Қазақ тіліндегі сөз таптарын ата
Бұл іс-шара оқу мен ойын элементтерін ұштастыра отырып, оқушылардың қазақ тілі бойынша білімін бекітуге және тіл мәдениетін дамытуға бағытталған.
Мақсаты
- Оқушылардың сөздік қорын байыту, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету.
- Мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.
- Адалдық, мейірімділік, достық сияқты қасиеттерді қалыптастыру.
- Қазақ тіліне қызығушылықты арттыру, дүниетанымды кеңейту.
- Отанды сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
Іс-шара түрі
Ойын-сайыс
Әдісі
Ойын, сұрақ-жауап, көрнекілік
Жұмыс форматы
Топпен жұмыс
Көрнекіліктер
- Кеспелер
- Суреттер
- Ұлағатты сөздер жазылған плакаттар
«Өнер алды — қызыл тіл»
«Тіл — ұлттың жаны»
«Өнерлі өрге жүзер»
Қазақ тілі — сұлу, қонымды да толымды тіл.
Іс-шараның барысы
Жүргізушінің кіріспе сөзі
Адамның туғаннан кейінгі бүкіл өмірі тілмен тығыз байланысты. Нәресте сөйлей алмаса да, әжесінің ертегісін, анасының бесік жырын естіп өседі. Кейін ұстаздың әңгімесін тыңдайды, жүздеген кітап беті арқылы бұрын көрмеген, естімеген дүниені таниды.
Мұның бәрі — тіл арқылы жасалатын, тіл арқылы меңгерілетін құндылық. Қазақ тілі — бай да көркем тілдердің бірі. Мемлекеттік тілді меңгеру — Қазақстан Республикасының әр азаматының азаматтық парызы.
Бүгін біз қазақ тілі бойынша білімімізді көрсетіп, сайысқа түсеміз.
Сайыс кезеңдері
- I «Сәлем — сөздің басы»
- II Мәнерлеп оқу сайысы
- III «Тапқыр болсаң — тауып көр»
- IV «Сиқырлы сөз» (метаграмма)
- V «Дана сөз»
I кезең: «Сәлем — сөздің басы»
Әр топ өз атауын, топ басшысын және топ мүшелерін таныстырады. Тобын мазмұнды әрі әсерлі таныстырған топқа 2 жұлдызша беріледі.
II кезең: Мәнерлеп оқу сайысы
Әр топтан бір оқушы өзі білетін өлең шумақтарын жатқа, мәнерлеп оқиды.
Ана тілің — арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
Барлық жандар бір тілекке қосқан үн,
Бақытты боп бастады жыл дастанын.
Қуанышпен келді той боп Наурызым,
Құтты болсын жаңа бақыт, достарым!
Ақыл-ойын дананың
Ана тілден аламын.
Ана тілім ардақты,
Ақ сүтіндей анамның.
Өсірген ой-білімді,
Сүйем туған тілімді.
Мақсат етем әр сөздің
Мәнін терең білуді.
III кезең: «Тапқыр болсаң — тауып көр»
Бұл кезеңде сұрақтарға жауап беріледі. Әр дұрыс жауап 1 жұлдызшамен бағаланады. Қай топ бірінші болып көк жалауды көтерсе, сол топтың оқушысы жауап береді.
Сұрақтар
- Қазақ тілінің әліпбиі неше әріптен тұрады? (42 әріп)
- Қазақ тілінде қандай жалғаулар бар? (көптік, тәуелдік, жіктік, септік)
- Қазақ тілінде буынның неше түрі бар? (үш: ашық, бітеу, тұйық)
- Мемлекеттік рәміздерге нелер жатады? (Әнұран, Ту, Елтаңба)
- Қазақстан қандай мемлекет? (Тәуелсіз мемлекет)
- Қазақ тіліне тән дыбыстар нешеу? (тоғыз)
- Әнұранның авторлары кім? (Н. Ә. Назарбаев, Ж. Нәжімеденов, Ш. Қалдаяқов)
- Елтаңбада нелер бейнеленген? (шаңырақ, уық, пырақтар, жұлдыз, «Қазақстан» деген жазу)
- Мемлекеттік мерекелерді ата.
- Қазақ тіліндегі сөз таптарын ата.
IV кезең: «Сиқырлы сөз» (метаграмма)
Бұл кезеңде жұмбақ-метаграммалар шешіледі. Қай топ дұрыс жауап берсе, 2 жұлдызша алады.
Бастағым — тәтті шырын де,
Екіншім — қатқан суым де.
Үшінші — белгі, таңба де.
Үшеуін қосып оқысаң,
Осыдан тәтті бар ма де.
Жауабы: бал — мұз — дақ
Ж-дан бастап оқысаң,
Күнде алдыңнан кезігем.
Ж орнына Қ қойсаң,
Бір мүшемін өзіңе.
Жауабы: жол — қол
Екі жағым Н болса,
Қасиетті тамағыңмын.
Екі жағым А болса,
Ең қадірлі адамыңмын.
Жауабы: нан — ана
Егер Т-дан бастасаң,
Бар тағамға дәм берем.
Егер Қ-дан басталсам,
Шыңыраумын ең терең.
Жауабы: тұз — құз