Компьютердің құрылғылары
Тақырыбы: Компьютердің программалық жабдықталуы
Бұл жоспар оқушылардың компьютердің программалық қамтамасыз етілуі туралы түсінігін тереңдетуге, ойлау қабілеті мен логикасын дамытуға, сондай-ақ икемділік пен шығармашылыққа баулуға бағытталған.
Білімділік
Компьютер және оның программалық қамтамасыз етілуі туралы білімді жетілдіру, үйрету.
Дамытушылық
Ойлау қабілетін, логиканы және талдау дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік
Икемділік қасиетін қалыптастыру, шабыт пен қызығушылықты арттыру.
Сабақтың көрнекілігі
- Интерактивті тақта
- Компьютерлер
- Бейнематериалдар (видеоролик)
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- 1.Сәлемдесу.
- 2.Оқушыларды түгендеу.
2) Үй тапсырмасын тексеру: Компьютердің құрылғылары
Сынып мозаика әдісі арқылы 3 топқа бөлінеді. Шыққан суреттер бойынша топ атаулары анықталады:
1-топ
Пернетақта
2-топ
Монитор
3-топ
Жүйелік блок
Тақтада компьютер құрылғыларының суреттері беріледі. Әр құрылғының қызметі түсіндіріледі. Қосымша құрылғылардың қызметі сурет салу арқылы талқыланады. Соңында видеоролик арқылы өткен сабақ қорытындыланады.
3) Жаңа сабақ: Программалық құралдар
Топтық жұмыс (кітаппен)
1-топ: Жүйелік программалық жасақтама
Операциялық жүйе, утилиттер, сервистік программалар.
Топтық жұмыс (кітаппен)
2-топ: Қолданбалы программалар
Мәтіндік редактор, электрондық кесте және т.б.
Топтық жұмыс (кітаппен)
3-топ: Программалау жүйелері
Программалау тілдері мен орта құралдары.
Қазіргі заманғы программалық құралдар
Қазіргі кезде әртүрлі типті компьютерлерге арналған дайын программалар жеткілікті. Олар негізінен төмендегі кластарға бөлінеді:
- Жүйелік программалар — компьютердің жұмысын ұйымдастыратын және аппараттық құралдармен өзара әрекеттесуді қамтамасыз ететін программалар.
- Қолданбалы программалар — нақты есептерді шешуге арналған әмбебап программалар жиынтығы (мысалы: мәтіндік редакторлар, электрондық кестелер және т.б.).
Жүйелік программалардың негізгі түрлері
Операциялық жүйелер (ОЖ)
Компьютер ресурстарын басқарады, қолданбаларды іске қосады.
Утилиттер
Қызметтік жұмыстарды орындайды (тексеру, баптау және т.б.).
Сервистік программалар
Жүйені қызмет көрсету және қолдауға арналған құралдар.
Операциялық жүйе туралы жалпы түсінік
Операциялық жүйе (ОЖ) — дербес компьютердегі кез келген программалық жабдықтың ажырамас бөлігі. Ол компьютердің барлық құрылғыларын басқаруға мүмкіндік береді және басқа программаларды аппараттық құралдармен тікелей байланыс жасаудан босатады. Сондықтан компьютерде жұмыс істейтін әрбір адам үшін ОЖ-нің орны ерекше.
4) Сабақты бекіту: Практикалық жұмыс
Оқушылар төмендегі әрекеттерді орындау арқылы компьютердің программалық жабдықтамасымен жұмыс дағдыларын бекітеді:
-
1
Компьютерді қосып, толық жүктелуін күту.
-
2
Жұмыс үстеліндегі программалық жабдықтамамен танысу.
-
3
Белгішелердің орнын ауыстыру.
-
4
Белгішелерге қысқаша сипаттама беру.
-
5
Жаңа бума (папка) құру және атауын өзгерту.
-
6
Компьютердегі программалық жабдықтамалардың дұрыс жұмыс істеуін тексеру.
-
7
Бастау батырмасымен жұмыс жасау.
Қосымша: «Компьютердің программалық қамтамасыз етілуі» тақырыбы бойынша бейнеролик көрсетіледі.
Үй тапсырмасы
ДК-мен жұмыс: компьютердегі негізгі программалық жабдықтамаларды қолданып, қысқаша тапсырмалар орындау.
Сабақты қорытындылау
Жаңа материалды пысықтау, оқушыларды бағалау және негізгі ұғымдарды қайталау.