Топта талқылау

Сабақ туралы мәлімет

Мектеп

Астана қаласы, №28 орта мектеп

Мұғалім

Бастауыш сынып мұғалімі Д. А. Утегенова

Сынып

1-сынып

Сабақ тақырыбы

Аңдардың көктемгі тіршілігі

Мақсаты мен міндеттері

Сабақтың мақсаты

Аңдардың көктем мезгіліндегі тіршілігі туралы түсінік қалыптастыру.

Міндеттері

  • Мәтінді түсініп оқуға, алған білімді толықтыруға және жинақтауға үйрету.
  • Аңдардың маңызы мен пайдасы туралы білуге жағдай жасау.
  • Оқығанын өмірмен байланыстыруға бағыттау.

Күтілетін нәтижелер

  • Табиғатты аялауға үйренеді және табиғат ережелерін сақтауға дағдыланады.
  • Өз ойын анық әрі жүйелі айтуға үйренеді.
  • Жауабын дәлелдеуге және қорытынды жасауға талпынады.
  • Өз бетінше жұмыс істеу дағдысы қалыптасады.
  • Сыныптастарының жауабын соңына дейін тыңдауға үйренеді.

Сабақтың түрі

Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақтың әдісі

RWCT (оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту)

Қажетті материалдар

  • Суреттер
  • Ватман
  • Маркер

Сабақтың барысы

I. Қызығушылықты ояту

Жеке → Жұп → Топ → Ұжым

Бүгін біз аңдардың көктемгі тіршілігі туралы айтып, талқылаймыз. Алдымен суретке қарап, аю мен киік туралы не білетініңді ойлан.

Талқылауға арналған сұрақтар

  • Аю көктемде қалай тіршілік етеді деп ойлайсың?
  • Киік көктемде қандай өзгерістерге бейімделеді?

Жеке жұмыс

Ойды жазып шығу.

Жұптық жұмыс

Ойды жұпта бөлісу.

Топтық талқылау

Пікірлерді салыстыру, толықтыру.

Ұжымдық қорғау

Ортақ ойды сынып алдында айту.

II. Мағынаны ажырату

Оқу · Талдау · Түсіндіру

Оқушылар мәтінді оқиды және мазмұнын талдайды.

Жаңа сөздер мен ұғымдар

Құралай
Киіктің төлі (баласы).
Қонжық
Аюдың төлі (баласы).

Сергіту сәті

Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп, теріп алайық,
Қалтамызға салайық.

III. Ой толғаныс

Қорытынды · Рефлексия

Рефлексия сұрақтары

  • Бүгінгі сабақта не үйрендік?
  • Берілген сұрақтарға толық жауап бере алдық па?

Тапсырма

Венн диаграммасы арқылы аю мен киіктің ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау.

IV. Үй тапсырмасы

  • Мәтінді оқу.
  • Тақырыпқа байланысты сурет салып келу.

V. Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысуы, мәтінді түсініп оқуы, тапсырмаларды орындауы және пікір айту белсенділігі бойынша бағаланады.