Жатыс септік кімде
Сабақ тақырыбы: Жатыс септік
Білімділік
Зат есімнің септелуі туралы білімді нығайту. Жатыс септіктегі сөздердің қандай сұрақтарға жауап беретінін және оның жалғауларын меңгерту.
Дамытушылық
Жаттығулар арқылы жатыс септіктегі сөздің сөйлемде тұрлаусыз мүше болатынын аңғарту, оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту.
Тәрбиелілік
Сауатты, таза жазуға баулу; ана тілін құрметтеуге және денсаулықты сақтауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер
- Сұрақ-жауап
- Ой қозғау
- Семантикалық карта
- Топтық жұмыс
Көрнекіліктер
- Слайд
- Плакат
- Парақшалар
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру: психологиялық дайындық
Қазақ тілі — өз тілім, ана тілім.
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызым мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім.
Өз тілімізді құрметтей отырып, қазақ тілі сабағын бастаймыз.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Тапсырма: 53–54-жаттығулар, ережені қайталау.
Сұрақ қою арқылы қорытындылау.
Қайталау сұрақтары
- Зат есім дегеніміз не?
- Оның қандай түрлері бар?
- Қазақ тілінде қанша септік бар?
III. Жаңа сабақ
Қызығушылықты ояту
Ертегі айту арқылы септіктерді қайталау және оқушылардың назарын жаңа тақырыпқа аудару.
Ой қозғау
«Анаргүл... қызықты оқулықтар бар.» сөйлеміндегі көп нүктенің орнына тиісті жалғауды қойыңыз.
Ереже: жатыс септік
Сұрақтары
Кімде? / Неде? / Кімдерде? / Нелерде? / Қайда?
Жасалу жолы
Жатыс септік атау септіктегі сөзге -да, -де, -та, -те жалғаулары жалғану арқылы жасалады. Бұл жалғаулар жатыс септік жалғаулары деп аталады.
Оқулықпен жұмыс
55-жаттығу (ауызша)
Шөлде гүлдейді, құлпырады,
Суда өмірі қырқылады.
(Сексеуіл)
Тапсырма: Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қойып, олардың қай септікте тұрғанын анықтаңыз.
56-жаттығу
Тапсырма: Мақалдарды оқып, жатқа жазыңыз. Жатыс септіктегі сөздердің астын сызып, сұрақ қойыңыз.
Күш білімде.
Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі.
57-жаттығу
Тапсырма: Мәтінге ат қойыңыз.
Арша өсімдігі
Арша тасты жерлерде, таулы аймақтарда өседі. Дәрі жасау үшін оның жемісін пайдаланады. Құрамында эфир майлары, қант, алма қышқылдары, минералды тұздар бар.
58-жаттығу: барыс септік пен жатыс септікті салыстыру
Барыс септік
Кімге? / Неге? / Қайда?
Жалғаулары: -ға, -ге, -қа, -ке
Жатыс септік
Кімде? / Неде? / Қайда?
Жалғаулары: -да, -де, -та, -те
Мысалдар
Сергіту сәті
Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындату арқылы оқушылардың назарын қайта шоғырландыру.
59-жаттығу
Өзенде көптеген балықтар бар.
Жайлауда мал өріске шығады.
Қыста балалар әдемі аққала жасайды.
Көгенде ұсақ малды байлайды.
Бесікте баланы тербетеді.
Топтық жұмыс
I-топ
Тапсырма: Мақалдар құрастырып, ішінен септікте тұрған сөздерді табыңыз және олардың қай септікте тұрғанын айтыңыз.
Жақсы адам — елдің көркі, жауқазын гүл — жердің көркі.
Адамның құлқы түзелмей, өмірдің құлпы түзелмейді.
Дауды елемеген төлейді, ауруды елемеген өледі.
II-топ
Тапсырма: «Кітап», «мектеп», «қала» сөздерін септеңіз. Жатыс септіктегі тұлғасын бөліп көрсетіңіз.
Нұсқа: кітапта, мектепте, қалада.
Қорытынды
Бүгінгі сабақта жатыс септіктің сұрақтары мен жалғауларын қайталап, жаттығулар арқылы оны сөйлем ішінде дұрыс қолдануды бекіттік.