Оқушы міндеттері мен тапсырмалары
Оқушының міндеттері мен тапсырмалары
Бұл сұрақтар мен тапсырмалар өзіңді тануға, тәртібіңді реттеуге, оқу мен қоғамдық өмірге жауапкершілікпен қарауға көмектеседі. Әр тармаққа шынайы жауап беріп, күнделікті дағдыңа айналдыруға тырыс.
Өзіңді бағалау сұрақтары
- Оқуың туралы не айта аласың?
- Тәртібің туралы ойланасың ба?
- Тазалық сақтайсың ба?
- Сабақты ынтамен тыңдайсың ба?
- Үйірмеге қатысасың ба? Қатыссаң, не үйреніп жүрсің?
- Қоғамдық жұмысқа қатысуың қалай?
- Әдеби кітап оқисың ба?
- Газет-журналға жазылдың ба? Жазылсаң, тиянақтап оқисың ба?
- Қоғамдық жұмысқа қажетті шаруашылық құралдарын үзбей әкеліп жүрсің бе?
- Ой-өрісіңді дамыту үшін шахмат үйренесің бе?
- Мықты, шымыр, сергек болу үшін спортпен шұғылдан. Ерте тұруды және жүгіруді әдетке айналдыр.
- Сынып бөлмесіндегі өзіңе тиесілі гүлді уақытында күт.
- Кітабыңды, дәптеріңді қаптап, күтіп ұстап жүрсің бе?
- Кезекшілік міндетіңді атқаратын кезде сүрткіңді тігіп, дайындап жүр.
- Сабақтан себепсіз қаласың ба?
- Нағыз жігіт, нағыз қазақ қызы болуды алдыңа мақсат ет.
- Жіберген қателігің мен кемшілігіңді түзетуге тырыс.
- Қандай мамандық иесі болғың келеді? Бүгіннен бастап мақсатыңа жету үшін дайындал.
- Достықты қалай бағалайсың?
- «Ауылыңның жастарын көрсет, еліңнің болашағын айтып берейін», — дейді дана қариялар. Ендеше ата-анаңды, ата-бабаңды, өсіп-өнген атамекеніңді қастерлеп, құрметтеуге тиіссің. Табиғат сырын терең ұғынып, өзіңнің болашақты жалғастырар ұрпақ екеніңді сезін. Ел дамуындағы ортақ мақсаттарға, соның ішінде Қазақстанның ұзақмерзімді бағыттарына үлес қос. Ол үшін жақсы оқы.
Сенім мен жауапкершілік
Мен саған сенемін. Осы дәптердегі міндеттер мен тапсырмаларды орындай аласың. Оқу үздігі болуға да, үй ішіндегі жұмыстарға көмектесуге де, бәріне де үлгеруге қабілетің жетеді.
Ол үшін өзіңе — тек қана өзіңе — сен. Бәрі де өзіңе байланысты.
- Әкеңнің сүйеніші бол.
- Анаңның қуанышы бол.
- Халқың қадірлейтін мәртебелі азамат бол.
Сенім білдіріп, өзіңнен үлкен үміт күтетін сынып жетекшің:
РҮСТЕМОВА ГҮЛМИРА