Мақсат бағыныңқы сабақтас - құрмалас сөйлем

Сабақ туралы мәлімет

Пән
Қазақ тілі (8-сынып)
Мұғалім
Ж. Қ. Сарбиева
Сабақ тақырыбы
Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем

Мақсат

Оқушылар мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарын меңгереді, оны басқа мағыналық түрлерінен ажыратады және теориялық білімін тәжірибеде қолданады.

Сілтеме (ресурстар)

  • Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

  • Қазақ тілін оқыту әдістемесі

  • Қазақ тілі оқулығы

Оқу нәтижесі

  • Әр оқушының өзіндік ой-қиялына ерік беріледі.

  • Оқушылар шығармашылықпен жұмыс істейді.

  • Теориялық білімдерін іс жүзінде қолданады.

Қолданылатын материалдар

Интерактивті тақта Плакаттар Түрлі түсті қаламдар Стикерлер

Оқыту әдістері

«Планета және оның серіктестері»

Саралау және сұрыптау жұмысы

«Жасырын сөйлемдер»

Сөйлем түрлерін анықтау

«Төрт сөйлем әдісі»

Мәтінді жинақтап жазу

«Сұрақты ұстап ал»

Жұмбақтар арқылы ой қозғау

«Бос орындық»

Пікірталас және дәлелдеу

АКТ және сыни ойлау

Цифрлық құралдармен жұмыс

Сабақ барысы

1) Психологиялық ахуал

Қысқа уақыт

Мұғалім: «Балалар, бүгінгі күніміз сәтті өтуі үшін бір-бірімізге сәттілік тілейік».

2) Зейінді шоғырландыру

3 минут

Логикалық сұрақ 1

Торда 12 құс отыр. Оның 11-інен басқасы ұшып кетті. Торда неше құс қалды?

Жауабы: 12. Себебі тордан құс ұша алмайды.

Логикалық сұрақ 2

Бір күні әкесі баласына бір кітап беріп: «Мына кітапты оқысаң, саған 2000 теңге беремін», — дейді. Бір аптадан кейін баласы: «Әке, кітапты оқып бітірдім. Маған 2000 теңге бересіз бе?» — деп келеді. Сонда әкесі: «Сен кітапты оқыған жоқсың», — дейді. Әкесі баласының кітап оқымағанын қайдан білді?

Жауабы: 2000 теңге кітаптың ішінде болған.

3) Үй тапсырмасын тексеру

6 минут

«Планета және оның серіктестері»

Мақсат бағыныңқы сабақтасқа жатпайтын «планеталарды» анықтап, алып тастау.

«Пішінге жасырылған сөйлемдер»

Сөйлемдерді тауып, түрін анықтау:

  • сабақтас құрмалас сөйлем
  • салалас құрмалас сөйлем
  • бірыңғай мүшелі сөйлем
  • оқшау сөзді сөйлем
  • себеп бағыныңқы сөйлем

4) Жаңа сабақ

25 минут

1-қадам: Мәтінді оқу

4 минут

Оқушылар мәтінді оқып, негізгі ойды анықтайды.

2-қадам: «Төрт сөйлем» әдісі

4 минут

Мәтін мазмұнын «төрт сөйлеммен» жинақтап, постерге жазады.

3-қадам: 145-жаттығу (жұптық жұмыс)

Талдау — 2 минут, айту — 2 минут

Жаттығуды жұптасып орындап, жауаптарын дәлелдеп айтады.

4-қадам: PISA тапсырмалары

6 минут

Бір адам қызын еңбекқор адамға берем деп, құда түскен байдың балаларына бермепті. Бір күні башмақ тігіп, сатып күн көретін жас жігіт сөз салған соң, қызын соған беріпті. Бірақ ол башмақшы тапқанын араққа жұмсап, көңіл көтеретін сорлы екен.

Сұрақ 1

Мәтіндегі негізгі кейіпкер кім?

  • A. Башмақшы
  • Ә. Қызы
  • Б. Әкесі

Сұрақ 2

Мәтіндегі негізгі ойға қатысы жоқ мақалды анықта.

  • A. Аңдамаған ауырмай өледі
  • Ә. Он рет өлшеп, бір рет кес
  • Б. Тозбас жасау болмас, бас білмес асау болмас
  • С. Адамды түсіне қарап таныма, ісіне қарап таны

Сұрақ 3

Арақтың адам өміріне зияны туралы ойыңды қысқаша жаз.

Жауап жазуға арналған орын…

5-қадам: «Сұрақты ұстап ал» (жұмбақтар)

3 минут
  1. Бірін-бірі қараймын деп, бірі жатса, бірі тұрады.
  2. Жерде туып, көкте өлер.
  3. Аяғымен шығып, арқанмен түседі.

Оқушылар дәптерге жазып, талдайды.

5) Бекіту

«Бос орындық»

Мұғалім түрлі сұрақтар қояды. Оқушылар пікір білдіреді: келіседі немесе келіспейді, өз ойларын дәлелдейді.

Негізгі ұғым

Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем — бағыныңқы бөлігі басыңқыдағы істің мақсатын білдіретін сөйлем түрі.