Тұрлаусыз мүшелер. Дұрыс жауап

Қазақ тілі пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары (8-сынып)

Пән

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы

Тұрлаусыз мүшелер бойынша өткенді қайталау

Уақыты

Кіріспе, негізгі бөлімдер бойынша жоспарланған

Сабақтың мақсаты

Өтілген материал бойынша білімді бекіту, тұрлаусыз мүшелердің грамматикалық белгілерін меңгерту.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар өткен тақырыптарды пысықтайды, тұрлаусыз мүшелердің түрлерін ажыратып, сұрақтарын дұрыс қолданады.

Қолданылатын модульдер

  • 1) АКТ
  • 2) Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
  • 3) Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
  • 4) Оқытуды басқару және көшбасшылық
  • 5) Талантты және дарынды балаларды оқыту
  • 6) Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
  • 7) Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу

Стратегиялық іс-әрекеттер

Тест Мозайка Ойлан, Бірік, Бөліс Сұрақ-жауап Сергіту сәті Бағалау Кері байланыс

Ресурстар

Г. Т. Тұрсынова, А. А. Қасымбек, А. Н. Нұрғазы. «Қазақ тілі», Арман–ПВ, 2012.

Сабақтың барысы

I. Ынтымақтастық атмосферасын құру

5 минут

Мұғалімнің іс-әрекеті

  • Оқушылармен амандасады, түгелдейді, оқу құралдарын тексереді.
  • Сыныптың тазалығына назар аударады.
  • №1 дәптерді жинап, №2 дәптерді таратады.
  • Сабақтың бағалау критерийлерімен таныстырады.

Оқушының іс-әрекеті

  • Орындарынан тұрып сәлемдеседі, жағымды көңіл күй қалыптастырады.
  • Дәптерлерін алмастырып, сабаққа дайындалады.

II. Кіріспе бөлім

10 минут

Үй тапсырмасын пысықтау

Үй тапсырмасын бекіту мақсатында тест алынады. Оқушылар бір-бірінің жұмысын тексеріп, нәтижесін бағалайды.

Бағалау критерийі

  • 13–15 ұпай — «3»
  • 9–12 ұпай — «2»
  • 4–8 ұпай — «1»

Тест: «Тұрлаусыз мүшелер»

15 сұрақ

1) Тура толықтауыштың сұрағын белгілеңіз.

  • A) Кімнің? Ненің?
  • B) Кімді? Нені?
  • C) Кіммен? Немен?
  • D) Қандай? Қай?
  • E) Қанша? Неше?

Дұрыс жауап: B

2) Тура толықтауыштың сұрағын белгілеңіз.

  • A) Қандай?
  • B) Қанша?
  • C) Қалай?
  • D) Кімді?
  • E) Кіммен?

Дұрыс жауап: D

3) Анықтауыштың сұрағын белгілеңіз.

  • A) Қалай?
  • B) Нені?
  • C) Кімі?
  • D) Кімнен?
  • E) Қандай?

Дұрыс жауап: E

4) Мезгіл пысықтауыштың сұрағын белгілеңіз.

  • A) Қайда?
  • B) Қашан?
  • C) Не себепті?
  • D) Не үшін?
  • E) Не мақсатпен?

Дұрыс жауап: B

5) Мекен пысықтауыштың сұрағын белгілеңіз.

  • A) Қандай?
  • B) Қай?
  • C) Қайда?
  • D) Не үшін?
  • E) Қашан?

Дұрыс жауап: C

6) Толықтауыштың сұрақтарын көрсетіңіз.

  • A) Қай?
  • B) Кімге?
  • C) Кімнің?
  • D) Қандай?
  • E) Кім?

Дұрыс жауап: B

7) Сөйлемнің тұрлаусыз мүшесін көрсетіңіз.

  • A) Анықтауыш
  • B) Бастауыш
  • C) Баяндауыш
  • D) Етістік
  • E) Үстеу

Дұрыс жауап: A

8) «Кімнің?» сұрағына жауап беретін тұрлаусыз мүшені көрсетіңіз.

  • A) Анықтауыш
  • B) Толықтауыш
  • C) Пысықтауыш
  • D) Бастауыш
  • E) Баяндауыш

Дұрыс жауап: A

9) «Қашан?» сұрағына жауап беретін тұрлаусыз мүшені көрсетіңіз.

  • A) Бастауыш
  • B) Баяндауыш
  • C) Пысықтауыш
  • D) Анықтауыш
  • E) Толықтауыш

Дұрыс жауап: C

10) «Кіммен?» сұрағына жауап беретін тұрлаусыз мүшені көрсетіңіз.

  • A) Пысықтауыш
  • B) Бастауыш
  • C) Анықтауыш
  • D) Баяндауыш
  • E) Толықтауыш

Дұрыс жауап: E

11) Анықтауыштың сұрағын анықтаңыз.

  • A) Қандай?
  • B) Қалай?
  • C) Қашан?
  • D) Неге?
  • E) Немен?

Дұрыс жауап: A

12) «Неліктен?» сұрағына жауап беретін пысықтауыш түрін анықтаңыз.

  • A) Мақсат
  • B) Мезгіл
  • C) Мекен
  • D) Себеп-салдар
  • E) Күрделі

Дұрыс жауап: D

13) «Қашан?» сұрағына жауап беретін пысықтауыш түрін анықтаңыз.

  • A) Себеп
  • B) Мезгіл
  • C) Мақсат
  • D) Мекен
  • E) Дара

Дұрыс жауап: B

14) «Қайдан?» сұрағына жауап беретін пысықтауыш түрін анықтаңыз.

  • A) Дара
  • B) Күрделі
  • C) Мақсат
  • D) Мекен
  • E) Мезгіл

Дұрыс жауап: D

15) Тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің санын анықтаңыз.

  • A) 2
  • B) 5
  • C) 3
  • D) 6
  • E) 4

Дұрыс жауап: C

Оқушылардың әрекеті

  • Қайталап, еске түсіреді және жауаптарын негіздеп айтады.
  • Тесті орындайды, бір-бірін тексереді және өзара бағалайды.

III. Негізгі бөлім

10 минут

Зейінді шоғырландыру және топқа бөлу

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару мақсатында «Мозайка» әдісі арқылы топтарға бөлінеді:

  • 1-топ: Анықтауыш
  • 2-топ: Толықтауыш
  • 3-топ: Пысықтауыш

«Ойлан, Бірік, Бөліс» әдісі

Оқушылар мәліметтерді топтастырып, өзара талқылайды, таныс жүйеге ауыстырып, түрлендіріп ұсынады.

Негізгі назар: тұрлаусыз мүшелердің сұрақтары, қызметі және айырмашылықтары.