Армысыңдар жас достар, Армысыздар ата - ана

«Қош, бол, сүйікті Әліппем!»

1 «Ә» сынып оқушылары өздерінің сүйікті Әліппесімен қоштасуға жиналды. Бүгін біз барлық ғылымның бастауы, болашағымыздың іргетасы болған Әліппені аяқтап отырмыз. Бұл — шексіз қуанышқа толы күн.

Ендеше сүйікті Әліппемізді ренжітпей, алғысымызды айтып, өзімізден кейінгі кішкентай іні-қарындастарымызға аманаттап табыс ету — біздің міндетіміз. Осы уақытқа дейін алған білімімізді ән-күймен, өлеңмен, өнермен өрнектеп көрсетейік.

Мақсаты

  • Әліппеге арналған өлең-тақпақтарды мәнерлеп айту, алған білім-дағдыларды көрсету.
  • Ой-өрісті, тіл байлығын, тапқырлық пен ізденімпаздықты дамыту.
  • Отанды, туған жерді, мектепті сүюге тәрбиелеу; білімді азамат болуға жетелеу.

Көрнекілігі

Әріптер Гүлдер Шарлар Әліппе Ана тілі Қазақ тілі Математика макеті

I бөлім. Мерекелік кештің барысы төмендегідей өрбиді.

Мұғалімнің сөзі

Қымбатты аталар мен ақ жаулықты аналар, ұстаздар және оқушылар! Бүгін 1 «Ә» сынып оқушылары өздерінің сүйікті Әліппесімен қоштасқалы отыр.

Білім де — бейне бір дән секілді: оны біртіндеп баптап, сіңіріп, еңбектеніп терсең ғана жемісін береді. Ал әр баланың алғашқы үлкен қадамы — Әліппе.

«Том-том қалың кітаптың басы болар — Әліппең.»

Ендеше, Әліппені ортаға шақырайық!

Шашу

Жыр жолдары

Шашу, шашу шашыңдар, Ақ сандықты ашыңдар. Бұл мереке, бұл тойдың Бастаңғысын жасаңдар.

Сахнада шашу шашылады.

Көркем сөз

Бала деген, шіркін-ай, балдай екен, Тәттілігі жая мен жалдай екен. Арып-ашып даладан келгеніңде, Бал иісін таттырып алдайды екен.

Кенен Әзірбаевтың ойымен үндесе отырып, кішкентай бүлдіршіндердің бал тіліне құлақ салайық.

Жүргізушілер

Арнұр

Сәлемдесу

Ассалаумағалейкум, халайық!

Гүлнұр

Сәлемдесу

Армысыздар, құрметті қонақтар!

Бүгін біз шексіз қуаныштымыз. Себебі алғашқы сауатымызды ашқан досымыз — Әліппемен қоштасамыз.

Өнерге шақыру

Тақпақ айтып, ән салып, Әзіліміӟ жарасып. Күмбірлетіп күй төгіп, Би билейміз бұралып.

Айтыс пенен термені Орындаймыз сіздерге. Шапалақпен қол соқсаң, Сол жетеді біздерге.

Екеуі бірге

Өнерлі жас өрендер, Күлкіден шашу шашады. Рұқсат болса сіздерге, Шымылдықты ашады.

Әліппенің келуі

Шақыру

Жүргізушілер мен мұғалім бірге: «Әліппе, Әліппе, Әліппе!»

Әліппе

Армысыңдар, жас достар, Армысыздар, ата-ана. Болашаққа жол бастар Әліппең келді ортаға.

Ау, достарым! «Әліппе тойы болады» деген шақыру қағазын алып, осы сыныпқа келдім. Балалар қайда? Әріптер неге көрінбейді?

Мұғалім

Сәлеметсіз бе, Әліппе! Төрлетіңіз, той осында. Кешіккен жоқсыз.

Осы сәтте ортаға әріптер кіріп келеді.

Әліппе

Ендеше, алдымен әріптерімді түгелдеп алайын. Дауыстылар, қайдасыңдар?

Дауысты дыбыстар: Біз мұндамыз.

Дауыссыздар, қайдасыңдар?

Дауыссыз дыбыстар: Біз де мұндамыз.

Ал жіңішкелік пен жуандық белгілері ше? Көрінбей тұр ғой.

Рамазан

Олар «біз барлық сөзде жазыла бермейміз» деп өкпелеп жүр.

Әліппе

Біреуің барып шақырып келіңдер.

Жіңішкелік пен жуандық белгілері өкпелегендей, тартыншақтап кіріп келеді.

Сендердің де өз орындарың бар. Тәртіпсіздік жасамай, орындарыңа барыңдар.

Балалар, мені оқыдыңдар. Менен не үйрендіңдер?

Балалардың жауабы

Дыбысты танып, буыннан сөз құрауды, сөзден сөйлем құрауды, дұрыс сөйлеуді үйреттіңіз.

Әліппе

Жарайсыңдар, ақылды достарым!

Арнұр

Әліпбиді біліңдер, Әр әріпті танып ал. Біздің қазақ тілінде 42 әріп бар.