі. Әр дұрыс жауап — 10 ұпай.
I командаға
- «Ақпарат» сөзі латын тілінен аударғанда «түсіндіру, баяндау, мәлімет» дегенді білдіреді. (иә)
- Баспаға шығару құрылғысы пернетақта деп аталады. (жоқ)
- Адам ақпаратты сақтай алмайды. (жоқ)
- Ең алғашқы ЭЕМ 1946 жылы АҚШ-та пайда болды. (иә)
- Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі килобайт деп аталады. (жоқ)
- Компьютер ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал. (иә)
- Тышқан ақпаратты сақтауға арналған құрылғы. (жоқ)
- Пернетақта — компьютерге ақпаратты енгізу құрылғысы. (иә)
- Қазіргі компьютер пернетақтасында 80 перне болады. (жоқ)
- Delete — алдыңғы символды өшіру пернесі. (жоқ)
- Компьютерде жұмыс істеу үшін операциялық жүйе қажет емес. (жоқ)
- 1 мегабайт 8 байтқа тең. (жоқ)
- ЭЕМ дамуының I буынында электрондық шамдар пайдаланылды. (иә)
- Адамға ақпарат дыбыс, мәтін, графика түрінде берілмейді. (жоқ)
- Процессор — компьютердің миы. (иә)
II командаға
- Информатика — ЭЕМ көмегімен ақпаратты жинау, сақтау және өңдеу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. (иә)
- 1 килобайт 1024 байтқа тең. (иә)
- Дисплей — компьютер экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. (иә)
- Сканер — ақпаратты енгізу құрылғысы. (иә)
- Электрондық есептеуіш техниканың даму тарихы бірнеше буынға бөлінеді. (иә)
- ЭЕМ дамуының III буынында электрондық шамдар пайдаланылды. (жоқ)
- Бит пен байт — ақпараттың өлшем бірліктері. (иә)
- Пернетақта мен сканер — дербес компьютердің сыртқы құрылғыларына жатады. (иә)
- Принтер — ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы. (иә)
- 1846 жылы Бэббидж машинасына программа жазған — Ада Лавлейс. (иә)
- 1 кбайтта 1024 мбайт бар. (жоқ)
- Процессор — компьютердің миы. (иә)
- Пернетақта — компьютерге ақпаратты енгізу құрылғысы. (иә)
- 1 килобайт 8 байтқа тең. (жоқ)
- ЭЕМ даму тарихы 7 буыннан тұрады. (жоқ)
II кезең — «Егер мен болсам...»
Нұсқау
«Құпиялы сандықшадағы» сұрақтарға топ мүшелері жауап береді. Топ басшылары берілген заттарды қарап, мәселені шешу жолын ұсынады. Оқушылар қағаз бен қаламға өз ойларын жазады. Уақыт — 1 минут.
Сұрақ
Тышқанның шары кірленіп, қозғалысы тоқтап қалса, не істер едің?
Берілген 8 зат
- 1) Табақтағы су
- 2) Сабын
- 3) Орамал
- 4) Парақ
- 5) Спирт
- 6) Мақта
- 7) Отвертка
- 8) Қайшы
Ұсынылатын жауап
Алдымен тышқанның шаригін алып, сабынды суға жуып, орамалмен сүртеміз. Содан кейін оны парақ бетіне қойып, толық құрғағанша күтеміз. Тышқанның ішкі бөлігін спиртке малынған мақтамен тазалаймыз.
III кезең — «Кім көп біледі?»
Әр топ «Компьютер — 2030» тақырыбы бойынша салынған суретті өз ойларынша қорғайды: идеясы, мазмұны, қолданылуы және болашағы туралы қысқаша таныстырады.
IV кезең — «Көкпар» (түрлі-айтыс)
Түсіндірме
Тақтаға сөз тіркесі ілінеді: қызыл түсті алған оқушы — тақырыпты мақтайды, көк түсті алған оқушы — даттайды. Бұл бөлімде тақтаға «КӨКПАР» сөзі ілінеді.
Тақырып
Компьютердің пайдасы мен зияны
1-топ (пайдасы)
- Компьютерлік ойын баланың ақыл-ойын дамытады.
- Ойлау қабілетін күшейтеді.
- Компьютермен еркін, қорықпай жұмыс істеуге үйретеді.
- Шапшаңдыққа, байқампаздыққа, тапқырлыққа тәрбиелейді.
- Білімге құштарлықты оятады.
- Жасына сай әрекет жасауға бейімдейді.
2-топ (зияны)
- Компьютерлік ойын баланы қызбалыққа, жүйелі ойламауға итермелеуі мүмкін.
- Ұзақ отыруға әдеттендіреді; көзге түсетін жүктемені арттырады.
- Көру қабілетіне кері әсер етуі мүмкін.
- Жаттанды әрекеттерге (белгілі бір пернелерді қайталап басу) үйретуі ықтимал.
- Кейде робот тәрізді, бірсарынды жұмысқа бейімдеуі мүмкін.
- Электр энергиясын үнемдеуге итермелейді.
Ескерту: пікірталаста әр тұжырымға дәлел келтіру және қауіпсіздік ережелерін сақтау мәдениеті бағаланады.
V кезең — Логикалық сұрақтар
Шарты
Әр топқа 3 логикалық сұрақ қойылады. Әр дұрыс жауап — 5 ұпай.
Сұрақтар
- Елеуішпен су әкелуге бола ма?
- Бес адам кездесіп қалып, бір-бірімен қол алысты. Барлық қол алысу саны қанша?
- Термометр аязда −3° көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді?
- Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалады?
- Мотоцикл жүргізушісі ауылға келе жатып, қарсы бағытта үш жеңіл көлік пен бір КамАЗ-ды кездестірді. Ауылға қанша машина бара жатыр?
- Бір жылда ең көп дегенде неше жексенбі болуы мүмкін?
Ойлануға арналған кеңес
Бұл бөлімде жылдамдықпен қатар дәлелді ойлау маңызды: шартты мұқият оқып, «нені сұрап тұр?» дегенді нақтылап алыңыз.
Бағалау
- Дұрыс жауап — 5 ұпай
- Жауапты негіздеу — қосымша артықшылық
- Топтық келісім мен тәртіп — жалпы әсер
VI кезең — Шығармашылық тапсырма
Қорытынды бөлімде топтар шығармашылық тапсырманы орындайды және нәтижесін қысқаша таныстырады.
Марапаттау және қорытынды
Бүгінгі «Информатика патшалығында» сайысымыз өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңыз бен белсенді қатысқандарыңыз үшін алғысымыз шексіз!