Оқушыларға электр заряды ұғымын қалыптастыру
Физика (8-сынып): электр құбылыстары
Бұл сабақта денелердің электрленуі, электр заряды, электр зарядының сақталу заңы, электроскоп, сондай-ақ диэлектриктер мен өткізгіштер туралы негізгі ұғымдар қарастырылады.
Тақырыптар
- Денелердің электрленуі
- Электр заряды
- Электр зарядының сақталу заңы
- Электроскоп
- Диэлектриктер және өткізгіштер
Мақсаты
БжС технологиясын қолдана отырып, электр құбылыстары тақырыбын меңгерту және білімді бағалауда уақытты тиімді ұйымдастыру.
Сабақтың түрі және әдістері
- Сабақ түрі: жаңа сабақ
- Әдістер: түсіндіру, баяндау, БжС
- Технологиялық карта: «Ауызша сабақ – 2»
Міндеттері
Білімділік
- Электр заряды ұғымын қалыптастыру.
- Электр зарядының бір денеден екінші денеге берілуі туралы түсінік беру.
Дамытушылық
- Ойлауын дамыту, есте сақтау қабілетін жетілдіру.
- Сөздік қорын молайту, ой қорытып, нақты шешім қабылдауға үйрету.
- Ғылыми қорытынды жасауға жетелеу.
Тәрбиелік
- Күнделікті тұрмыспен байланыстыру және еңбекпен ұштастыру.
- Тиянақтылыққа, жауапкершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
- Пәнге қызығушылықты арттыру.
Көрнекілігі және құрал-жабдықтар
- Электрондық оқулық
- Презентация
Сабақтың құрылымы
Ұйымдастыру және бағалау
- Ұйымдастыру кезеңі.
- Үй тапсырмасы тексерілмейді, себебі сабақ жаңа тақырыпқа арналған.
- ООМ бойынша бағалау тәртібі түсіндіріледі.
Оқу әрекеттері
- Жаңа тақырыпты түсіндіру.
- Есеп шығару.
- Қарама-қарсы сұрақтар қою арқылы бекіту.
- Сөздік қорды толықтыру.
- Қорытынды бағалау («Ауызша сабақ – 2» картасы).
Жаңа тақырыптың мазмұны
«Электр» сөзінің шығу тегі
«Янтарь» сөзі грек тілінде «электрон» деп аталады. Осы сөзден «электр», «электрлену» ұғымдары қалыптасқан. Электрлену нәтижесінде пайда болатын күштер электр күштері деп аталады.
Денелердің электрленуі
Өзара жанасқан кейбір денелер бір-біріне тартылады. Бұл құбылыс денелердің электрленетінін көрсетеді: олардың арасында тартылыс күші пайда болады. Электрлену кезінде әртүрлі заттардан жасалған денелердің электрлік өзара әрекеттесу қабілеті байқалады.
Анықтама: Денелердің өзара электрлік әрекеттесу қабілетіне ие болуы электрлену деп аталады.
Электр заряды
Денелердің электрлік өзара әрекеттесу қабілетін сипаттайтын физикалық шама электр заряды деп аталады. Заряд бір денеден екінші денеге берілуі мүмкін, бірақ ол жоқтан пайда болмайды және жоғалып кетпейді.
Электр зарядының сақталу заңы
Зарядтар жоқтан пайда болмайды және ешқайда жоғалып кетпейді. Тұйықталған жүйеде электрленудің барлық құбылыстарында электр зарядтарының алгебралық қосындысы тұрақты болып қалады.
q1 + q2 + … + qn = const
Электроскоп
Электрленуді байқауға арналған ең ыңғайлы аспап — электроскоп. Ол денеде зарядтың бар-жоғын анықтауға көмектеседі.
Өткізгіштер және диэлектриктер
Заттар электр тогын өткізу қасиетіне қарай өткізгіштер және диэлектриктер болып бөлінеді. Диэлектриктерді көбіне оқшаулағыштар (изоляторлар) деп те атайды.
Өткізгіштерге мысалдар
- адам және жануар денесі
- ылғал жер
- металдар
- тұздар (ерітінділер)
Диэлектриктерге мысалдар
- пластмасса
- фарфор
- шыны
- эбонит
- плексиглас
- ауа және газдар
Автор туралы
Семей қаласы, №47 орта мектеп. Физика пәні мұғалімі — Әбішева Жанар Ақылтайқызы.