Түйе тобына тапсырмалар

Сабақ тақырыбы: Қарсы мағыналы сөздер

Мақсаты

Мағынасы қарама-қарсы сөздерді дұрыс қолданып үйрену.

Күтілетін нәтиже

  • Мағынасы қарама-қарсы сөздерді пайдаланып, сөйлем құрай алады.
  • Берілген сөзге қарсы мағыналы сөзді таба алады.
  • Сөздегі дыбыстарға талдау жасай алады.

Міндеттері

  • Сөз туралы түсініктерін толықтыру.
  • Ойын еркін жеткізуге мүмкіндік беру.
  • Барлық оқушының қатысуына жағдай жасау.

Сабақ барысы

1) Тренинг

  • «Астананың ауа райы» жаттығуын шеңбер бойымен орындау.
  • Қысқа сергіту және ынтымақтастықты күшейту.

2) Топтарға бөліну

  • Бөлшектерден сурет құрастыру арқылы 5 топқа бөліну: түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі.
  • Өзін-өзі бағалау парағымен таныстыру.

Топтық тапсырмалар

Түйе тобы

Антонимдер: ұзын — …
  1. Түйенің суретін сал.
  2. Түйе туралы не білесің? Әңгімелеп айт.
  3. Сөйлемдерді толықтыр:
    • Түйенің сүтінен … жасайды.
    • Бір өркешті түйені … деп атайды.
    • Түйенің төлін … дейді.
    • Түйе шөлге өте … .
  4. Әр сөздің тұсына мағынасы қарама-қарсы сөз тауып жаз: ұзын — …

Жылқы тобы

Антонимдер: үлкен — …
  1. Жылқының суретін сал.
  2. Жылқы туралы не білесің? Әңгімелеп айт.
  3. Сөйлемдерді толықтыр:
    • Жылқының сүтінен … жасайды.
    • Жылқы — … жануар.
    • Жылқының төлін … дейді.
    • Жылқы қатты … .
  4. Әр сөздің тұсына мағынасы қарама-қарсы сөз тауып жаз: үлкен — …

Сиыр тобы

Антонимдер: жақсы — …
  1. Сиырдың суретін сал.
  2. Сиыр туралы не білесің? Әңгімелеп айт.
  3. Сөйлемдерді толықтыр:
    • Сиырдың сүтінен …, … жасайды.
    • Сиырдың төлін … дейді.
    • Сиыр өрісте … .
  4. Әр сөздің тұсына мағынасы қарама-қарсы сөз тауып жаз: жақсы — …

Қой тобы

Антонимдер: қысқа — …
  1. Қойдың суретін сал.
  2. Қой туралы не білесің? Әңгімелеп айт.
  3. Сөйлемдерді толықтыр:
    • Қой — момын … .
    • Оның төлін — … дейді.
    • Қойларды … бағады.
    • Оның жүнінен …, … тоқиды.
  4. Әр сөздің тұсына мағынасы қарама-қарсы сөз тауып жаз: қысқа — …

Ешкі тобы

Антонимдер: отыр — …
  1. Ешкінің суретін сал.
  2. Ешкі туралы не білесің? Әңгімелеп айт.
  3. Сөйлемдерді толықтыр:
    • Ешкінің сүті өте … .
    • Ешкінің төлін … дейді.
    • Ешкінің жүнінен … тоқиды.
    • Ол өте … болады.
  4. Әр сөздің тұсына мағынасы қарама-қарсы сөз тауып жаз: отыр — …

Жұмысты ұйымдастыру және бағалау

Топтық жұмыс тәртібі

  • Оқушылар топта ақылдасып, тапсырмаларды орындайды.
  • Жауап беретін оқушыларды өздері анықтайды.

Уақыт

  • Дайындалуға: 10 минут.
  • Қорғауға: әр топқа 5 минут.
  • Оқулық пен жұмыс дәптерін пайдалануға болады.

Бағалау

  • Өзін-өзі бағалау парақтарын тапсырады.
  • Мұғалім бағасымен салыстырып, қорытынды баға қойылады.