Қазақтың билерін ата
Интеллектуалдық ойын туралы мәлімет
Тақырыбы
«Елім менің» интеллектуалдық ойыны
Қатысушылар
4-сынып оқушылары (4 «В» сыныбы)
Мақсаты
- Қазақстан Республикасы туралы оқушылардың алған білімін жинақтау және танымдық қызығушылығын арттыру.
- Ойлау және сөйлеу дағдыларын дамыту, өз ойын мәдениетті түрде жеткізе білуге үйрету.
- Туған халқына, Отанына және оның тарихи тағдырына құрмет сезімін қалыптастыру, патриоттық тәрбие беру.
Жүргізушінің кіріспе сөзі
Армысыздар, қадірменді ұстаздар мен оқушылар! Армысыздар, жақсы ниетпен келген ұлағатты қонақтар!
Бүгін «Мұнайлы» ұлттық арнасында көрсетілетін «Елім менің» атты интеллектуалдық ойынның тікелей эфиріне қош келдіңіздер. Тікелей эфир жүргізушісі — _______________________________.
Отан, туған жер, атамекен, елім, ауылым — жүрек тебірентіп, шаттық сезім оятатын қасиетті ұғымдар. Туған жердің тарихын, шежіресін білу — әрбір ұрпақтың азаматтық борышы.
Бүгінгі ойынға қатысып отырған 4 «В» сынып оқушылары өздерінің білімдері мен алғырлықтарын көрсетеді деп сенеміз.
Әділқазы алқасы
Сайысымызды бастамас бұрын әділқазы алқасымен таныстырып өтейін: _______________________________________
Топтар
1-топ
Жас қырандар
2-топ
Жас ұландар
3-топ
Жас талаптылар
Топ басшылары өз топ мүшелерін таныстырып өтеді.
Ойын құрылымы мен ережелері
Айналымдар
- 1 Викториналық сұрақтар
- 2 Мағынасын түсіндір
- 3 Қай сөзді жоғалттым?
- 4 Қатесіз сөз
Әр айналымның тапсырмасы сол бөлімге келгенде нақты түсіндіріледі. Әр бөлім аяқталған соң әнжұмбақ беріледі. Әнжұмбақты дұрыс шешкен топқа 2 ұпай қосылады.
Ескерту:
- Әр топ өз сұрағына тек өзі жауап береді. Басқа топтың жауабы қабылданбайды.
- Бір топтың тапсырмасы орындалып жатқанда басқа топ жауап берсе, сол топтың ұпайы кемітіледі.
1-айналым: Викториналық сұрақтар
Бұл айналымда әр топ мүшесіне 1 сұрақтан қойылады (оның біреуі — суретті сұрақ). Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Уақыт — 1 минуттан аспайды.
1-топ: «Жас қырандар»
-
Қазақтың билерін ата.
Жауабы: Әйтеке би, Қазыбек би, Төле би.
-
Жеті ата дегеніміз не?
Жауабы: Өзіңнен бастап санағанда сегізінші атаға дейінгі аталар.
-
«Ер еңбегі шалқып тасқан» өлеңінің авторы кім?
Жауабы: Өтебай Тұрманжанов.
-
Абай Құнанбаев кім? Оның өлеңдерін ата.
Жауабы: Қазақтың ұлы ақыны. «Ғылым таппай мақтанба», «Қыс», «Жаз», «Жазғытұрым», «Күз».
2-топ: «Жас ұландар»
-
ҚР-дың рәміздерін ата.
Жауабы: Ту, Елтаңба, Гимн.
-
ҚР Әнұранының авторлары кімдер?
Жауабы: Н. Назарбаев, Ж. Нәжімәдинов.
-
Қазақтың ұлттық ақшасы қалай аталады?
Жауабы: Теңге.
-
Наурыз мерекесі қашан тойланады?
Жауабы: 22 наурызда.
3-топ: «Жас талаптылар»
-
Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім?
Жауабы: Т. Әубәкіров.
-
Сыйластық ережелерін ата.
Жауабы: Үлкенге жол беру (және т.б.).
-
«Аңқау арыстан» — не?
Жауабы: Ертегі.
Әнжұмбақ
«Көк тудың желбірегені»
2-айналым: Мағынасын түсіндір
Бұл бөлімде сөз тіркестері, мақал-мәтелдер және ұлттық дүниетанымға қатысты ырым-тыйымдардан 3 сөз/тіркес оқылады. Топ болып ақылдасып, мағынасын түсіндіріп бересіздер. Дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
1-топ
-
«Құлақ аспау»
Мағынасы: айтылған сөзді тыңдамау, мән бермеу.
- «Нан қиқымын шашпаңдар, жерде жатса баспаңдар»
- «Үлкенге ізет, кішіге құрмет»
2-топ
- «Екі езуі екі құлағында»
- «Туған жер — алтын бесік»
- «Ала жіпті аттамау»
3-топ
- «Төбе шашы тік тұрды»
- «Пышақпен ойнауға болмайды»
- «Білім — өмір шырағы»
Әнжұмбақ
«Қазақстан»
3-айналым: Қай сөзді жоғалттым?
Бұл айналымда мақалдың немесе сөйлемнің мағынасына қарай жасырын сөзді табамыз. Қолдағы әріптерді орын-орнына қойып, дұрыс жауапты анықтайсыздар.
1-топ әріптері
Е С Е К Ө М І Р
- ___ көре көсем боласың, сөйлей-сөйлей шешен боласың. (көре)
- Мінсең — көлік, еті жесең — арам. (есек)
- Шай құюға арналған ыдыс. (кесе)
- Артқа шегінді, яғни ___ шегінді. (кері)
- Білім — ___ шырағы, оқу — білім бұлағы. (өмір)
- Мектеп — ___, білім — теңіз. (кеме)
- ___ — өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ. (өсек)
2-топ әріптері
Т А Р У Н О Қ Ы
- Малды қыста қандай орында бағамыз? (қора)
- Шөп оратын құрал. (орақ)
- Қырыққабаттың қырық қабат ___ бар. (тоны)
- Мылтық — бұл ___. (қару)
- «Семіз» сөзінің қарама-қарсысы. (арық)
- Білім басқа бітеді, ___ тасқа бітеді. (қына)
- Дәл, айқын, нақты. (анық)
3-топ әріптері
Ө Н Е Р К І С Т
- ___ алды — қызыл тіл. (өнер)
- Мал жайылатын жер. (өріс)
- Сырты сары, дәмі тәтті, шырынды жеміс. (өрік)
- «Ескі» сөзінің басқаша атауы. (көне)
- Қыста аяққа киетін аяқкиім. (етік)
- Адамдар айтатын жел сөз, жалған әңгіме. (өсек)
- Шкафтың бір бөлігі: «Менің кітабым шкафтың ___ тұр». (сөре)
Әнжұмбақ
«Апа, туған күніңмен!»
4-айналым: Қатесіз сөз
1-топ
- Оянды
- Құлын
2-топ
- Сарғая
- Халық
3-топ
- Қартаю
- Шаһар
Әнжұмбақ
«Ортеке»
Қорытынды
Сайысымыз өз мәресіне жетті. Әділқазылар ұпай санын есептегенше, 4 «В» сыныбы атынан ұлдар орындауындағы биді тамашалайық.
Енді сөз кезегін әділқазыларға береміз.