Мақта қыз бен мысық ертегісі
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Негізгі мәліметтер
- Білім саласы
- Қатынас
- Оқу іс-әрекетінің түрі
- Тіл дамыту
- Тақырыбы
- «Мақта қыз бен мысық»
Мақсаты
- Балаларды көркем шығармамен таныстыру, ынта қойып тыңдауға дағдыландыру.
- Оқиға желісін дауыс ырғағын түрлендіре отырып әңгімелеп айтып беруге үйрету.
- Жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел жаттату арқылы баланың тілін дамыту.
Методикалық әдіс-тәсілдер
Сабақтың барысы
Шаттық шеңбері
Қуан, шаттан, алақай,
Қуанатын күн келді.
Күліп шықты күн бүгін,
Қайырлы таң! Қайырлы күн!
Мұғалім балалармен және қонақтармен жылы лебізбен амандасады. Балалар да көтеріңкі көңіл күймен сәлемдеседі.
Жыл мезгілдері туралы сұрақ-жауап
Бір жылда неше мезгіл бар?
Төрт мезгіл: күз, қыс, көктем, жаз.
Қазір жылдың қай мезгілі?
Қыс мезгілі.
Қыс мезгілі неше айға бөлінеді?
Үш айға: желтоқсан, қаңтар, ақпан.
Қазір қандай ай?
Желтоқсан.
Қыс мезгілінің ерекшеліктері қандай?
Күн суық, жел соғады, боран болады, аяз түседі. Адамдар жылы киінеді.
Қыс туралы жұмбақ пен тақпақ
Жұмбақ
Қыста жер бетін басады,
Жазда сайға қашады.
Жауабы: Қар
Тақпақ
Қыс келді, қыс келді,
Ақтарып ақ қарды.
Аралап қайтайық,
Ақ күміс бақтарды.
Өткен сабақты еске түсіру
Мұғалім өткен тақырыпты сұрақтар арқылы қайталайды: «Бұл қай ертегі? Түлкі келе жатып қайда түсіп кетеді? Түлкіге кім кездеседі? Ешкі не дейді?»
Балалардың жауабы: «Түлкі мен ешкі» ертегісі.
Бүгінгі ертегі: «Мақта қыз бен мысық»
Бүгінгі оқу іс-әрекетінде Ыбырай Алтынсариннің «Мақта қыз бен мысық» ертегісі оқылады. Мұғалім балалардың назарын тақтаға ілінген суретке аударып, әңгімені мәнерлеп жеткізеді.
Оқиға желісі
- Ерте, ерте, ертеде Мақта қыз бен мысық өмір сүріпті.
- Бір күні Мақта қыз үй сыпырып жүріп, мейіз тауып алады.
- Мақта қыз мысықты шақырады. Мысық бірден келмейді, кейін келеді.
- Мақта қыз: «Келмеген соң мейізді өзім жеп қойдым», – дейді.
- Мысық ренжіп, Мақта қыздың қатығын төгіп тастайды.
- Мақта қыз ашуланып, мысықтың құйрығын жұлып алады.
- Мысық құйрығын қайтару үшін бірінен бірі сұрап, еңбек етіп жолға шығады.
Тізбекті тапсырмалар (кім не сұрады?)
Мысық → Сиыр
«Маған қатық берші.»
Сиыр: «Қарным аш. Әуелі жем тауып бер.»
Мысық → Ағаш
«Маған жапырақ берші.»
Ағаш: «Шөлдеп тұрмын. Су әкел.»
Мысық → Қыздар
«Маған су беріңдерші.»
Қыздар: «Сағыз әкелсең, су береміз.»
Мысық → Дүкенші
«Маған сағыз берші.»
Дүкенші: «Жұмыртқа әкел.»
Мысық → Тауық
«Маған жұмыртқа берші.»
Тауық: «Дән әкел.»
Мысық → Тышқан
Мысық ін қазып жатқан тышқанды кездестіреді.
Тышқан: «Үйімде бір уыс қана тары бар.»
Шешімі
Тышқан берген тарыны мысық тауыққа апарады. Тауық жұмыртқа береді. Жұмыртқаны дүкеншіге береді, дүкенші сағыз береді. Сағызды қыздарға береді, қыздар су береді. Суды ағашқа береді, ағаш жапырақ береді. Жапырақты сиырға береді, сиыр қатық береді. Қатықты Мақта қызға апарады, ал Мақта қыз мысыққа құйрығын қайтарады.
Қорытынды:
Мақта қыз бен мысық мақсаттарына жетіп, қайтадан тату дос болады.
Тапсырмалар: жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел
Жұмбақтар
Ұрлап ішіп, үйде сүтті қоймайды,
Өз құйрығын өзі қуып ойнайды.
Жауабы: Мысық
Ай далада ақ отау,
Аузы-мұрны жоқ отау.
Жауабы: Жұмыртқа
Қыста киімін тастайды,
Көктемде киіне бастайды.
Жауабы: Ағаш
Шайнап-шайнап күнімен,
Тауыса алмадым бұны мен.
Жауабы: Сағыз
Жаңылтпаш
Пеш үстінде бес мысық,
Пеш түбінде бес мысық.
Бес күзетші — бес пысық.
Мақал-мәтелдер
Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті.
Қорытынды және бекіту
Қайталау сұрақтары
Балалар, мен сендерге қандай ертегі оқып бердім?
«Мақта қыз бен мысық» ертегісі.
Бұл ертегіні кім жазған?
Ыбырай Алтынсарин.
Ойын: «Кейіпкерлер не дейді?»
Ойын шарты: тақтада ертегі кейіпкерлерінің суреттері ілінеді. Әр суреттің артында сұрақтар бар. Балалар сұрақтарға толық жауап береді.
- Мысық қатықты неге төкті?
- Мақта қыз мысықтың құйрығын неге жұлып алды?
- Ағаш мысықтан нені сұрады?
- Сиыр мысықтан нені сұрады?
- Қыздар мысықтан нені сұрады?
- Дүкенші мысықтан нені сұрады?
- Тауық мысықтан нені сұрады?
- Мысық тышқаннан нені сұрады?