Бәріміз жайғастық

Сабақтың тақырыбы

Қайталау: сандарды жазбаша қосу және азайту.

Сабақтың мақсаты

  • Қосу және азайту амалдарын баған түрінде орындауды қайталау.
  • Бір және екі амалмен шығарылатын есептерді талдау, теңдеу құру және шешу.
  • Ой-өрісті, шығармашылық қабілетті, математикалық тіл мен сөз қорын дамыту.
  • Ойын нақты, толық жеткізуге, тапқырлыққа, жылдамдыққа, ептілікке тәрбиелеу.

Сабақ форматы

Сабақ түрі
Саяхат сабағы
Сабақ әдістері
Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын

Көрнекіліктер

Теңіз макеті, кеме, теңіз мекендеушілері (бейне/суреттер), слайдтар, үлестірмелі материалдар.

теңіз кеме слайд үлестірме

Сабақ барысы: «Білім теңізіне саяхат»

Психологиялық ахуал

Білімнің тұңғиығын бойлайтын,
Оқысаң жалықтырмайтын,
Ғылымдар патшасы боп дараланған —
Математика қызығына тоймайық!

Бүгін біз «Білім теңізінде» жүзе отырып, математика еліне саяхат жасаймыз. Мақсатқа жету үшін жолдағы кедергілерден сүрінбей өтуіміз керек.

Кеме дайын ба?

Теңізде жүзу үшін бізге не қажет? Кеме. Үй тапсырмасын дұрыс орындасаңдар — кемеміз сапарға дайын.

Саяхат барысында алған білімімізді қайталап, бәрін «теңіз түйіншегіне» мықтап байлаймыз: есептер шығарамыз, теңдеу құрамыз, жаңа мәліметтермен танысамыз.

Дәптерлерің саяхат бойы борт журналы болады. Жазуларың анық әрі таза болсын.

Бірінші жазба: күні, сынып жұмысы.

Барлығымыз жайғастық. Ендеше, штурвалды қолға алып, жолға шығайық:

Ал, балалар, саяхатқа шығайық,
Талай жерді көрейік,
Асулардан асайық,
Түзу жолды жасайық,
Білімге біз енейік,
Кедергіні жеңейік!

Зәкір тапсырмасы: өлшем бірліктерін толықтыр

  • 1 дм = * см
  • 1 жыл = * ай
  • 1 сағ = * мин
  • 1 тәул = * сағ

Дәптермен жұмыс. Зәкір көтерілді — кемеміз ашық теңізге шықты.

Кедергі: 0 шығатындай азайт

Бірдей сандарды азайту арқылы нәтижені 0-ге жеткіз.

  • 15 − 5 − 5 − 5 = 0
  • 16 − 8 − 8 = 0
  • 18 − * − * = 0
  • 16 − * − * − * − * = 0

Алдымызда айсберг — мұзтау. Мұзтау дегеніміз — су бетінде қалқып жүретін ірі мұз массасы. Үлкен мұзтаудың сынығы су бетінен 70 м-ге дейін көтеріліп тұруы мүмкін.

Айсбергке соғылмас үшін периметрді есептейік.

Айсберг тапсырмасы: периметрді тап

  1. Қабырғасының ұзындығы 4 см болатын шаршының периметрін тап.
  2. Қабырғалары 5 см және 3 см болатын тіктөртбұрыштың периметрін тап.
  3. Қабырғалары 4 см, 5 см, 6 см болатын үшбұрыштың периметрін тап.

Жарайсыңдар! Мұзтаудан аман өттік.

Дүлей жел және жұмбақ толқын

Дүлей жел соғып, айнала бұлыңғыр тартты. Кенет жел басылып, толқын бізге жұмбақ әкелді:

2 ИТ — кит

Қызықты мәлімет: көк кит

  • Көк кит — ең ірі сүтқоректі жануар.
  • Ұзындығы 33 м-ге дейін жетеді.
  • Тілінің салмағы 3 тоннаға дейін болуы мүмкін.
  • Төлі пілден де ірі келеді; баласын сүтімен асырайды.
  • Сүті сиыр сүтінен шамамен 10 есе қою.

Есеп шығару (№4, 182-бет)

Қатысушы: 60 өнерпаз

Әнші: 20

Биші: 6

Домбырашы: ?

Шешуі:

60 − (20 + 6) = 34

Жауабы: 34 домбырашы.

Өте жақсы! Кит сендерге риза — аспан ашылып, кемеміз бағытын жоғалтпай алға жүзді.

Сандар аралы: маймылдардың тапсырмасы

Алдымызда «сандар аралы» көрінді. Бәлкім, мұнда Робинзон Крузо болған шығар. Аралдағы маймылдар бізге тапсырма дайындап қойыпты — шығара алмасақ ұят!

34 + 19 = 53
53 − 18 = 35
5 + 9 − 6 = 8
72 − 18 = 54
50 − 17 = 33
17 − (12 − 5) = 10
46 + 25 = 71
71 − 24 = 47
90 − (13 − 6) = 83

Кездесу: тасбақа

Сауыттан мықты шапаны,
Жәндіктің нағыз шабаны.

Жауабы: тасбақа

Қызықты мәлімет: тасбақа

  • Тасбақаның екі түрі бар: теңіз тасбақасы және құрлық тасбақасы.
  • Жасыл теңіз тасбақасының жүзу қанатшалары болады (жарғақты аяқ).
  • Жұмыртқасын құмға шұңқыр қазып салады.
  • Өкінішке орай, жұмыртқалардың бір бөлігі құстар мен жыртқыштарға жем болады.

Тасбақа өз тапсырмасын ұсынып тұр: теңдеулерді шеш.

  • 27 + x = 90
  • 90 − x = 63
  • x − 27 = 63

Тасбақа риза болып, сендерді су асты әлеміне саяхатқа шақырады.

Су асты әлемі: түспен берілген тапсырмалар

Су астына түсеміз: сегізаяқ, теңіз жұлдызы, медуза, теңіз аты сияқты мекендеушілермен танысамыз. Олармен «достасу» үшін тапсырмаларды орындаймыз.

Көк

есептеу
  • (23 + 64) − 45 = 42
  • (72 + 28) − 46 = 54

Қызыл

қайталау
  • 3 + 3 + 3 + 3 = 12
  • 15 − 5 − 5 − 5 = 0

Сары

бекіту
  • 100 − 77 = 23
  • 65 + 35 = 100

Аққу хат әкелді: «Неше теңіз бар?»

Тынық мұхит — 13 теңіз
Солтүстік мұзды мұхит — 10 теңіз
Атлант мұхиты — 9 теңіз
Барлығы — 37 теңіз
Үнді мұхиты — ?

Шешуі:

13 + 10 + 9 = 32

37 − 32 = 5

Жауабы: Үнді мұхитында 5 теңіз бар.

Қорытынды

Саяхатымыз аяқталды, кеш батты. «Мектеп — кеме, білім — теңіз» дегендей, теңіз мекендеушілері сендерге сәттілік тілейді!

Талқылау сұрақтары

  • Саяхат қызықты болды ма?
  • Қиындықтарды жеңе алдық па?
  • Бүгін нені қайталадық, нені үйрендік?

Тілек

Сендерге белсенділік, күш, шыдамдылық тілеймін!

Үй тапсырмасы

182-бет, №4 (2), 6-тапсырма.

Сабақ қорытындысы және бағалау.