Өлеңді түсініп оқы

Қазақ тілі • 4-сынып • Жаңа сабақ

Сабақтың тақырыбы: Дара және күрделі сын есім

Бұл сабақта оқушылар сын есімнің дара және күрделі түрлерін ажыратып, мәтін мен өлеңнен сын есімдерді тауып, салыстыру арқылы білімдерін бекітеді.

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ.

Көрнекіліктер

  • Кестелер
  • Карточкалар
  • Плакаттар және т.б.

Сабақтың мақсаты

I. Білімділік

Оқушыларды сын есімнің дара және күрделі түрлерімен таныстырып, жалпы түсінік қалыптастыру.

II. Дамытушылық

Есте сақтау қабілетін, ой-өрісін, шығармашылығын, сөздік қорын және сөйлеу мәдениетін дамыту. Өз ойын толық әрі нақты жеткізе білуге үйрету, әр оқушының жеке қабілетін қалыптастыру.

III. Тәрбиелік

Ұжымшылдыққа, адамгершілікке, тазалыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке, сауаттылыққа және білімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері

Сұрақ-жауап Әңгімелеу Түсіндіру Баяндау Талдау-жинақтау Пікірталас

Жаңа тақырып: дара және күрделі сын есім

Сын есім екіге бөлінеді: дара және күрделі.

Дара сын есім

Бір сөзден жасалады.

сары биік аласа

Күрделі сын есім

Екі немесе одан да көп сөзден жасалады.

сары ала қара торы

Назар аударатын тұстар

  • Дара сын есім бір ғана сөзден тұрады.
  • Күрделі сын есім бірнеше сөздің тіркесуі арқылы жасалады.
  • Мәтіннен сын есімдерді тапқанда олардың дара немесе күрделі екенін міндетті түрде анықтаймыз.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу.
  • Ойға шақыру: психологиялық даярлық жүргізу.

II. Өткен материалды еске түсіру (жалпылау)

  • Үй тапсырмасын сұрау және тексеру.
  • Неге көңіл аудару керектігін анықтау және ескеру.
  • Білімді жан-жақты тексеру.

III. Жаңа сабақ

1-жаттығу

Екі бағандағы қарамен жазылған сын есімдерді салыстыру.

2-жаттығу

Мәтінді түсініп оқу. Мәтіннен сын есімдерді табу және салыстыру.

3-жаттығу

Өлеңді түсініп оқу. Өлеңді көшіріп жазу.

Сергіту сәті

Ойын: «Сөз қуаласпақ».

4-жаттығу

Берілген сын есімдерді екі топқа бөліп жазу: дара сын есімдер және күрделі сын есімдер.

6-жаттығу

Шығармашылық жұмыс: пентаграмманы толтыру. Бос торкөздерге берілген сөзге әріп саны бірдей, қарсы мағыналы сөздер тауып жазу. Соңында: бұл қай сөз табы екенін анықтау.

IV. Бекіту

Оқушылардың түсіну деңгейін тексеру, негізгі ұғымдарды қайталау және білімін бағалау.

VI. Үй тапсырмасы

5-жаттығу, 40-бет.

VII. Бағалау

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, жеткен жетістіктерін атап өту арқылы білімдерін бағалау.