Мезгіл бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолы

8-сынып қазақ тілі

Жаңа сабақ

Сабақтың тақырыбы

Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары.

Білімділік мақсаты

Оқушылардың білімін тереңдету арқылы мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарын түсіндіру.

Дамытушылық мақсаты

Оқушының өздігінен ойлау қабілетін дамыту; қорытынды жасай білуге үйрету; үйренген сөздерді орынды қолданып сөйлеуге баулу; өзгенің пікірін құрметтеуге, бұйрықпен емес, дәлелмен сөйлей білуге машықтандыру.

Тәрбиелік мақсаты

Отанды сүюге, батылдық пен тәуекелшілдікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ.

Сабақтың әдістері

  • Сұрақ-жауап
  • Тірек сызбалар арқылы әңгімелеу
  • Диалог

Көрнекіліктер

  • Маркер
  • Ватман
  • Бағалау парақшалары

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

  • Сәлемдесу, сыныпты түгендеу.
  • Бағалау парақшаларын тарату (өзін-өзі бағалау).
  • Оқушыларды санау арқылы әділ тәсілмен 3 топқа бөлу.

II. Үй жұмысын тексеру

Оқушыларға кеспе қағаздар таратылады.

Біліммен ой сергіту

12 сұрақ

  1. 1. Құрмалас сөйлем неше жай сөйлемнен тұрады?

    Жауабы: кемінде екі.

  2. 2. Түсіндірмелі салаластың жалғаулығын ата.

    Жауабы: жоқ.

  3. 3. Ыңғайласқа айналатын салалас түрі.

    Жауабы: кезектес.

  4. 4. Қайталанбайтын жалғаулықтар.

    Жауабы: және, немесе.

  5. 5. «Мынау, сонша, сол» — қай салаластағы жалғаулық?

    Жауабы: жалғаулық емес, сілтеу есімдігі.

  6. 6. Үш жалғаулығы бар салалас.

    Жауабы: кезектес.

  7. 7. «Ол заманда ұл балаға бас кеспесе, қан төкпесе, ат қосылмайтын еді.»

    Жауабы: шартты бағыныңқылы сабақтас.

  8. 8. «Сабаққа жақсы жауап берсең, бес аласың.» Салаластың қай түрі?

    Жауабы: салалас емес.

  9. 9. Антонимдес, тиянақты келетін сөйлемдер құрмаластың қай түріне жатады?

    Жауабы: салалас.

  10. 10. Сабақтас құрмалас сөйлем мағыналық түрлерге қалай бөлінеді?

  11. 11. Салалас құрмаластың түрлерін ата.

  12. 12. Сабақтас құрмаластың түрлерін ата.

III. Грамматикалық тақырыпты топтық жұмыс арқылы меңгеру

I топ

Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді түсіндіру.

II топ

Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарын түсіндіру.

III топ

Мезгіл бағыныңқылы сабақтастың сұрақтары мен мысал сөйлемдер құрастыру.

IV топ

Ыңғайлас салалас пен мезгіл бағыныңқылы сабақтасты салыстыра түсіндіру.

IV. Оқулықпен жұмыс

132-жаттығу

Талдау

Мезгіл бағыныңқылы сабақтастардың бағыныңқы және басыңқы сыңарларын сызып, бағыныңқы қызметіндегі баяндауыштардың жасалу жолын түсіндіріңдер.

Мысал: Есжан туысымен, көп ұзамай күйеуі Тілеуқабыл қайтыс болыпты.

133-жаттығу

Құрастыру

Төмендегі сөйлемдердің басыңқы сыңарын өздерің ойлап тауып, мезгіл бағыныңқылы сабақтас құраңдар.

1) Тыстағы жұмыс біткен кезде, ...

V. «Ойлан тап» ойыны

Көп нүктенің орнына бірде бағыныңқы, бірде басыңқы сөйлем ойлап, мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлем құраңдар. Сөйлемдер Елбасының биылғы Жолдауынан алынған.

  1. 1)

    Қазақстан тәуелсіздік алғалы, ...

  2. 2)

    ..., қатты қуанды.

  3. 3)

    ..., ел тыныштығын ойлайық.

  4. 4)

    Қарағанды көмірін тапқалы, ...

VI. Графикалық диктант

Сабақтас құрмаластан 10 сөйлем оқылады. Оқушылар сөйлемдердің түрін анықтап, тиісті белгілеуді орындайды.

Негізгі назар:

Мезгіл бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолдарын ажырату.