Қуыршақты киіндіріп, көліктерді құрастырдыңдар

Сабақтың бағыты

Білім беру саласы

Коммуникация

Бөлімі

Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы

Ойыншықтар дүкені

Мақсаттар

Білімділік

  • Ойыншықтардың атын, түсін және қай материалдан жасалғанын айтуға үйрету.
  • Жекеше және көпше атауларды дұрыс қолдануға дағдыландыру.
  • Ұл бала мен қыз баланың ойыншықтарын ажырата айтуға жаттықтыру.

Дамытушылық

  • Сөзді анық айтып, дұрыс сөйлеуге баулу.
  • Сөздік қорын дамыту.

Тәрбиелік

  • Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
  • Эстетикалық талғамын кеңейтіп, әдемілікті сезінуге баулу.

Ұйымдастыру және ресурстар

Әдіс-тәсілдер

Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

Көрнекіліктер

Дүкендегі ойыншықтар.

Сабақ түрі

Саяхат сабағы.

Пәнаралық байланыс

Шығармашылық, таным.

Сөздік жұмыс

Ойыншық
игрушка
Жекеше / көпше
қуыршақ — қуыршақтар, көлік — көліктер

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі: «Шаттық шеңбер»

Балалар шеңберге тұрып, көңіл күйді көтеретін өлең жолдарын айтады:

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Қабақ шытып не керек,

Көңілді болып жүрейік!

II. Өткенді қайталау

Мұғалім сандықшаны көрсетіп: «Балалар, мына сандықшаның ішінде не бар екен? Ашып көрейік», — дейді. Балалар сандықшадағы ыдыстардың атауын атап, өткен тақырыпты еске түсіреді:

  • шәйнек
  • қасық
  • кесе
  • тәрелке

III. Жаңа сабақ: «Ойыншықтар дүкеніне саяхат»

Мұғалім сұрақ қояды: «Балалар, сендер қандай ойыншық түрлерін білесіңдер?»

«Ойыншықтар дүкеніне саяхатқа барғыларың келе ме?»

Балалар дүкенге «келеді». Мұғалім нақтылайды: «Дүкенде кім қызмет атқарады?» — сатушылар.

Сатушы апаймен сәлемдеседі.

Негізгі бөлім: Ойыншықтарды таныстыру

Мұғалім: «Мына сөрелерден қандай ойыншықтарды көріп тұрсыңдар?»

Қыздар ойнайтын ойыншықтар

Қуыршақтар және түрлі аксессуарлар.

Ұлдар ойнайтын ойыншықтар

Көліктер және құрастыруға арналған бөлшектер.

Материалын ажырату

  • Қуыршақтар әртүрлі материалдан жасалады: пластмассадан, матадан, резеңкеден, ағаштан.
  • Көліктер темірден де жасалуы мүмкін.

Жекеше және көпше түрі

Бір ойыншықты қуыршақ дейміз, ал бірнешеуін қуыршақтар дейміз. Сол сияқты: көліккөліктер.

Таңғажайып сәт: Машаның келуі

Есікті қағып, Маша келеді. Ол дүкеннен сыйлық сатып алуға келгенін айтады.

Балалар Машамен бірге тапсырма орындайды: қуыршақты киіндіреді және көліктердің бөлшектерін құрастырады.

Сергіту сәті

Біздерде бар қуыршақ,

Бұзау, қозы, құлыншақ.

Ойыншықтар ұйықтайды —

Ақыл айтсақ, бұйырсақ.

Сергіту сәтінен кейін балалар жұмыстарын жалғастырады.

Ойын: «Ғажайып қоржын»

Шарты: балалар көздерін жұмып, қоржыннан кез келген ойыншықты алады.

  • Ойыншықтың атын атайды.
  • Неден жасалғанын (материалын) анықтайды.
  • Қатты немесе жұмсақ екенін айтады.

Қорытындылау: сұрақ-жауап

Нені қайталадық?

Бүгін қайда саяхатқа бардық?
Ойыншықтар дүкеніне.
Ойыншықтар неден жасалады?
Пластмассадан, темірден, ағаштан, резеңкеден.
Қуыршақтармен кімдер ойнайды?
Қыздар.
Көліктермен кімдер ойнайды?
Ұлдар.
Бізге кім келді?
Маша.
Машаға қалай көмектестік?
Қуыршақты киіндірдік, көліктерді құрастырдық.
Қандай ойын ойнадық?
«Ғажайып қоржын».
Қоржынның ішінде не болды?
Ойыншықтар.

Бағалау және мадақтау

Балалар сұрақтарға өте жақсы жауап берді. Мұғалім жұлдызшалар таратып, мадақтайды.

Үй тапсырмасы

Қуыршақтар туралы өлең жаттап келу.