Хатың болып бір айна, Қарай қалдым аңырып

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өлеңдері

КЕЛДІ ХАТЫҢ, МЕН ШАРШАП

Келді хатың, мен шаршап
Отырғанда дамығып.
Хабарыңа бек аңсап,
Сүзіліп көзім талығып.
Сөзіңнен көріп өзіңді,
Құшақтай алдым қамығып.
Кім сүртті сонда көзімді,
Қамықпаймын не ғылып.
Сөйлесіп гүлдей жайнады,
Булыққан көңілім тарығып.
Қапалы лебізің айдады,
Гүл самалға малынып.
Хатың болып бір айна,
Қарай қалдым аңырып.
Баяғы Махмұт жоқ, қайда?
Өзімді қаппын жаңылып.
Сарғайған, түсі өзгерген,
Шаң басып, кеуіп қаңырап.
Кімсің? — дейді кез келген,
Достына жалғыз танылып.
Айнадан көріп бұл түсті,
Кете жаздым жарылып:
Қуат бітті бір күшті,
Жеңілерлік тағдыр жалынып.
Мысал етіп бұл жөнге,
Көрсетейін мынаны:
Қуаты күшті вулкандар
Сөнгендей біраз тұрады.
Өлусіреп, әлсіреп,
Түгіні кейде шығады.
Булыққан сайын қуатты
Бойына жиып нығады.
Ол қуатпен атылды,
Кім қарсылық қылады?
Бетін жапқан тау - тастар,
Быт-шыт болып сынады.

ШҚО Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылы,
Ш. Уалиханов атындағы орта мектептің
10 сынып оқушысы Сағындықова Назерке



Ұқсас жұмыстар

Төлен Әбдіковтің «Әке» повесіндегі азалау дәстүрінің көркем шығарма өзегіндегі орны
Ғабит мүсірепов қазақ солдаты роман
Тимур және оның командасы
АБАЙ ЖОЛЫ
Абай - дана, Абай – дара тұлға
Дәуірдің көркем шежіресі (Бейімбет Майлиннің прозасы)
Пайғамбарымыздың өзге дін өкіл патшаларын дінге шақыру хаттары
Ортағасырлық еуропалық саяхатшылардың еңбектері тарихи дерек ретінде
Орыс әдеби тілінің негізін салу Пушкиннің үлесіне тиді
Еркеш Ибраһимның ақынның мұрасы
Ақша айналымын реттейтiн заңдылықтар
Коммерциялық банктердің қаржы айналымында бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялары
Азия өзендерінің су мөлшері және су айналымы
Корпаративтің ақша айналымын және есеп айырысу жүйесі
Ақша айналымы
ҚАЗАҚСТАН БІРІНШІ ДҮНИЕЖҮЗШК СОҒЫС ЖЫЛДАРЫНДА
Біріктірілген тақша
АЙНАЛАЙЫН
Қан айналымының жалпы желісі.
Ұйқы- демалыстың бір түрі