Балаларға әңгімелеу

Табиғат және адам

Бұл ұйымдастырылған оқу қызметі балалардың табиғат пен адамның өзара үйлесімді байланысын түсіндіруге, табиғатты аялау мен қорғау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Мақсаты

Табиғат пен адамның үйлесімділігі туралы түсінікті бекіту.

Дамытушылығы

Табиғатқа қамқор қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту.

Тәрбиелігі

Тазалыққа, ізгілікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер және көрнекіліктер

Әдіс-тәсілдер:

  • көрсету
  • әңгімелеу
  • дәйексөз
  • сұрақ-жауап
  • дәптермен жұмыс
  • қорытындылау

Көрнекі құралдар:

  • тақырыпқа сай суреттер
  • дәптер
  • хрестоматия

Шаттық шеңбері

Аспан түрді түндігін
Жерге сәуле жайылды.
Неткен ашық күн бүгін!
Қайырлы таң, қайырлы күн!

Түсіндіру және әңгімелеу

Тәрбиеші балаларға табиғаттың мәнін түсіндіреді: табиғатты аялау, қадірлеу және қамқорлыққа алу — әркімнің міндеті. «Табиғат — Ана» деп бекер айтылмаған. Қоршаған ортаны қорғап, табиғатқа жанашырлық таныту — Отанды, елімізді, туған жерімізді қорғаумен тең.

Ойын: «Табиғатқа қалай көмектесе аламын?»

Балалар шеңберге тұрып, доп арқылы бір-біріне сұрақ қойып, жауап береді.

  • 1

    Судағы жәндіктерге қалай көмектесе аласың?

  • 2

    Ауа таза болуы үшін не істеу керек?

  • 3

    Ағаштарға қалай көмектесе аласың?

  • 4

    Гүлдерге қалай көмектесе аласың?

Дәптермен жұмыс

Берілген дәптердегі суретті салыңдар.

Сергіту сәті

Қимыл-қозғалыс арқылы жаттығулар орындалады.

«Ғажайып сөздер»

Балалар сабақта үйренген өнегелі сөздерді хормен қайталайды:

Табиғат — айнала қоршаған әлем.

Адам — табиғаттың бір бөлшегі.

Жүректен жүрекке — ізгілік көпірі.

Жүректен — жүрекке

Балалар табиғатқа ризашылықтарын білдіреді. Қолдарын жоғары көтеріп, құшағын жайып, қимыл-қозғалыспен көрсетеді.

  • Күн, сәулең үшін рахмет!
  • Таза ауа, саған рахмет!
  • Ағаш, көлеңкең үшін рахмет!

Қорытындылау

Сабақ барысында балалар ойын ойнап, дәптермен жұмыс жасап, сергіту сәтін орындады. «Ауасыз өмір жоқ» деген ойды түсініп, ағаштар мен гүлдерге су құю сияқты қарапайым әрекеттердің табиғатты қорғаудағы маңызын ұғынды.

Күтілетін нәтиже

  • Біледі: «Табиғат және адам» ұғымдарын.
  • Игерді: табиғатқа қызығушылық танытып, қамқорлық білдіруді.
  • Меңгереді: табиғаттың айнала қоршаған әлем екенін және адамның оның бір бөлшегі екенін.

Балалар белсенді қатысып, мадақталды.