Неше қала
Пәні: Дүниетану (4-сынып)
Сабақтың тақырыбы
Отбасы мен мектептің қала мен ауылдың шаруашылық және мәдени өміріне қатысуы
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ
Сабақтың әдістері
- Түсіндіру
- Сұрақ-жауап
- Баяндау
- Топтастыру
Көрнекіліктер
- Слайдтар
- Суреттер
- Тірек сызбалар
Сабақтың мақсаты
- Қоғамның шаруашылық және мәдени өмірі туралы түсінік беру.
- Танымдық қызығушылығын дамыту.
- Еңбексүйгіштікке баулу, адам еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже
Оқушылар өзін-өзі бағалай алады, сұрақтарға дәлелді жауап береді және өз ойын еркін жеткізеді.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Негізгі әрекеттер
- Амандасу
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Балалар, бәрің әдемі болып келіпсіңдер. Бүгін ерекше күн. Бүгінгі күндеріңе сәттілік тілей отырып, дүниетану сабағын бастаймын.
II. Үй тапсырмасын тексеру
1) «Ауыл» мәтіні бойынша
- Мәтіннің мазмұнын түсіндіріп айту.
- Ауыл мен қаланы салыстыру.
Талқылау сұрақтары
- Қай жерде тұрған ұнайды?
- Неліктен?
2) Ізденіс жұмыстарының қорытындысы
Оқушылар үш қатарға бөлініп, зерттеу сұрақтары бойынша жауап береді.
1-қатар
- Қазақстанда неше облыс бар?
- Неше қала бар?
- Солардың ішінде жақсы дамып келе жатқан қала қайсы? Қай бағытта дамып келеді?
2-қатар
- Батыс Қазақстан облысында неше аудан бар?
- Неше ауыл бар?
- Солардың ішінде жақсы дамып келе жатқан ауыл қайсы? Даму ерекшелігі қандай?
3-қатар
- Бөрлі ауданында неше ауыл бар?
- Солардың ішінде жақсы дамып келе жатқан ауыл қайсы?
- Оны қайдан білдіңдер?
Қызығушылықты ояту: өз қаламызға назар аударайық
Сұрақ
Ақсай қаласында қандай мәдени орталықтар жұмыс істейді?
Талқылау
- Соңғы жылдары қаламызда қандай өзгерістер болып жатыр?
- Қаламыздың даму қарқыны байқала ма?
Оқушылардың ықтимал жауаптары
- Қаламызда жаңа мектеп салынды.
- Балаларға арналған ойын-сауық орталығы ашылды.
- «Наурыз» саябағы ашылды.
Ойланайық
Жақсы ауданның дамуына қатысты сендерді не толғандырады?
Рөлдік сұрақ
Егер сендер аудан әкімі болсаңдар, қаланы өркендетуге қандай үлес қосар едіңдер? Бұл ойларың қалай іске асады?
III. Жаңа сабақ
Бүгінгі тақырып: отбасы мен мектептің қала мен ауылдың шаруашылық және мәдени өміріне қатысуы.
Ой қозғау
- Отбасы мен мектептің қала мен ауыл өміріне белсенді қатысуы үшін ең бастысы не қажет деп ойлайсыңдар?
- Негізгі жауап: еңбек.
- «Еңбек ету» дегенді қалай түсінесіңдер?
- Неліктен еңбектену қажет?
- Сендер қандай еңбек түрлерін атқарасыңдар?
Маңызды ұғым
Еңбек ресурсы — адам.
Бағыттаушы сұрақ
Ер адамдар неше жастан бастап жұмыс істейді?
Бағыттаушы сұрақ
Әйел адамдар неше жасқа дейін жұмыс істейді?
Ескерту: еңбек туралы талқылауды сабақ соңында қорытындылаймыз.