Ұстаздан шәкірт озар

Сабақтың тақырыбы

Әбу Насыр әл-Фараби туралы аңыздар. «Сағыныш сазы»

Білімдік мақсат

Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірімен таныстыру, ол туралы қосымша мағлұмат беру.

Дамытушылық мақсат

Оқушылардың тіл байлығын, байланыстырып сөйлеу қабілетін дамыту.

Тәрбиелік мақсат

Халыққа қызмет етуге, еңбекқор әрі адал болуға баулу.

Сабақтың құрылымы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың назарын сабаққа аудару, жұмысқа бағыттау.

II. Жаңа сабақ

Әбу Насыр әл-Фараби 870 жылы Отырар қаласында дүниеге келген. Ертеде арабтар Отырарды «Фараб» деп атаған. Осыдан барып ол әл-Фараби атанып кеткен.

Ол Отырарда алғаш рет қыпшақ тілінде білім алған. Кейін парсы, араб, түркі тілдерін меңгерген, сондай-ақ грек және латын тілдерін де білген.

Әлем ғалымдары оның ғұламалығын ерекше бағалап, Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» деп атаған.

Сабақтың әдіс-тәсілдері

  • Әңгімелеу
  • Баяндау
  • Сұрақ-жауап

Көрнекіліктер

  • Әл-Фарабидің портреті
  • Нақыл сөздер

Мәтінмен жұмыс

  • «Өнерлі жігіт» және «Сағыныш сазы» мәтіндерін түсініп оқу.
  • Мазмұны мен идеясын ашу.
  • Сөздік жұмысын жүргізу.
  • Оқушыларға тізбектей оқыту.

Негізгі сұрақтар

  • Әбу Насыр әл-Фараби қайда туып-өскен?
  • Отырарды арабтар қалай атаған?
  • Мәтін мазмұнына сай қандай мақал-мәтелдер айтуға болады?

Мақал-мәтелдер

Өнерлі жігіт өрге озар, өнерсіз жігіт жер соғар.

Ұстаздан шәкірт озар.

Білімдінің алды — жарық, білімсіздің түбі — ғарып.

Ой түбі — алтын, ойлай берсең — аларсың.

III. Сабақты бекіту

Төмендегі мақал-мәтелдерді пайдаланып, өзің тақырып таңдап, шағын шығарма жаз.

Ақылдан артық байлық жоқ.

Ақыл базарда сатылмайды.

Байлықтың кілті — ғылым.

IV. Үй тапсырмасы

  • Мәтіндерді түсініп оқып келу.
  • Әл-Фараби туралы қосымша әңгімелер тауып оқу, қосымша мәлімет жинау.