Температураны өлшеу

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы

№19 жалпы орта білім беретін мектеп ММ

Физика пәнінің мұғалімі: Алманова Гүлсім Аманқұлқызы

Қолданбалы курс

Болашақ мейірбикелерді дайындау

Бұл курс физика мен медицинаның өзара байланысын түсіндіруге және болашақ мейірбикелердің кәсіби даярлығын практикалық әрекет арқылы нығайтуға бағытталған.

Мақсаты

Болашақ мейірбикелерді дайындау барысында физика мен медицинаның арасындағы байланысты ұғындыру.

Күтілетін нәтиже

  • Болашақ мамандығына қатысты қабілеттері мен шеберліктерін дамытады.
  • Дүниетанымы кеңейеді.
  • Интернетпен жұмыс істеуге, тақырып бойынша табылған материалды сараптап, жүйелеуге дағдыланады.
  • Өздігінен ізденуге, құбылыстарды салыстырып, қорытынды тұжырым жасауға үйренеді.
  • Алған біліміне сүйене отырып, өз ой-пікірін дәлелді түрде білдіруге бейімделеді.
I

Мұғалімнің түсіндірмесі

Физиканың медицина саласындағы орны ерекше. Физиканы оқып-үйрену болашақ мейірбикелердің медициналық техника бойынша даярлығын жақсартудың басты шарттарының бірі. Сондықтан курс мазмұнын толықтыру мақсатында медициналық тәжірибеде қолданылатын физикалық факторларды жүйелі түрде қарастыру маңызды міндет болып табылады.

Негізгі бағыт

Физикалық құбылыстардың диагностика мен емдеудегі қолданылу себептерін ашып көрсету.

Талдау

Физикалық факторлардың адам ағзасына әсерін талдау және түсіндіру.

Жүйелеу

Медициналық құралдардағы қолдануды жүйелі түрде қарастыру және тәжірибемен бекіту.

II

Ашық сұрақтар

  1. Физиканың медицинамен байланысы қандай?
  2. Дәрігер болғың келе ме?
  3. Бұл мамандықты не үшін таңдадың?
  4. Таңдау пәні — биология. Бұл пәннің ерекшелігі неде деп ойлайсың?
  5. Физиканы білу медицинада не үшін қажет деп ойлайсың?
III

Практикалық бөлім

1) Температураны өлшеу

Барлық оқушылардың дене температурасын өлшеу. Термометрдің құрылысымен мұқият танысып, қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Қауіпсіздік

  • Өлшеу алгоритмін сақтау (дайындау → өлшеу → нәтижені тіркеу).
  • Құралды дұрыс қолдану және тазалық нормаларын орындау.

2) Қан қысымын өлшеу

Сфигмоманометрдің (сфигмотонометрдің) құрылысымен танысу. Барлық оқушылардың қан қысымын өлшеп, нәтижелерін салыстыру.

Диагностика

Адамның қан айналым жүйесіндегі қысым сфигмоманометр (сфигмотонометр) арқылы өлшенеді.

  • Өлшеу кезінде дұрыс қалыпты сақтау және тыныштық режимін қамтамасыз ету.
  • Нәтижені жазып, көрсеткіштерді салыстыру және талқылау.

Үй тапсырмасы

«Мен таңдаған мамандықтың ерекшеліктері» тақырыбында эссе жазу.

Формат: эссе