Өткен әріптерді мен айтам, сендер соған сөз айтасыңдар

Сауат ашу: «П» дыбысы мен әрпі

Бұл сабақта оқушылар «П п» дыбысы мен әрпін танып, оның айтылу ерекшелігін, сөздің басында, ортасында, соңында кездесуін меңгереді.

Қайталау сұрақтары

  • 1. Әріп дегеніміз не?

  • 2. Дыбыс нешеге бөлінеді?

  • 3. Дыбыс дегеніміз не?

  • 4. «А» дыбысы қандай дыбыс?

  • 5. Дауыссыз дыбыстарды қалай ажыратамыз?

  • 6. Қызыл текшемен қандай дыбысты белгілейміз?

Жұмбақ арқылы жаңа дыбысты табу

Ызақор бұғып жатыр,
Сақалын тығып жатыр.

Жауабы Пияз

«Пияз» сөзі қандай дыбыстан басталады? П дыбысынан.

«П» дыбысы туралы

Түрі

«П»дауыссыз дыбыс.

Белгілеу

«П» дыбысын көк түспен белгілейміз.

Айтылуы

«П» дыбысын айтқанда жоғарғы ерін төменгі ерінге жуық тиіп, тез ажырап кетеді.

«П» әрпі сөздің басында, ортасында және соңында келе алады.

парта дәптер құлып

Ребус

Ребусты шешу арқылы «П» дыбысы бар сөздерді табуға ынталандырамыз.

(Ребус суреттері/карточкалары бұл бөлімге қосылады.)

Сергіту сәті

Еркін ұста денеңді,
Тарсылдатпай еденді,
Орнымыздан тұрып ап,
Жүгірейік бір уақыт.
Бір, екі, үш — бір, екі, үш.

Аяқты алға созайық,
Тік көтеріп қозғайық.
Тым сылбыр да болмайық,
Алға қарай озбайық.
Бір, екі, үш — бір, екі, үш.

«Кім жылдам?» ойыны

Ойын шарты: мұғалім өткен әріптерді айтады, оқушылар сол әріптен сөз құрайды.

А әрпі

  • ата
  • алма
  • мұрт

Т әрпі

  • тас
  • бақа
  • түлкі

Ескерту: мысал сөздер дыбыстық талдауға ыңғайлы, қысқа әрі түсінікті болғаны дұрыс.

Дәптермен жұмыс

Үлгі дәптер бойынша оқушыларға «п» әрпін жаздыру:

  1. Ауада жазу.
  2. Тақтаға жазу.
  3. Дәптерге жазу.