Ақпарат көздерін тиімді пайдалану арқылы Абай Құнанбаевтың Қыс өлеңінің мазмұны мен идеясын ашу

Сабақтың тақырыбы

Әдебиеттік оқу (3-сынып). Абай Құнанбаевтың «Қыс» өлеңі.

Жаңа білімді меңгеру Топтық жұмыс Жұптық жұмыс

Мақсаты

Ақпарат көздерін тиімді пайдалану арқылы Абай Құнанбаевтың «Қыс» өлеңінің мазмұны мен идеясын ашу.

Міндеттері

  • Өлеңдегі кейіпкердің көңіл күйін сезініп, бейнелі тілмен сөйлеуге машықтану.

  • Оқушылардың шығармашылық бағытта жұмыс істеуіне ықпал ету.

  • Өзіндік пікір қалыптастырып, тапсырмаларды өзара талқылау, қорытынды жасау және түйінді ойларды жинақтай білу.

  • Қоршаған ортаның тылсым сырларына қызығушылық оятып, табиғатты аялауға және табиғат сұлулығын сезінуге тәрбиелеу.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Миға шабуыл Болжау Жиксо-1 Сергіту жаттығулары Жұптас, ойлан, бөліс INSERT RAFT

Күтілетін нәтиже

Тілдік дағды

Бейнелі сөздердің мәтінмен байланысын анықтап, оларды ауызекі тілде орынды қолдана алады.

Ынтымақтастық

Жұптық және топтық әрекеттерде белсенділік танытып, сыни тұрғыдан бағалай алады.

Құндылық

Табиғаттың сұлулығын сезініп, оған жауапкершілікпен қарау дағдысы нығаяды.

Автор туралы

Қарағанды қаласы, №82 жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі — Абугалиева Самал Нұртайқызы.

Материал: Абайдың «Қыс» өлеңі бойынша сабақ жоспары.

«Абайдың Қыс өлеңі» материалын жүктеу