Қосымшалы сөздерді сөз құрамына талдау
Сабақ: «Түбір мен қосымшаның жазылуы» (3-сынып)
Сабақ туралы
- Сабақтың түрі
- Аралас сабақ
- Әдіс-тәсілдер
- Түсіндіру, сұрақ-жауап
- Пәнаралық байланыс
- Дүниетану
Мақсаттар
-
1) Білімдік
Түбір мен қосымшаның жазылу жолдарын түсіндіру. Қосымша жалғанғанда түбір сөздің көп жағдайда өзгермейтінін меңгерту. Түбірдің соңғы буыны жуан не жіңішке болуына қарай қосымшаның да үндесіп жалғанатынын түсіндіру.
-
2) Дамытушылық
Ойланту арқылы тілін, сөздік қорын, шығармашылық қиялын, есте сақтау қабілетін дамыту.
-
3) Тәрбиелік
Ұқыптылыққа, таза әрі әдемі жазуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
Суреттер, сызбалар, үлестірмелер.
Сабақтың құрылымы
I. Ұйымдастыру бөлімі
- Сыныптың дайындығын тексеру, оқушыларды түгендеу.
- Психологиялық дайындық.
II. Үй тапсырмасын сұрау
Алдыңғы тапсырмаларды тексеру және қысқаша кері байланыс беру.
III. Өтілген тақырыпты бекіту
Жұмбақ:
Қыста киімін тастайды,
Көктемде киіне бастайды.
Ол не? — Терек.
Дүниетану сабағымен байланыстыра отырып, өсімдіктің өсуі туралы білімді еске түсіреміз. Теректің өсу-құрылысын үлгі етіп алып, тіл біліміндегі негізгі ұғымдарды қайталаймыз.
- Негізгі тамыр — түбір сөз.
- Қосымша тамырлар — қосымша (жұрнақ, жалғау).
- Дің — туынды сөз.
- Бұтақтар — түбірлес сөздер.
- Жапырақ, бүршік — түбірлес сөздерден тарайтын жаңа сөздер.
Теректің сызбасын пайдаланып, «түбір–қосымша–туынды–түбірлес» байланысын көзбен көріп, ұғымдарды жүйелейміз.
Жаңа сабақ: Блум таксономиясы бойынша
1) Білім
Түбір мен қосымшаның жазылуы.
2) Түсіну
Ережелерді жаттау, қайталау. Сөздік жұмысы.
3) Қолдану
Сөздерді сөз құрамына талдау. Жаттығулар орындау.
4) Талдау
Ережені қорытындылау, өз ойын дәлелдеу.
5) Жинақтау
Шығармашылық жұмыстар орындау.
6) Бағалау
Жолдасының еңбегін бағалай білу.
7) Коррекция
Түзету жұмыстарын жүргізу.
Жаңа материалды меңгерту
Мысалдар (сөз құрамы)
- жыр + -шы, жыр + -лар, жыр + -ды
- талап + -ты, талап + -кер, талап + -пен
- сүт + -тей, сүт + -ке, сүт + -тен
Негізгі ережелер
Ереже 1
Қосымша жалғанғанда түбір сөз көп жағдайда өзгермейді.
Ереже 2
Түбір сөздің соңғы буыны жуан болса, қосымша да жуан; соңғы буыны жіңішке болса, қосымша да жіңішке болып үндеседі.
Дәптермен жұмыс
- 49-жаттығу: сөйлемдерді түсініп оқу. Қарамен жазылған сөздерге қосымша жалғап жазу. Қосымшаның жуан/жіңішке екенін анықтау.
- Тірек сөздер: сұңқар, пингвин, бүркіт, қарлығаш.
- 50-жаттығу: көп нүктенің орнына -лар, -лер, -тар, -тер, -дар, -дер жалғауларының тиістісін қойып жазу. Қосымшалы сөздерді сөз құрамына талдау.
- Жуан жалғаулардың астын бір рет, жіңішке жалғаулардың астын екі рет сызу.
Ой-толғаныс
а) Сөйлем құрау
Оқу, жұмыс, ой, бала сөздеріне жалғаулар жалғап, сөйлем құрап жазу.
ә) Шығармашылық диктант
Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды қойып жазыңдар, кейін жазылған сөздерді сөз құрамына талдаңдар.
Көктем... қар ериді. Күн жылына бастайды... Жылы жақтан құс... келіп жатыр. Сайлар... су ағады. Дихан жер жыртады, егін сала... Оқушылар мектеп ауласы... ағаш отырғызады. Адамдар ауыл маңын тазалау... кіріседі.
Сабақты қорытындылау және бағалау
Рефлексия сұрақтары (Блум бойынша)
- Білім: бүгін қандай білім алдың?
- Түсіну: берілген білімді түсіндің бе? Немен дәлелдейсің?
- Қолдану: алған біліміңді қай жерде қолданар едің?
- Талдау: қабылдаған біліміңді саралап, маңызын дәлелде.
- Жинақтау: біліміңді жинақта (шағын шығармашылық жұмыс).
- Бағалау: кімнің жұмысына баға бересің? Неліктен?
- Коррекция: нені білмедің немесе жете түсінбедің? Қай тұсын түзетесің?
Үй тапсырмасы
51-жаттығу. Ережені жаттау.
Бағалау
Өзін-өзі бағалау парақшасын толтыру арқылы жүргізіледі.