Бекіту тапсырмалары
Сабақтың тақырыбы
Теңдеулер және олардың жүйелерін шешудің жалпы әдістері (Алгебра, 11-сынып).
Сабақтың мақсаты
- Теңдеулер мен теңдеулер жүйелерін шешудің негізгі тәсілдері бойынша білімді жалпылау.
- Теңдеулердің түрлерін ажыратып, оларды шешу жолдарын жүйелеу.
- Тиімді әдіспен шығару дағдысын дамыту, дәлдік пен нақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақ туралы қысқаша
- Сабақтың түрі
- Практикалық
- Сабақтың типі
- Бекіту сабағы
- Сабақтың әдістері
- Топтық жұмыс, жеке жұмыс, талдау, тест, сұрақ-жауап.
Көрнекіліктер
- Теңдеу түрлері жазылған плакаттар
- Бағалау парағы
- Слайдтар
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
Топқа бөлуОқушылар 5 топқа бөлініп, жұмысқа дайындалады.
II. Үй жұмысын тексеру
Сұрақ-жауап1) Теңдеу дегеніміз не?
Құрамында айнымалысы бар теңдік теңдеу деп аталады.
2) Теңдеудің түбірлері дегеніміз не?
Айнымалының теңдеуді тура санды теңдікке айналдыратын мәні теңдеудің түбірі деп аталады.
3) Теңдеуді шешу дегеніміз не?
Теңдеудің түбірлерін табу немесе олардың жоқ екенін дәлелдеу.
4) Мәндес теңдеулер дегеніміз не?
Түбірлері бірдей теңдеулер мәндес теңдеулер деп аталады. Сондай-ақ шешімі жоқ теңдеулер де бір-біріне мәндес болуы мүмкін.
5) Теңдеулер неше түрге бөлінеді?
Екіге бөлінеді.
III. Топтық жұмыс
Плакат + қорғауӘр топтан бір оқушы шығып, тақырып таңдайды. Таңдалған тақырып бойынша топ мүшелері бірігіп плакатқа теңдеу түрін, негізгі қасиеттерін және шешу тәсілдерін жазады да, сынып алдында қорғайды.
1-топ
Рационал теңдеулер
2-топ
Иррационал теңдеулер
3-топ
Тригонометриялық теңдеулер
4-топ
Көрсеткіштік теңдеулер
5-топ
Логарифмдік теңдеулер
Уақыт тәртібі
Әр топ өз тақырыбын қорғағаннан кейін, ҰБТ форматындағы теңдеулерден таңдаған бір есебін шығарады. 2013 жылғы ҰБТ тапсырмаларынан әр тақырыпқа 2 есептен ұсынылады.
IV. Бекіту тапсырмалары
Жеке жұмысТеңдеулер және олардың жүйелерін шешудің жалпы әдістері бойынша жеке тапсырмалар орындалады.
Қосымша материал
Тақырып бойынша тапсырмалар жинағын жүктеу