Сөйлеуді дамыту

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

«Менің көңілді добым» (сипаттау)

Білім беру салалары: Коммуникация, әлеуметтік орта
Бөлімдер: Сөйлеуді дамыту, қоршаған орта

Мақсаты

  • Ойыншық туралы әңгіме құрастыру дағдысын жетілдіру.
  • Доп туралы мәлімет бере отырып, оның түсін, пішінін және қандай материалдан жасалғанын анықтауға үйрету.
  • Сөздік қорын және саусақ моторикасын дамыту.
  • Ойыншықтарды күтіп, ұқыпты әрі таза ұстауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер

Көрсету Түсіндіру Сұрақ-жауап Ғажайып сәт Тәжірибе Ойын

Көрнекіліктер

  • Түрлі ойыншықтар мен доптар
  • Тақырыптық слайдтар, суреттер
  • Үлестірмелі материалдар

Сөздік жұмыс

Негізгі сөздер

Доп, домалақ, көңілді

Билингвальды компонент

Доп
мяч
Домалақ
круглый
Көңілді
веселый

Мотивациялық-қозғаушы кезең

Тәрбиеші балалардың назарын өзіне аударып, оларды «шаттық шеңберіне» шақырады.

Шаттық шеңбері

Қуанамын мен де, Қуанасың сен де, Қуанайық, достарым, Арайлап атқан күнге.

Жыл мезгілі, ай және апта күндері туралы қысқаша әңгімелесу жүргізіледі.

Көктем туралы

Бүршік жарып ағаштар, Құстар ұя салады. Сылдыраған бұлақтар Ағып бара жатады.

Сұрақтар

  • Балалар, сендер балабақшаға келгенде немен ойнайсыңдар?
  • Біздің топта қандай ойыншықтар бар?

Таңғажайып сәт

Есік қағылып, Сәуле атты қуыршақ келеді.

Қуыршақтың өтініші

«Балалар, көктем мезгілі келді. Мен достарыммен бірге ойнағым келеді, бірақ добым жоқ. Маған дос жасап беруге көмектесесіңдер ме?»

Тәрбиеші: «Олай болса, Сәуле, бүгінгі ашық оқу қызметімізге қатыс».

Тақырып

«Менің көңілді добым»

Іздену-ұйымдастырушы кезең

Слайдтар арқылы балаларды қатыстыра отырып, жаңа тақырып түсіндіріледі. Резеңкеден және пластмассадан жасалған доптар туралы әңгіме жүргізіліп, олардың пішіні мен түсі салыстырылады.

Бақылау

  • Доптың түсін атау
  • Пішінін анықтау (домалақ)
  • Материалын айту (резеңке, пластмасса)

Демонстрациялық материал №29

  • «Қараңдаршы, балалар, мынау не?»
  • «Доп қандай?»
  • «Пішіні қандай?»

Тәжірибе: доп суда бата ма?

Үлкен табақшаға су құйылып, оған әртүрлі доптар салынады. Тәрбиеші балаларға доптың жеңіл екенін және судың бетінде қалқып тұратынын байқатады.

Өлең жаттау (Ш. Смаханұлы)

Добым менің, добым менің, Өзің неткен көңілді едің. Зымырайсың, құтыңдайсың, Бірақ менен құтылмайсың.

Билингвальды қайталау

Доп — мяч, домалақ — круглый, көңілді — веселый.

Сергіту сәті

Добым, добым домала, Балшыққа сен жолама. Бүлдіресің қолымды, Жек көремін оны да.

Практикалық жұмыс

Қағазды умаждау әдісі арқылы балалар өз «доптарын» жасайды. Жұмыс барысында ұқыптылық пен тазалық ережелері еске салынады.

Қорытынды және рефлексия

«Ғажайып қоржын» ойыны

  1. Балалар қоржыннан доп алып, оны сипаттайды.
  2. Қуыршақ балаларға алғыс айтып, қоштасады.
  3. Сұрақтар: «Біз бүгін немен таныстық?», «Доп қандай болады?»

Мадақтау

Белсенді қатысқан балалар мадақталады. Оқу қызметі аяқталады.