Құрметті ұстаздар, оқушылар Тапқыр достар атты сайысқа қош келдіңіздер

Сайыстың мақсаты мен тәрбиелік мәні

Бұл іс-шара 1-сынып оқушыларының бірінші жартыжылдықта меңгерген білім деңгейін анықтауға бағытталған. Сонымен қатар балалардың оқуға, білімге деген қызығушылығын арттырып, көпшілік ортада өзін мәдениетті ұстауға, ұстазын және құрдастарын құрметтей отырып өзін танып-білуге үйретеді.

Сайыс барысында оқушылардың логикалық ойлауы, есте сақтауы және сөздік қоры дамиды. Топтық жұмыс арқылы бірін-бірі тыңдауға, ұйымшылдықпен әрекет етуге тәрбиеленеді.

Сынып

1-сынып

Тақырып

«Тапқыр достар»

Формат

Топтық сайыс, 5 кезең

Қажетті құралдар

  • Интербелсенді тақта
  • Жалаушалар
  • Түрлі түсті қағаз, желім
  • Плакат

Барысы

Жүргізушінің кіріспе сөзі

Уа, халайық, халайық!

Бәріңе жар салайық.

Бүгінгі кеш төрінде, 1-сыныптар ішінде

Сұрақ шешіп жарысып, жұмбақ шешіп аңдысып,

Шабыттасып шалқысып, көңілді кеш жасайық.

Ал, сайыскер балалар! Білімдерін сынайық, «Тапқыр достар» ішінен көшбасшысын табайық!

Құрметті ұстаздар мен оқушылар, «Тапқыр достар» атты сайысқа қош келдіңіздер!

Топтар

I топ

1 «А» сыныбы

II топ

1 «Б» сыныбы

III топ

1 «В» сыныбы

Әділқазылар алқасы

  1. ________________________
  2. ________________________

Сайыс кезеңдері (5 кезең)

1-кезең

Жылдам сұрақтар (әр топқа 5 сұрақ)

2-кезең

«Бейнелер сыр шертеді» (мультфильм мазмұнын айту)

3-кезең

«Қай жемісті таңдайсың?» (жасырылған тапсырмалар)

4-кезең

«Кімнің есінде қалды?» (есте сақтау тапсырмасы)

5-кезең

«Келші, досым, көмектесші!» (бірлескен шығармашылық жұмыс)

1-кезең: Жылдам сұрақтар

Әр топқа 5 сұрақ қойылады. Жауаптар қысқа әрі нақты болуы тиіс.

I топ (1 «А»)

  1. Қазақстан Республикасының Президенті кім? Жауап: Н. Ә. Назарбаев
  2. 5 + 3 қосындысы нешеге тең? Жауап: 8
  3. Түйе сүтінен жасалатын сусын қалай аталады? Жауап: шұбат
  4. Жуан дауысты дыбыстарды ата. Жауап: а, о, ұ, ы
  5. Жұмбақтың шешуін тап: «Тұмсығымен қозғалар, соңында аппақ із қалар». Жауап: бор

II топ (1 «Б»)

  1. Жылқы сүтінен жасалатын сусын қалай аталады? Жауап: қымыз
  2. 6 + 4 қосындысы нешеге тең? Жауап: 10
  3. Жіңішке дауысты дыбыстарды ата. Жауап: ә, ө, ү, е, і
  4. Жұмбақтың шешуін тап: «Тікен-тікен тік пісте, қысы-жазы бір түсте». Жауап: шырша
  5. Біздің ауданымыз қалай аталады? Жауап: Қармақшы

III топ (1 «В»)

  1. Қазақстан Республикасының рәміздерін ата. Жауап: Ту, Елтаңба, Әнұран
  2. Жұмбақтың шешуін тап: «Табаныма байладым, қос таяқпен айдадым». Жауап: шаңғы
  3. 6 + 2 қосындысы нешеге тең? Жауап: 8
  4. Сиыр төлі қалай аталады? Жауап: бұзау
  5. Жылдың төрт мезгілін ата. Жауап: қыс, көктем, жаз, күз

2-кезең: «Бейнелер сыр шертеді»

Оқушыларға мультфильм көрсетіледі. Әр топ көргендерінің мазмұнын қысқаша, жүйелі түрде әңгімелейді.

3-кезең: «Қай жемісті таңдайсың?»

Жемістердің әрқайсысында тапсырма жасырылған. Оқушылар таңдаған жемісіне сәйкес тапсырманы орындайды.

Алма

Үй жануарларын ата.

Алмұрт

Жабайы жануарларды ата.

Банан

Бейне-сұрақ.

Шие

Сурет бойынша әңгімені тап.

Құлпынай

Бұл ненің дыбысы?

Жүзім

Жасырылған затты сипап сезу арқылы тап.

Ананас

Бұл заттардың жалпы атауы қалай?

Анар

Сиырдың пайдасы қандай?

Таңқурай

Бұл ертегі қалай аталады?

4-кезең: «Кімнің есінде қалды?»

Мұғалім сөздерді оқып береді. Оқушылар есінде қалған сөздерді теріп жазады.

Берілетін сөздер

Қой, парта, қар, ай, ешкі, қағаз, кітап, ит, сағат, шана.

5-кезең: «Келші, досым, көмектесші!»

Оқушылар электронды оқулықта көрсетілген қиылған мозаиканы құрастырады. Кейін топ болып бірлесіп саңырауқұлақ жапсыру арқылы жұмысты аяқтайды.

Тапсырма 1

Қиылған мозаиканы құрастыру.

Тапсырма 2

Топтық жапсырма: саңырауқұлақ жасау.

Қорытынды бөлім

Әділқазылар алқасына сөз беріледі. Нәтижесінде жеңімпаздар анықталып, марапатталады.