Шығармадағы балуан Шолақ бейнесі

Астана қаласы, С. Мәуленов атындағы №37 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі — Джусупова Жайна Жанатқызы.

Қазақ әдебиеті · 7-сынып

Сабақ жоспары

Тақырып

Сәбит Мұқанов, «Балуан Шолақ» (Каронмен күрес) повесі: тақырыбы мен идеясы

Негізгі бағыт

Кейіпкер бейнесін ашу, тарихи тұлғаның орнын таныту, автордың көркемдік шеберлігін түсіндіру

Формат

Мәтінмен жұмыс, сұрақ-жауап, блиц-турнир, салыстыру (Венн диаграммасы), шығармашылық тапсырма

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

  • Шығармадағы Балуан Шолақ бейнесін таныту.
  • Тарихтағы орнын және шығарманың көркемдік ерекшелігін түсіндіру.
  • Автордың бейнелеу шеберлігін мәтін арқылы дәлелдету.

Тәрбиелік

  • Оқушылар бойына ізгі қасиеттерді сіңіру.
  • Елдік рух пен намыс ұғымын көркем мәтін арқылы ұғындыру.

Дамытушылық

  • Дербес жұмыс істеуге, ойды еркін жеткізуге үйрету.
  • Шығармашылық жұмысқа баулу; зерттеу мен ізденіске жетелеу.
  • Әңгімелеу және мазмұндау дағдыларын дамыту.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу.
  • Оқушылардың қатысуын тексеру.
  • Сабаққа назар аударту, жұмыс ырғағын қалыптастыру.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Оқушылар «Балуан Шолақ» повесінен үзіндіні оқиды. Сұрақтар арқылы мәтінді қаншалықты меңгергені анықталады.

Талдау сұрақтары

  1. Балуан Шолақтың атағы қандай оқиғадан кейін ел ішіне жайылды?
  2. «Сегіз қырлы жігіт» ұғымын қалай түсінесіңдер?
  3. Балуан Шолақ қандай сыбыс естиді?
  4. Ол қандай шешімге келеді?
  5. Балуан Шолақ достарымен қайда барады?
  6. Балуан Шолақ пен оның достары Қара масканы қай жерде кездестіреді?
  7. Французша күрестің ерекшелігі қандай?
  8. Қара маска мен Балуан Шолақ қалай күреседі? Үзіндімен дәлелдеңдер.
  9. Күрес қалай аяқталады?
  10. Балуан Шолақ жұртқа өзінің күш иесі екенін қалай дәлелдейді?

Жаңа сабақ: тақырып пен идея

Шығарманың тақырыбы

Балуан Шолақтың ерлігі.

Шығарманың идеясы

Балуан Шолақтай алып тұлғаны болашақ ұрпаққа үлгі ету; оқырман санасында оның тұтас образын қалыптастырып, тарихи-көркем бейнесін таныту.

Мәтінмен жұмыс: дәлелді оқу

Балуан Шолақ бейнесін тереңірек ашу үшін оқушыларға шығарма ішінен төмендегі бағыттар бойынша үзінділер таптырылып, дауыстап оқытылады:

  • 1) Балуан Шолақ пен Каронның күресі

    Күрес сипаты, тактика, тартыс динамикасы

  • 2) Кейіпкер бейнесі

    Мінез, қайрат, рух, адамдық болмыс

  • 3) Ерлік көрінісі

    Ел намысы, батыл шешім, халық ықыласы

Бекіту: блиц-турнир

Оқушылар қысқа әрі нақты жауап беретін блиц-турнир тапсырмалары:

Сұрақтар (толықтыру форматы)

  • Балуан Шолақтың шын аты — …
  • Балуан Шолақ жеңген палуан — …
  • Балуан Шолақ туралы шығарманың авторы — …
  • Қара маска дегеніміз — …
  • Балуан Шолақ өнерін … қаласында көрсетеді.

Қосымша сұрақтар

  • Балуан Шолақ Көкшетау қаласына … рет келеді.
  • Балуан Шолаққа … күресі ұнамайды.
  • Қара маскамен күрес үшін залогқа … сом тігіледі.
  • «Әдемі, кескінді, ақшыл сары өңді жігіт» — …
  • Карон — … халқының балуаны.

Қорытынды: салыстыру арқылы ой түю

Тарихта есімі қалған қос тұлға — Қажымұқан мен Балуан Шолақ. Оқушылар олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын өздігінен анықтап, Венн диаграммасы арқылы көрсетеді.

Балуан Шолақ

Кейіпкердің мінез-құлқы, ерлігі, өнері мен күрес мәдениеті негізінде дара белгілерін анықтау.

Ұқсастықтары

  1. Екеуі де тарихта есімі қалған тұлғалар.
  2. Екеуі де әдеби шығарманың негізгі кейіпкеріне айналған.
  3. Қазақ халқының есімін әлемге танытқан.
  4. Екеуі де цирк сахнасында өнер көрсеткен.

Қажымұқан

Тарихи дерек пен танымдық мәліметтер негізінде ерекшелігін, өмір жолын және күрес өнеріндегі орнын салыстыра сипаттау.

Үй тапсырмасы және бағалау

Үй тапсырмасы

«Алып анадан туады» тақырыбында шығарма жазу.

Ұсыныс: мәтінде кейіпкер ерлігі, адамдық қасиет, тарихи тұлғаға құрмет, бүгінгі күнмен байланыс сияқты тірек ойларды қамтыңдар.

Бағалау

  • Үзінділерді табу және мәнерлеп оқу сапасы.
  • Сұрақтарға жауаптың дәлдігі мен дәйектілігі.
  • Салыстыру жұмысының (Венн диаграммасы) мазмұны.
  • Белсенділік және сыныппен жұмыс мәдениеті.